Коммерциялық банктердегі несие саясаты және дағдарысқа бейімделуі: Қазақстан тәжірибесі (АҚ БТА банкінің мысалы)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Экономика және бизнес факультеті»

Қаржы мамандығы 4 курс студенті Қазиев Кеңестің

«Коммерциялық банктердегі несие саясаты және дамуы» тақырыбына жазылған диплом жұмысына

Сын-пікір

Студенттің таңдап алған тақырыбы бүгінгі таңда өзекті тақырып табылады.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы ең бір дамыған саласы болып банк секторы саналады. Қазіргі кезеңде экономикамыздың өсіп дамуында банк жүйесінің маңызы зор. Ал коммерциялык банк табысының 3/1 бөлігіне дейінгі үлесін несиелеу операциялары алып келеді. Сондықтан да жекелеген банктердің несие саясатын қарастыру, оның құрылымын талдау мен нарық жағдайына бейімделу икемділігін талдау өте маңызды.

Өткен жылғы АҚШ-тың ипотекалық нарығында басталған дағдарыс Қазақстанның банк секторына, сонымен бірге жалпы экономикамызға өз әсерін тигізбей қоймады.

Қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі - банк секторындағы 2007-ші жылдың тамызында басталған дағдарыс әсерін талдау, одан шығу жолдарын іздеу, банктердің активтерінің сапасын және өтімдлігін қалпына келтіру мүмкіндіктерін талдау болып отыр. Банктердің несие саясатының дағдарысқа бейімделуін талдау, біздің талдау пәніміз болып табылады.

АҚШ-тағы дағдарыстың Қазақстанға әсер етуінің басты себебі, банктердің сыртқы қаржыландыруға, яғни сыртқы қарыздарға айтарлықтай дәрежеде тәуекелділігі болып табылады. Осындай қиын шақтарда әрбір коомерциялық банктің несие саясатының маңызы арта түседі.

Аталған мақсатқа жету келесідей міндеттерді орындауды талап етеді:

• Коммерциялық банктің несие саясатының құрылымы мен мағынасын нақтылау, ашып көрсету;

• Жекелеген банктің несие саясатын қарастыру;

• Коммерциялық банктің несие саясатының концептуалдық моделін негіздеу;

• Жалпы банк секторының дүниежүзілік нарықпен байланысын анықтау;

• Қазақстан нарығының жалпы дүниежүзілік нарықтың бір бөлігі екендігін айқындау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - коммерциялық банктер, оның ішінде АҚ «БТА» банк - болып табылады.

Жалпы диплом жұмысы қойылған талаптарға сай жазылған. Кемшіліктері: техникалық, граматикалық қателіктерге жол берілген.

Диплом жұмысы оң бағамен Мемлекеттік Аттестациялық Коммисия алдына қорғауға жіберілді.

Сын-пікір беруші:

АҚ «Нурбанк» Жетекші маманы Макишев Ж. Б.


Ұқсас жұмыстар
Несие және оның түрлері: теориясы, классификациясы және практикалық есептер
Қазақстан - ақ бесігі қазақтың мерекелік концерті: тәуелсіздік тарихы мен патриоттық тәрбие бағдарламасы
Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты: Қазақстандағы тарихы, нәтижелері және тарихи маңызы
7 сынып Қазақстан тарихы сабақ жоспары: Ақ Орда (XIII-XV ғ.)
Құстар: түрлері, бейімделуі және табиғатты қорғау
Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты және қазақ қоғамындағы өзгерістер
Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихын пайдалану: Қызылқоға ауданының тәжірибесі
Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі: реңдер, мимикрия және физиологиялық бейімділіктер
Тәуелсіз Қазақстандағы жастар саясаты: білім, жұмыспен қамту және денсаулық мәселелері (2012-2020)
Біржасушалы жәндіктердің құрылымы, тіршілігі және мекен ортасына бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz