Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мысықтың емдік қасиеті


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Орындаған: 10 «А» сынып оқушысы Мусабай Гулайым

Тақырыбы: Мысықтың емдік қасиеті

Бағыты: Өлкетану.

Жетекшісі: Байболова Әйгерім

Секциясы: Биология

2011ж.
Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы
Т.Рысқұлов
мектеп - лицейінің
10 «А» сынып оқушысы
Мұсабай Гүлайымның

«Мысықтың емдік қасиеті»-

тақырыбында жазған жұмысына

П І К І Р

Т.Рысқұлов мектеп – лицейінің 10«А» сынып оқушысы
Мұсабай Гүлайымның «Мысықтың емдік қасиеті» - тақырыбында жазған ғылыми
жобасы қазіргі таңда күнделікті өмірде қолдана бермейтін тың тақырыпқа
жазылған жұмыстардың бірі.
Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне
жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының
күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал
терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы
толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға
түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған
мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. «Естідіңіз бе...» -
бөлімінде, мысықтар жайлы таңқаларлықтай оқиғаларды жақсы іріктеген.Жұмысын
қазіргі таңда жануарлармен емдеу әдісін Қазақстанда дұрыс жолға қою
керектігі, ит, мысықтарды қорғауға алу керектігі жайлы ойымен қорытындаған.

Бұл 10«А» сынып оқушысы Мұсабай Гүлайымның «Мысықтың емдік
қасиеті» тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар
байқауына ұсынуға болады.

Жетекшісі: Байболова Әйгерім

Аннотация

Зерттеу жұмысында орындаушы Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз
бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты
жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне
жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының
күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал
терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы
толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға
түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған
мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып
жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.

Аннотация

Ученик, в ходе научно – исследовательской работы, вкладывая свои
способности и поиски, доступно написал о лечебных свойствах кошки в
отношении своего хозяина. В ходе работы остановился: на питании и уходе
домашних кошек, на отзыв животных хозяину на казахском языке.
Особенное внимание уделил на фелинотерапию – кошачью терапию. В
работе видно, что ученик опирался на работы и исследования мировых ученых
о том, что разные породы кошек излечивают разные болезни в организме
человека.
Новости, происходящие в области медицины сумел обоснованно доказать.

The summary

The pupil, in a course scientifically – research work, putting the
abilities and searches, has well written about medical properties of a cat
concerning the owner. During work has stopped: on a food and leaving of
house cats, on a response of animals to the owner in the Kazakh language.
Especial attention has given on felinoterapija - the cat's therapy. In
work it is visible that the pupil leaned against works and researches of
world scientists that different cat breeds cure different illnesses in a
human body.
The news occurring in the field of medicine has managed to prove
soundly.

Жоспар

І. Кіріспе

Мысықтар туралы: Үй мысығы

ІІ. Негізгі бөлім

1.Фелинотерапия
2. Мысықтың тілегі – денсаулық
3. Мысықтар туралы ғалымдар не дейді.....

4. Жануарлардың қайсысы ақылдырақ?
5. Естідіңіз бе...       

6. Фелинолог мамандығы

7. Мысықтардың тұқымына (порода)қарай емдеу тәсілдері

ІІІ. Қорытынды
Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!

Кіріспе

Мысықтар туралы: Үй мысығы

Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын
үй жануары. Үй мысығының арғы тегі мысық тәрізділер отрядына жататын
ливиялық жабайы мысық екен. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе
жай Дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130
мың жылдай бұрын пайда болған.
Дала мысығын, яғни, жабайы мысықтарды қолға үйретіп, үй жануарларына
айналдыру осыдан 9 500 жылдай бұрын (кейбір деректерде 10-12 мың жыл) сол
кездің адамзат өркениетінің дамыған ошағы болған Таяу Шығыс
аймағынан бастау алады. Бұл отырықшылыққа үйреніп, жер өңдеу (егіншілік)
шаруашылығының басталған кезеңімен тұспа-тұс келген болатын.
Археологиялық зерттеулер нақты әрі көп нәтижеге жете қоймаған. 2001
жылы ғана Кипр аралынан табылған, 9500 жылдай бұрынғы уақытта иесімен бірге
жерленген мысықтың қаңқасы нақтырақ дерек болады. Ал үй мысықтарының отаны
Кипр аралы аймағы екендігін Калифорния Университетінің зерттеушілері
анықтаған. Мысықтың орташа жасы 10-12 жас, , көбінесе 20-25 жыл. Соңғы
деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын
басталған. Үй мы-сықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ертедегі
Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып,
саркафагтарда жерленген.
Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен,
кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл
жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір
мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, тү-рік және сиам тобына жататын – сиам,
бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түртүсіне,
мінезқылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып,
атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істеп
әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады.
Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық
балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте,
жәшікте ұстаған жөн.
Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда
барып ашады, есейгенше ене-сінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына
2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болған-
дықтан, оның табиғи қа-жеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салын-ған
жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысықтың балаларын серуенге
енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді.
Мысықты тамақтандыру Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет
тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының
негізгі тамағы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық (буға пісіріп, не жеңіл
қуырып), сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр,
жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай
үйретсе, оңай бо- лады. Мысықтың балалары енесінің сүтімен қоректеніп
жүргенінде 20 күннен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат
етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Көкөністерді
берерде еттурағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған
тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін
тыңдаған орынды.
Мысық балалары жұқпалы ау рулармен жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда,
көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның
ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтыра-ды. Мысықтан адамға
жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын
құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай,
далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам
ағзасына берілуіне жол ашады.

Мысықтарды қалай атаған дұрыс?
Мәулен – ұрғашы мысық
Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы
Марғау – мысықтың есейген баласы
[pic] [pic]

1.ФЕЛИНОТЕРАПИЯ

Қазіргі үлкен жылдамдық пен жоғарғы ритм ғасырында біз өзімізді кейде
бос сезінеміз, дұрыс өмір сүру үшін күшіміздің жоқтығын, әлсіздікті
сезінеміз. Күнделікті жұмыстағы стресс пен көп ой еңбегі біздің жүйкемізді
тоздырып, «ескі» ауруларымызды қоздырып, көптеген «жаңа» аурулар
туғызады.Мықты денсаулық пен дұрыс өмір сүру үшін осының бәрінен қалай
құтылуға болады? Жауап өте оңай: сізге фелинотерапия
көмектеседі(мысықтерапиясы).
Жануарлардың көмегімен емделу (аниматерапия)ХХ ғасырдың 50 – жылдары
жақсы жолға қойылды. Жануарлардың емдік қасиетін, соның ішінде мысықтың
емдік қасиетін пайдалану тек қана жүйке жүйесі ауруларына ғана емес басқа
да көптеген күрделі ауруларға дапайдалана бастады.Бұл емнің ешқандай кері
әсері жоқ. Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» (Латынның felis – мысық)
деп аталады.Ал мысықтың жүніне деген аллергия ше? – деп сұрауыңыз мүмкін.
Бұл жағдайда қысқа жүнді, мамық жүнді, тықыр жүнді мысық түрлері бар. Мысық
терапиясының жүйкені тынышталдырып, энергияны реттеп, денсаулығыңа жақсы
әсер беретіндігі соншалық мысалы, АҚШ – та дәрігерлердің 48% - ы өз
ауруларына фелинотерапияны пайдаланып көруді ұсынады. Англияда «шипагер»
мысықтар дәріханада дәрігердің рецептінсіз сатылады. Мысық адамның
биоөрісіне жақсы әсер етеді. Адамға жақындау арқылы мысық өзінің емдік
қасиетін береді. Бұл «мамық шипагер» иесінің алдына отырып немесе кеудесіне
жатып аяқтарымен «мысық массажын» жасағанын тек рефлексотерапевтің1
инесімен салыстыруға болады. Ғалымдар әсіресе қара түсті мысықтың емдік
қасиетінің жоғары екенін айтады, себебі қара түс жаман энергияны өзіне
жақсы сіңіреді. Қара мысық адам бойындағы жаман энергияны өзіне жұтып,
иесінің биоөрісіне жақсы әсер етеді.
Сонымен мысық қалай емдейді?Және ол мысықтың өзіне қатты ұнайды.
Мысық бізді жақсы емдеу үшін оған жақсы қарым қатынас жасаса жеткілікті.
Мысалы сипалап жақсы көру, тамағын дұрыстау, жақсы сөздер айту т.б. сонда
ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады. Мысық адамның ішкі суық
тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған жерлерін жақсы сезеді сол жерге
жатып «грелка» қызметін атқарады. Мысықты сипалап отырған адам жүрек
инфарктіне ұрынбайды және қан қысымын реттеуге септігі тиеді. Мысық арқасын
қолмен сипағанда одан дельта толқын бөлінеді, бұл сол күнгі көңіл күйге
жақсы әсер ететіндігі ғылыми дәлелденіп отыр. Мысық асыраған адам 10 -15
жыл ұзақ өмір сүретіндігін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Иесінің
ұйқысыздығына және салмақ қоспай салауатты өмір сүруіне «мамық шипагердің»
әсері көп. Мысық өз денесін тілімен жалап массаж жасайды, осы кезде ол
жағымды пырыл шығарады. Міне осы пырыл 4 – 16 Гц. жиілікпен шығады – осы
пырыл мысықтың ең бірінші адамға қолданатын құралы. Солтүстік Каролинадағы
ғылыми зерттеу институты осы жиіліктегі тербелісте адам ағзасындағы
бүлінген жасушалар қалпына келетіндігін дәлелдеген. Егер мысықтар өз
денесін жарақаттап алса,ең бірінші пырылдауды бастайды. Мысықтың пырылы
адамды әлдилеп отырғандай әсер етеді де, оның ағзасы тынышталады, рахат
әсерге бөленеді. Мысықтың өз иесінің ауыратын жерлерін табу қабілеті бар
екендігі ұлттық медицинаға бұрыннан белгілі. Олар сол жерлерге жатып
пырылдағаннан кейін ауырсыну қайтады. Басқа жануарларға қарағанда мысықтар
стрессті жағдайлардан, әлсіздіктен, бас және бұлшықет ауырсынуларынан
құтылуға көмектеседі, сонымен қатар артериялық қысымды төмендете алады,
тамыр соғуын қалыптастырады, ревматикалық немесе жара ауру ұстамаларының
күшін азайтады. Мамық жүнді мысықтар невралгиямен, ұйқысыздықпен немесе
остеохондрозбен күресуге көмектеседі. Тегіс жүнді мысықтар бүйрек және
бауыр мәселелерінде пайдалы болады.
Мысық пырылының адам ағзасына қалай әсер ететінін ғалымдар әлі зерттеп аша
алмай отыр, бірақ ол адам иммунитетінің көтерілуіне, жараның тез
жазылуына және сүйектің құрамын жақсартуға көмектесетіні дәлелденген.

1 – алтын инемен емдеуші дәрігер

2.Мысықтың тілегі – денсаулық

Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер өз
қатарластарынан он жылдай ұзақ өмір сүреді екен. Ғалымдар мысықтың көптеген
ауруды жеңілдетуге сеп болатынын, тіпті жазылып кетуіне әсері барын айтады.
Мысалы, ағылшын ғалымдары  үйде мысық ұстау арқылы миокард инфарктінің
қайталап соғуын алты пайызға дейін төмендетуге болатынын айтқан. Науқас
қожайынының жанынан тәулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып,
тіпті оның ауруын өзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.
Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы
бойыңыздың біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5
минутқа мойын орағыш ретінде ұстай тұрыңыз.
Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды түйістіріп
жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз. Мысықтың
тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі.
Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда, буын
сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда
пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі. 
Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық
остеохондроз, радикулит және артроздың «маманы». Парсы, ангор, бирмандық,
рэгдол, сібірлік атауға ие мысықтар – жүйке ауруының «білгірлері». Сиам,
ориенталь, сфинкс  бауыр, бүйрек, асқазанды «емдейді». Жүрегінде кілтипаны
барларға британдық, экзотикалық қысқа талшықты мысықтарды серік еткен
жақсы. Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын
қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және
бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді.
----------Мысық –
қожайынының ауырып тұрған жерін дөп басып білетін тамаша энергиялық-
ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық
әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық қатты сезеді.Ұзақ уақыт бойы мысық
жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту –
иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір
сүруге де ықпал етеді
[pic]
3.Мысықтар туралы ғалымдар не дейді.....

Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір жерлердің адамға жағымды және
жағымсыз әсер ететін қасиеттері болады екен. Мұндай жерлерді ажырату үшін
ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлеріне үңілген жөн. Қариялардың айтуынша,
ондай орынды мысық жақсы көреді екен, ал ит ешқашан жаман жерге жатпайтын
көрінеді. Өйткені мысықтың бойында жаман энергияны сезетін «антенна» бар.
Ол мұндай жағымсыз энергияларды әдейі іздеп, бойына жинайды. Мысық
көмірқышқыл газын жұтып, оттегі шығаратын кәдімгі ағаш тәрізді. Ал егер
өсіп тұрған қисық ағаш көрсеңіз, ондай жердің де жақсы орын болмағаны. Соны
білетін диқаншылар шығынға ұшырамас үшін ондай жерге егін екпеген. Қорегін
аулағанда дыбысын , сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы
табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде
арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай
атылады.
Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия
ашылып, құйрығы кері-леді, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын
қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау — мысық тұқымдас аңдарға тән.
Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік
тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады . Тер
безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындата-ды,
ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті майлап, оған су
жұқпауға мүмкіндік жасайды.
Тер бездерінің өзгерген түрі сүт безіне айналады да,
сүтқоректілер баласын сүтпен қоректендіреді. Мысық денесінен итте болатын
қолайсыз иіс сезілмейді, ол қашан да таза жүреді. Өйткені мысықтың
терісінен май бөлінбейді, сондықтан да мысық суға түспеуге және жаңбырдың
астында қалмауға тырысады. Тер бездері тек табандарында ғана болатындықтан,
мысықтың денесінен тер иісі де сезілмейді. Флорида штатында осыдан 13 жыл
бұрын жоғалып кеткен мысық үйіне қайта оралды.
Қожайындарының айтуынша, 1995 жылы күздің жаймашуақ бір күнінде
ауладағы кере-уетте пырылдап ұйықтап жатқан мысық ұшты-күйлі жоғалып
кетіпті. Сүйіктілерінен аяқасты айырылып қалған отбасы оны іздеп үйсіз-
күйсіз жануарларды паналататын жерлерді, қаланың көшелерін сан мәрте шарлап
шыққан. Алайда, қара мысық табылмады.
Арада 13 жыл өтіп, қожайындары әбден күдер үзген шақта қаладағы мал
дәрігерлерінің бірі Джордждың табылғанын айтып сүйінші сұрайды. Мысық
саябақтардың бірінде қаңғырып жүрген жерінен ұсталыпты. Мойнына тағылған
микрочиптен оның мекен-жайын білген ветеринар Джорджды үйіне әкеп салды. 13
жылда Джордж әбден арып-ашып жүдеген. Бірақ көңіл-күйі, тамаққа деген
тәбеті бұрынғыдан да жақсарған.
--------Қожайындары оны қайта жоғалтып алудан қорқып, аулаға шығармай
қойғаны болмаса, Джордждың күтімі жаман емес көрінеді. .
Америкалық ғалымдар күйзеліс арқылы инсульт1 алудың алдын алу
жөнінде мынандай ақыл-кеңес береді: «Кофе ішуді азайтыңыз, көбірек күліңіз.
Мысық асыраңыз».

Халық болжамшылары мысыққа байланысты ауа – райын болжаған

Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы
қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран
шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран
шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп
ұйқыға берілсе ? онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады

[pic]

1 - ауру түрі

4.Жануарлардың қайсысы ақылдырақ?
Жануарлардың қайсысы ақылды екенiн бiлу үшiн Базель университетiнде
зерттеу жұмыстарын жүргiзiлген. Бiрiншi орынды маймыл (орангутанг)
иеленген. Оның ақыл-ойы бiлiмi жоқ ересек адамның қабiлетiмен бiрдей екенi
анықталған.
Ал екiншi орында шимпанзе, оның ақыл-есi 4-5 жасар баланың деңгейiнде.
Одан кейiнгi орында – пiлдер. Олардың еске сақтау қабiлетi басқа
жануарларға қарағанда жоғары. Атап айтқанда, өзiн ренжiткен адамды  есте
сақтап, бiрнеше жылдар өткен соң кегiн алады.
Келесi орында жолбарыстар мен арыстандар тұр. Бұл мысық тұқымдас аңдар
қимылдары шапшаң, кәдiмгi үй мысығына қарағанда анағұрлым ақылды екен. Оның
себебi иттер де, мысықтар да адамдармен бiрге тұрғандықтан олар қоршаған
ортаға адамның көзiмен қарайды. Жабайы табиғатқа олардың бейiмделуi қиынға
соғады. Ал, адамдармен қарым-қатынаста зеректiк танытады. Оған көптеген
мысалдар бар. Иттер мысықтардан ақылды деп есептелiнедi. Сол себептi де
Нобель сыйлығының лауреаты И.П.Павлов ғалымдарға тек иттермен тәжiрибе
жасауға кеңес бередi. Бiрнеше жылдан кейiн бұл тезистiң дұрыс екендiгiне
ғалымдар күмәндана бастады.
Нашар1 тұқымды мысықпен жүргiзген тәжiрибе барысында оны ең қарапайым
рефлекске дағдыландырған. Мысықты алдымен жақсылап тамақтандырғанда шам
жағылады. Ал мысықтың тамақ iшу мен шаммен берiлетiн белгiнiң арасындағы
байланысты қаншалықты меңгергенiн күнделiктi бақылап отырған.
Бiрнеше рет өткiзiлген тәжiрибеден соң шам жаққанда мысықта сiлекей
бөлiнген. Бiрақ, мысықта шартты рефлекс бiрде болған, бiрде болмаған.
Зерттеушiлер нақты нәтижеге жете алмаған соң, Павловтың айтқаны дұрыс деп
келiсуге дайын болған кезде тәжiрибе нәтижесiн өңдеген ғалым мысықтың
тәжiрибенi әдейi түзетiп, өзiне бағындырып алғанын сезiп қояды. Мысық еттi
көбiрек берсе екен деп, кей кездерде шам жанғанда әдейi көңiл аудармай
жатып алады. Ал иттер болса шам жана салысымен тамаққа жүгiредi. Қу мысық
тәжiрибенiң мәнiсiн түсiнiп қойып, тәжiрибе жүргiзушiлердi өзiнiң еркiне
бағындырып алған. Шам жанған кезде мысық өзiне ұнамаса ешнәрсе болмағандай
жата берген.
1 – тұқымы қымбат бағаланбайтын мысық түрі
Мысықтардың иттерден ақылды болуы олардың тұқымында екендiгi
анықталды. Иттердiң арғы аталары үйiрде өмiр сүргендiгi белгiлi. Олар
үйiрдiң басшысына ғана бағынады. Сондықтан болар ит адамның берген бұйрығын
бұлжытпай орындайды. Ал, мысық жеке өмiр сүрген. Олар тек өздерiне ғана
сенедi. Сондықтан олардың ақылы иттерден жоғары екен. Қазiргi мысықтар да
кез келген жағдайда өзiнiң бас пайдасын ойлайды. Ит пен мысықтың арасындағы
айырмашылықты әр адам әртүрлi қабылдайды. Мысалы, еркектер көбiнесе иттi
жақсы көредi. Әйел адамдар мысықты жақсы көредi. Ал мысықты жақсы көретiн
еркектер дарашыл болып келедi, иттi жақсы көретiн әйелдер көпшiл болады
екен.

5.Естідіңіз бе...       

Өлімді сезетін мысық
   АҚШ-тың Роуд Аисланд өңіріндегі қарттар үйіндегі Оскар атты
еркек мысық, өмірінің соңғы сәттерін өткізіп жатқан қарттардың қасына
жақындап олардың жанына жатып аурудың өліміне жақын қалғанынан хабар
береді.
    Браун университетінен профессор Давид Доса бұл құбылыс туралы “New
England Journal of Medicine” журналында жарияланған мақаласында мысықтың еш
жаңылмағандығын 25 рет дұрыс жорығанын мәлімдеді.
    Оскар бір науқастың жанына немесе құшағына жатқанында қарттар үйінің
қызметшілері дереу ол қарттың жақындарына хабар береді, осылай жанұясы және
туыстары науқастың соңғы сәттерінде жанында болады.
    Досаның берген мәліметтері бойынша 2 жастағы Оскар Қарттар үйі және
сауықтыру орталығының Альцгеймер және Паркинсон аурулары бөлімінде өсті. 6
айлық кезінде дәрігерлер сияқты науқастарды жеке жеке аралап оларды
иіскелейтіні байқалған.
    Браун Университетінен Джон Тено Оскардың 13-ші аурудың өлетінін
білдіргенінде мысықтың бұл қасиеті қабылданғанын білдірді. Дәрігерлер де,
ғалымдар да Оскардың бұл қабілетіне түсінік бере алмады.
***
Адам өлгелі жатқанда мысықтың үрейленіп мияулауы, сол үйден кетуге асығып,
есікке ұмтылуы,тек олардың не сезгенін бізге адам тілімен жеткізе
алмайтынын зерделеген жөн.

***
[pic]
Невада штатының Рино қаласында мекен ететін әлемдегі ең ұзын мысық
рекордтар кітабына енді. Agence France-Presse агенттігінің хабарлауынша,
Стьюи атты жануардың тұмсығынан артқы аяғының ұшына дейінгі ұзындығы 123,2
сантиметрді құрайды.

Стьюидың иелері Робин Хендриксон және Эрика Брэндснесстің
айтуларынша, олар әуелгіде мысықтың ұзындығын өлшеп, тіркетіп қою үшін
Гиннесстер кітабы өкілдеріне хабарласып көруді жөн көрген. Себебі үйлеріне
келген қонақтар мен көршілері мысықтың ұзындығына жиі таңғалатын болған.
«Олар ылғи мысықты көргенде таңданыстарын жасыра алмайтын», – дейді
Хендриксон. Оның сөзіне қарағанда, жұбайы екеуі аталған мысықты 2005 жылы
қолдарына алған. Ең алғаш рет мысықты рекордтар кітабы өкілдеріне 2008 жылы
көрсетуді ойлаған. Алайда мысық әлі жас болғандықтан, бұл ойларын іске
асыруды кейінге қалдырып, тек енді ғана, мысық толық өсіп болғаннан соң
көрсеткен.
***
Францияда бір отбасына Чака есімді сиям түріндегі мысықтың
баласын алып келген. Ол отбасында 6 – жасар қызының тілінің мүкісі болған.
Кішкене қыз Чакамен көп ойнап, бірге ұйықтаған. Бірте – бірте қыздың
тілінде мүкіс байқалмаған. 2 жылдан кейін сол қыз операцияға түскен,
операция жасаған орын ауруханада көпке дейін жазылмаған. Ауруханадан үйге
келіп, Чакамен ойнаған күннен бастап жара орнынан белгі де қалмағанына ата
– анасы таң қалған.
***
Мынау әлемде араласып кетпеген ешнәрсе қалмапты. Көшеде мойынжіппен итше
жетекте келе жатқан мысықты немесе біреудің қалтасында шәуілдеген итті көру
таңсық болмай қалды.
[pic]
Қалжасына таңданатын осындай кішкентай мысықтар бар. Бұл жаңадан шығарылған
мысық түрі емес. Өздері солай. Шамасы, тұқымында бір шәлкемдік болса керек.
Әлемдегі ең кішкентай Мистер Пиблз деген мына суреттегі мысықтың салмағы
небәрі 150 грамм ғана. Ал денесінің ұзындығы 15 сантиметр. Мистер Пиблз
Гиннестің рекордтар кітабына 2004 жылы ендіріліпті. Қазір онымен парсы-
гималайы тұқымды Тинкер Той деген мысық таласа алады екен. Ол мысықтың
салмағы небәрі 680 грам. Ал Мэн штатындағы «Капитан Дженкс» атты мысық өз
жемтігін аулап, қоректерін ажыратудан гөрі, берген тамақты тоя ішіп алып,
жұмсақ жастықтар мен диван үстінде үнемі еркелеп, пырылдап жатқанды
ұнатады.
Мұндай ірі денелі мысықтар тұқымы Мэн штатының құрметіне «мейн-кун» деген
атау алыпты. 1861 жылы бұл мысықтың көрмесі Бостон мен Нью-Йорк қалаларында
өткізіліпті. Әрі бұл мысыққа Капитан Дженкс деген ат берілген.
***
Мысықтар қонақүйде тұратын болды
[pic]
Ұлыбританияның Хартфордшир графтығында мысықтарға арналған
қонақүй ашылды. The Daily Mail агенттігінің таратқан мәліметіне қарағанда,
бір мысық үшін қонақүйдің бағасы 15 пен 19 фунт стерлинг1 тұрады.Қонақүй
иелерінің айтуынша, бұл жерде келушілерге арналған барлық қызмет түрі бар
және талғамға сай нөмірлер де жасақталған. Жеке бөлмелерде мысықтардың
ойнауы үшін арнайы ойыншықтар әзірленіп, ол жерге текемет төселіп,
кереуеттер қойылды. Бөлмелердің терезелері жасыл алаңқайы бар аулаға
қаратылған. Яғни мысықтар терезеден торға қамалған құстарды қызықтап,
демала алады. Құстардан бөлек мысықтардың демалуы үшін музыкалық бағдарлама
бар. Негізінен классика және джаз әуендері ұсынылады. «Біздің ойымызша,
мысықтар да олардың иелері сияқты жақсы жерлерде демалуы керек. Сондықтан
біз осындай жайлы қонақүйді ашып отырмыз», – дейді қонақүй басшылары.
***
1 – ағылшын ақшасы
Швеция үкіметі екі үй мысығын мұрагер деп тауып, оларға 300 мың
евроға иелік ету құқығын алып берді. Артына өсиетнама қалдырып үлгермеген
Стокгольмнің жалғызбасты қарт тұрғыны мысықтарын балаларындай жақсы көрген
екен.
-------«ИТАР-ТАСС» агенттігінің
хабарлауынша, қазіргі уақытта үй жануарлары арнайы бағымханаға тапсырылған.
Ал мұраға қалған ақша олардың жатын орындарын жабдықтауға, қорек қорын
әзірлеуге және қымбат әшекейлер мен басқа да керек-жарақтар алуға
жұмсалады. Соңғы кездері ауқатты адамдардың өз мұраларын үй жануарларына
қалдыруы үрдіске айналды.

[pic]

[pic]
6.Фелинолог мамандығы

Болашақ ветеринарлар мысықтар жаратылысының да қыр-сырын білуі
міндет. Соңғы жылдары мысық түрлерінің көбеюі мал дәрігерлеріне қосымша
міндет жүктеп отыр. Жануарлардың дәрігері ендігі кезекте тек мысықты емдеп
қана қоймай, оның шығу тарихын және оны қалай күтуге дейін білуі шарт.
Болашақ ветеринарлар мысықтар жаратылысының да қыр-сырын білуі міндет.
Соңғы жылдары мысық түрлерінің көбеюі мал дәрігерлеріне қосымша міндет
жүктеп отыр. Жануарлардың дәрігері ендігі кезекте тек мысықты емдеп қана
қоймай, оның шығу тарихын және оны қалай күтуге дейін білуі шарт. Америка,
еуропада сәнге айналған мысық түрлерінің елімізге келуі мамандардан
фелинология ілімін меңгеруді талап етіп отыр дейді Қазақ Ұлттық ауыл
шаруашылық Уриверситетінің мал шаруашылығы технологиясы факультеті
даканының орынбасары Дайырбек Омаров
Мысықты ұстаудың ережесібар. Өзіне тән аурулары бар осының бәрін зерттеу
керек.
Асыл тұқымды сәнқой мысықтардың түлеріне қарай стандарт бекітілген екен.
Белгіленген талаптарға сай келмейтін болса ол текті мысық деп
мойындалмайды. Шекара асып келген мына мысықтың иесі Экатерина Исакова
өзінің үй жануарының тұқымына "Донской свинц" деген болжам жасап отыр.
Бірақ, елімізде арнайы маман жоқ болғандықтан оның нақты тегін анықтай
алмай отырған жайы бар.
Мен мысықты бір әйелден сатып алып едім. Жасын және нақты қай
түрге жататынын әзірге білмейміз. Швециядан сарапшы маман күтіп отырмыз.
Сол келгесін мәселенің барлығы шешілетін шығар.

Қазақстанда қысқа, ұзын, бұйра жүнді тұқымы асыл мысықтардың
20-ға жуық түрі бар. Аса көп күтімді қажет ететін жануарларды ұстау екінің
бірінің қалтасы көтере бермейді екен. Тамақтың өзін талғап жейтін
мысықтарға ерекше көңіл бөлу қажет дейді "Мысықтар әлемі" Алматы қалалық
фелинологтар орталығының президенті Галина Николенко. Мамандар бекітілген
талапқа сай мысықтың қай түрге жататынын анықтауы тиіс. Бірақ, бізде
оқулықтар мен мәліметтердің жетіспеушілігі салдарынан арнайы маман
даярлауда қиындық туғызып тұр.
[pic] [pic]
7.Мысықтардың тұқымына (порода)қарай
емдеу тәсілдері
Ғалымдардың көп жылдық зерттеу нәтижесінде, мысықтар тұқымына қарай
әр түрлі ауруды емдеу шипагерлігі әр алуан екендігін байқаған.
Ұзын жүнді мысықтар (персид түрі, ангор түрі, сібірлік мысық, рэгдолл,
бирмандық т.б,) – невропатологияда, ұйқысыздықта, шаршау мен әлсіздікте.
Жүні ұзын емес, бірақ өте қалық мысықтар – бел омыртқа және буын ауруларына
емші.
Тықыр жүнді мысықтар(экзотикалық, британдық, шотландық, орыс көк көзді
мысықтарт.б.) – жүрек қан тамыры ауруларына емші.
Түгі өте тықыр немесе түксіз мысықтар (сиамдық, ориентальдық, т.б.) -
бүйрек пен бауыр,асқазан ауруларына,іш қатуда т.б.)
Тұқымы қымбат тұқымдастарға жатпайтын жәй аула мысықтары да өз иесінің
көңіл күйіне, алған дене жарақатын емдеуге көмектеседі.
Жалпы мысықтардың емдей алатын ауру түрлері:
аритмия, артрит, атеросклероз, ұйқысыздық, бүйрек аурулары, бронхит,
гипертония мен гипотония, бас айналу мен түрлі бас ауруларында, депрессия,
тіс ауруында, инсульт, іш қатуда, жүйке ауруларында, нефрит пен
пиелонефрит, шаршау мен әлсіздікте, радикулит.
Онкологиялық ауруларды ең соңғы сатысы болмаса емдеуге көмектеседі.
Өте күшті ауруды емдеп, соңында өзі өліп қалған мысық
туралы ағылшын дәрігерлері баспа беттеріне шуылдай жазған.
Мысықтардың өз иесін емдеу сеансы 15 – 20 минуттан 3 сағатқа дейін
(мысықтың темпераментіне байланысты) созылады. Өз иесінің ауруын емдеп
болған мысық, емнен кейін өзін өте жақсы сезінеді. Мысықтардың тырнағы
дәрігер инесіне қарағанда жақсы емдейді, өйткені мысық тырнаған жер тез
және тыртықсыз жазылады.Тек оған сену керек. Мысықпен көп ойнап өскен
баланың иммунитеті өте жоғары болатыны дәлелденген.
Мысықтар қоныс аударған өз иелерін жаңа қоныстан өте оңай іздеп
табады. Осыдан бірнеше жыл бұрын әлемнің барлық журналистері шуылдап
жазған, Сэр Томас атты мысық 427 күнде Квебектен континенттің екінші
шеті - Калгариға көшіп барған өз иесін тауып барған.
[pic][pic][pic]
Қорытынды
Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!
Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған.
Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр.

---- ---Латын тілінен
аударғанда (animal – жануар), яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» –
хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық,
психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі.Бұл
терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде,
ойыншық түрінде, әрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи
кейпінде де қолданылады. Жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың
науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын
асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда
анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ
адамнан гөрі күштірек болады.
------Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде
дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін
арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық
конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада,
Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға
көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.
Анималды терапия немесе зоотерапия – дәстүрлі емес әдіс.
Анималды терапияны 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны
ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар
емдеу процесінің бір бөлігі деп саналады.
Бұл әдістің «пионері»1, америкалық балалар психиатры Борис
Левинсон, ол 1962 жылы өз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған.
Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді
қолданады екен. Ал Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдалананып
сеанс жүргізеді.

1 – алғашқы дәрігерлердің бірі

Хайуанаттар терапиясы мақсатты және мақсатсыз болып екіге бөлінеді.
Мәселен, ертеден қазіргі кезге дейін кейбір адамдар үйлерінде
мысық немесе ит асырайды. Мұнда адамдар үй хайуанаттарының адам
психологиясы мен псхикасына әсері барын білсе де, оны арнайы үйретіп,
белгілі бір мақсатқа пайдаланбайды.
Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг
жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады.
Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті
сәуле шаша алады. Бал арасын баптаушы мен қысы-жазы төрт түліктің бабын
күйттеген қарапайым шопанның өмірін бақылаған ғалымдар олардың өзгелерден
әлдеқайда тың әрі ауруға бой бермейтінін байқаған.
Бүгінгі таңда көптеген елде төртаяқтылар мен құстардың көмегімен ем
жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар.
Украинаның Евпатория қаласында балалардың сал ауруын дельфиндер арқылы
емдейтін арнаулы орталық жұмыс істейді. Дельфиндер өз бойларынан таралатын
ультрадыбысты толқын арқылы емдік әсер береді. Балалар бассейнде
дельфинмен бірге жүзіп, ойнайды. Мүгедектер арбасына таңылған балалар
осылайша бірте-бірте қаз тұрып кетеді. Дельфинотерапия аутизм ауруына
ұшырағандарға да ем.  -----------Көше кезген
мысық пен иттерді қорлап, бәрінің көзінше аяусыз соққыға жығып жатса да
таңырқамайтын болдық. Заман өзгерген бе, әлде адамның өзі өзгерді ме? Бұл
сұраққа да жауап берерде қиналатынымыз және бар. Бірақ бір орынды сауалдың
туындары хақ. Олар да Жаратушы Алланың әмірімен мына фәни есігін ашқан жоқ
па? Жануар болса да өмір сүруге әрқайсысы құштар емес пе?!
Жануарларды жат санамай, оларды жанындай сүйетін адамдар еліміздің әр
бөлігінде жүздеп емес, мыңдап кездесетіні хақ. Осындай жаны жылы адамдар
көбейсе екен деп тілеймін..
---------------Көктемнің алғашқы күні  1 Наурыз  дәстүрге
айналған халықаралық мысықтар күні. Бір қызығы, көптеген халықтар осы 
адамға жақын үй жануарының бірі мысықтар күнін мерекелеуді ұлттық мерекеге
айналдырған.
Осы  күнмен адамзатқа  берік та сенімді достығы мен қызметін
білдіретін үй жануарларына тағы да бір рет құрмет білдіруді ескертеді.
(Felis catus) - үй мысығы 2 тұқымдастан тұратын мысықтар тұқымына жатады,
оның 4 тұқымы және 36 түрі бар. Біздің мәліметімізше Қазақстанда осы
тұқымдас мысқтардың 3 тұқымы, оның ішінде 12 түрі өмір сүруде. Өзінің мамық
та ұлпа жүнді терісі бар бұл мысықтар  кәсіптік мағынансымен айрықша
белгілі, ол үйдегі кеміргіш жәндіктермен күрес жүргізтудің шебер маманы.
Фелинологтардың айтуынша мысықтар өте ақылды жануарлар. Сондықтан
да ол жануар өзіне құрметтпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, 
оның орнына сыйпалап мақтағанды жақсы көреді.
Әрине мысықтар туралы көп айтуға болады. Ал мен осы мереке күні барлық
мысықтарға өз мекен - жайлары мен қожайындары табуына,  оларға айнымас адал
серік болуыларына тілектеспін.  

[pic] [pic]

[pic] [pic]

[pic] [pic]

[pic] [pic]

Қолданылған әдебиеттер:
1.7kun.kz – интернет газеті
2. http://tomiris.wordpress.com – сайты
3. http://www.bostandyk.almaty.kz – сайты
4.«Замана»-апталық газеті 15.02.2011ж
5. Р.Қ. Дүйсембiнова Қазақ этнопедагогикасын мектеп
---практикасына ендiру, А:2000, 355 бет
6.Кенжеахметұлы С. Жетi қазына, А:Ана тiлi,1997,124 бет

7.«Үш Қиян» газеті, №4 4-мамыр, 2009 жыл, 5-бет

8. Көбеева Н.
Бала және табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б

9. http://akcat.narod.ru
10. «Магия и кошки» - кітабы 2004ж. Москва
11. «Что значит фелинотерапия или Полечи меня Мурка».
Юлия Герцвольф. Москва 2007г.
12. Фелинотерапия "Реабилитация звуками природы"- Алматы 1997г.

Мазмұны
|1 |Пікір |2 бет |
|2 |Аннотация |3-5 беттер |
|3 |Жоспар |6 бет |
|4 |Мысықтар туралы: Үй мысығы |7-8 бет |
|5 |Фелинотерапия |9-10 бет |
|6 |Мысықтың тілегі – денсаулық |11 бет |
|7 |Мысықтар туралы ғалымдар не дейді.... |12-13 беттер |
|8 |Жануарлардың қайсысы ақылдырақ? |14-15 беттер |
|9 |Естідіңіз бе? ... |16-19беттер |
|11 |Фелинолог мамандығы |20 бет |
|12 |Мысықтардың тұқымына (порода)қарай |21 бет |
| |емдеу тәсілдері | |
|13 |Қорытынды |22-24беттер |
|14 |Қолданылған әдебиеттер |26 бет |

Т.Рысқұлов мектеп – лицейінің 10 «А»сынып оқушысы
Мұсабай Гүлайымның ғылыми қоғамда атқаратын жұмыс жоспары

| | | |
|қ/с |Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері |Жұмыс істеу |
| | |дәрежесі |
|1 |Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіру |әр аптада |
| |жолдары | |
|2 |Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары |әр аптада |
|3 |Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыда бағыт бағдар беру |әр аптада |
|4 |Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді |әр аптада |
| |пайдалану жолдары | |
|5 |Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принціпін |әр аптада |
| |тиімді пайдалану | |
|6 |Айналысу принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау |әр аптада |
|7 |Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу |әр аптада |
| |жолдарын қолға алу | |
|8 |Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін |әр аптада |
| |жандандыру(яғни оқу материалдарын, оны оқушыларға беру | |
| |мен меңгеруге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және | |
| |құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу). | |
|9 |Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен |әр аптада |
| |демалуына мүмкіндік жасау, тәжірибені игеру. | |
|10 |Көсемпаздық педагогиканы жандандыру, білім берудің |әр аптада |
| |тиімділігі, яғни идеялар мен жаңалықтар жасалынып | |
| |тексеруден өткізуді жүзеге асыру. | |
|11 |Интернетпен жұмыс |Аптасына 2 |
| | |рет |

Т.Рысқұлов мектеп - лицейінің
ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары: Қайыпқұлова Ж..

Жетекшісі:
Байболова Әйгерім
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің
барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі
заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына
тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар
қоюымен ерекшеленеді.
Сондай елеулі өзгерістердің бірі – Қазіргі таңда анималды терапияның
күштілігі дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ оларда хайуанаттардың
адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары
құрылған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе
психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен
айналысатын ұйымдар жұмыс істейді. Анималды терапияны ең алғаш 1792 жылы
Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми
түрде қолданған. Негізі, хайуанаттармен емдеудің тарихы тым тереңде,
адамзат дәуірі пайда болғаннан бері белгілі болған. Қазіргі уақытта
африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданса,
Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдаланып, сеанс жүргізеді. Сондай-
ақ дельфинмен емдеу және мысықпен емделу әсіресе апатты жағдайларды:
мәселен, дауыл, жер сілкінісі, жол-көлік апатын бастан кешірген адамдарды
психологиялық оңалту кезінде таптырмас терапия екен. «Дельфин-терапевтің»
пациенттері көбінесе кәсіпкерлер мен шығармашылық кәсіп иелері, жүйке
жүйесі ауыратын балалар болып келеді екен.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға табиғаттың өзі емші екндігіне көзін
жеткізу. Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған.
Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр.
Адамға табиғаттың өзі берген құндылығын ғылыми-теориялық және әдістемелік
тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасу
- Көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске,
іскерлік пен танымдыққа ынталандыру
- Шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге,
тапқырлыққа бейімдеу, медицинаның қолжетімді жаңалығымен танысу.
- Оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу
арқылы білімдерін жетілдіру.


Ұқсас жұмыстар
Менің мысығым
Жылқы малының пайдасы
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Адыраспан-дәрілік өсімдік
Тақырып Төрт түліктің кеңесі
Мүсінші мысық
Негізгі ақпарат
Оқушыларды топқа бөлу. Сабақты бекіту
Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер
Қара сабының емдік қасиеті
Пәндер