Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Бастауыш білім беру деңгейінің
<<Өнер>> білім саласы бойынша
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(1 - 4-сыныптар)
Астана 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған <<Музыка>>, <<Бейнелеу өнері>> оқу бағдарламалары - Астана, 2013. - 32 б.
(C) Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
<<Музыка>> пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Бастауыш сыныптардағы <<Музыка>> пәні оқушылардың рухани және адамгершілік тұлғасын қалыптастыратын негізгі пәндердің біріне жатады. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді.
3. Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігін арттыруына ықпалын тигізеді.
4. Оқыту мақсаты:
1) оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
2) көркемдік талғамын тәрбиелеп, шығармашылық қабілетін дамыту.
5. Оқыту міндеттері:
1) окушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру;
2) музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;
3) музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру;
4) музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып салу.
6. Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасымен танысады. Бағдарлама музыка өнерінің даму заңдылықтарын түсінуге бағытталып, өмірімен байланысын көрсетеді.
7. Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:
1) түсініктілік ұстанымы окушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, музыкалық қабілетінің дамуына ықпал ететін тиімді әрі қолайлы оқу материалдарын қолданады;
2) үздіксіздік ұстанымы барлық сыныптар арасындағы сабақтастықты, мазмұн, шығармашылық жағынан жүйелілік пен бірізділікті білдіреді;
3) тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады;
4) шығармашылық ұстанымы оқушының бойындағы қабілетін аша түсіп, өнермен араласу барысында жетістікке жетуіне ықпал етеді.
8. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:
1) музыка тыңдау - музыка талғамын қалыптастыру: мәнерлі де көркем-бейнелі ырғақтар, аңдар мен құстардың үні, адамның сөйлеу дауысы, табиғаттың үніне еліктеу сияқты музыкалық қиялын дамыта түседі; музыканы мән беріп, аса ұқыпты тыңдап, музыкалық аспаптардың тембрлік бояуын ажырату;
2) білімділік әрекеті - музыка мәнерлігінің негізгі белгілерімен танысу; музыка сауаты: жоғары, орта және төмен дыбыстар; дыбыстың қатты немесе ақырын естілуі; тез, орташа және жай екпіндер; музыканың көңілді - мұңды, салмақты - үрейлі сипаты; музыканың мәнерлеу белгілері мен түрлері туралы қарапайым түсінік: екпін, ырғақ, дыбыс күші, ән шумағы, күйдің буыны, аяқталған шығарма;
3) ән орындау - орындаушылық әрекеттің негізгі түрі болып табылады; мұғалімнің негізгі міндеті: әр түрлі сипаттағы әндерді көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру; балаларды күш салмай табиғи дауысымен айтуға дағдыландыру;
4) музыкалық аспаптарда орындау - топ болып домбыра және ұрмалы аспаптарды меңгеруге негізделген; домбыра үйрену тәсілдері халық әндерінің негізінде жасалған жаттығу - тұғыр орындау түрінде жүргізіледі; музыка сабағында таяқшалар, ағаш қасықтар, қоңырау, сылдырмақтар сияқты тағы да басқа ұрмалы аспаптарды қолдану ырғақтық сүйемел жасауға көмектеседі; музыка аспаптарында орындау және музыкаға сәйкес би қимылдарын жасау оқушыға шығарманың жалпы мінезін және екпіні мен бояу ерекшеліктерін сезінуге көмектеседі; жұмыстың бұл түрі баланың музыкаға деген сезімі мен ынтасын арттыра түседі.
9. Шығармашылық тапсырмалар баланың қиялы мен фантазиясына негізделген; шығармашылық импровизация музыка сабағында алған білімін пысықтаудың бірден-бір тәсілі болып табылады; сабақта төмендегідей жұмыс түрлерін пайдалануға болады: ырғақтық ойындар мен ырғақтық сүйемел, музыкаға сәйкес қимылдар жасау, музыканың мазмұнына сай сурет салу, әндерді, ертегілерді, аңыз-күйлерді сахналау.
10. Музыканы оқыту барысында мынандай пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
1) <<Қазақ тілі>>: сөздің және музыкалық интонацияның байланысы; тілдік және музыкалық есту қабілетін дамыту; ойдың толық, түсінікті болуына, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мән беру;
2) <<Әдебиеттік оқу>>: тілді дамыту; әннің мәтініне көңіл бөлу;
3) <<Бейнелеу өнері>>: музыкадағы табиғат құбылыстарын бейнелеу (су ағысы, аттың шабысы, құстардың ұшуы, жайлау көрінісі); музыка тыңдауға көркем сурет туындыларын пайдалану; тыңдаған шығармаларына сурет салып келу;
4) <<Дүниетану>>: табиғат бейнесін музыка тілімен сабақтастыру; музыка шығармаларында кездесетін жан-жануарлар атаулары мен жер атаулары;
5) <<Математика>>: қарапайым математикалық ұғымдарды, музыка шығармаларын талдауда қолдану (ырғақ, өлшем, екі-төрт буынды, т.с.с);
6) <<Еңбекке баулу>>: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану;
7) <<Дене шынықтыру>>: ритмикалық қозғалыстарға музыка сүйемелін пайдалану; музыкалық ойындар.
11. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1) 1 сынып - аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат;
2) 2 сынып - аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;
3) 3 сынып - аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат;
4) 4 сынып - аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
1. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
12. <<Музыкалық аңыз әлеміне саяхат>> - 9 сағат:
1) музыка суреттейді;
2) музыка бейнелейді (<<Ақсақ құлан>>, <<Нар идірген>>, <<Тепеңкөк>>, <<Жетім бала>>);
3) музыка сөйлейді;
4) әсем әнге билейміз.
13. <<Ғажайып сырлы аспаптар үні>> - 7 сағат:
1) дархан даланың үні - сыбызғы;
2) табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз;
3) саздан туған сазсырнай;
4) аңыздан жаралған аспап - жетіген;
5) аспаптардың атасы - қобыз;
6) жақсылыққа жол ашқан сиқырлы аспап.
14. <<Ән көңілдің ажары>> - 9 сағат:
1) көңілді әндер;
2) музыкалық жанрлар жайлы түсінік: ән, би, марш;
3) музыканы кім шығарады;
4) менің сүйікті мерекем.
15. <<Отан от басынан басталады>> - 8 сағат:
1) бесік жыры;
2) ақ мамам;
3) асыл әже;
4) менің әліппем;
5) мұғалім ол біздің;
6) қазақы дастархан;
7) ҚР Гимні.
16. Ән орындау кезінде:
1) 1-сынып оқушысына ән айту дағдысын қалыптастыруға ұқыптылықпен қарап, дауыс диапазонының мүмкіндігіне лайық жұмыс жасау;
2) әннің мазмұнын ұғынып, сөзін дұрыс орындауға машықтандыру;
3) дауыс аппаратын дұрыс пайдаланудың алғашқы жолдарын үйрету;
4) сөйлеу және дикция тазалығына аса мән беру, ән айту мәдениетінің алғашқы жолдарын қалыптастыру талап етіледі.
17. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. <<Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны>>, <<Бесік жыры>>, Н.Тілендиев <<Ақ мамам>>, Н.Тілендиев <<Әжеме>>, Б.Ғизатов, Ж.Нәжімеденов <<Әліппе>>, Б.Ғизатов <<Мұғалім ол біздің>>, М.Омаров <<Қазақы дастархан>>, халық әні <<Еркем-ай>>, К.Дүйсекеев, Ш.Сариев <<Ана>>, И.Нүсіпбаев, Х.Талғаров <<Домбырасыз ән қайда>>, Б.Байқадамов <<Айгөлек>>, М.Оразбаев <<Бала уату>>, Г.Гусейнли, Т.Муталибов <<Шөжелерім>>, А.Еспаев, А.Дүйсенбиев <<Ақтайлақ>>, Е.Өміров, К.Елубаев <<Қаздарым>>, К.Қуатбаев, А.Тоқмағамбетов <<Ақша қар>>, Б.Аманжолов, Е.Утетлеуов <<Наурыз - тәуір қыз>>.
18. Аспапта орындау кезінде:
1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру;
2) домбыра аспабын орындаудағы әдіс-тәсілін меңгеру (халық әндерінің негізінде).
19. Музыка тыңдау:
1) 1-сыныпта музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде ұсынылады, оқушы музыка тыңдау арқылы пәннің негізгі мазмұнын игеруге талпынады;
2) яғни, бұл жұмыс әрекеті оқушының музыканы түсініп қабылдауына, ішкі терең сезімін оятып, музыкаға деген көзқарасынының қалыптасуына және қоршаған ортаны суреттеп, бейнелей алуына бағытталады, музыка тыңдау - оқушының музыкалық әсерінің қалыптасуында ұзақ уақыттар бойына жинақтайтын маңызды процестердің бірі болмақ;
3) бұл арқылы әр түрлі музыкалық иірімдермен сусындап, мазмұны мен ерекшеліктерін ажырата біледі, халық әндері мен балаларға арналған түрлі әндердің ырғақтық ерекшелігі, күй-аңыздарының мазмұнымен сабақтасқан музыка тілі, би және марштық ырғақ т.б.;
4) тыңдауға арналған шығарманың ұзақтығы бір немесе екі минуттан аспайды.
20. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. <<Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны>>, халық күйі <<Ақсақ құлан>>, халық күйі <<Нар идірген>>, халық күйі <<Тепеңкөк>>, халық күйі <<Жетім бала>>, халық күйі <<Аңшының зары>>, халық күйі <<Қасқыр>>, халық күйі <<Сыбызғы сыры>>, халық күйі <<Қос мүйізді Ескендір>>, халық күйі <<Салкүрең>>, халық күйі <<Бозінген>>, халық әні <<Қара жорға>>, халық әні <<Қамажай>>, халық әні <<Елім-ай>>, Б.Жамақаев <<Махаббат вальсі>>, А.Жұбанов <<Би күйі>>, Т.Сарыбаев <<Наурыз-думан>>, С. Майкапар <<Бирюльки>> (<<Полька>>, <<Менуэт>>, <<Маленький командир>>), С.Прокофьев <<Балалар музыкасы: 12 жеңіл пьеса>> (<<Вальс>>, <<Шегірткелер шеруі>>), П.Чайковский <<Балалар альбомы>> (<<Вальс>>, <<Мазурка>>, <<Марш деревянных солдатиков>>), Ғ.Жұбанова <<Балалар мен жас өспірімдерге арналған 12 пьеса>> (<<Күй аңыз>>), М.Омаров, К.Қазыбекұлы <<Әнші, күйші, биші балапан>>.
21. Музыкалық сауаттылық: дыбыс - төменгі, ортаңғы, жоғарғы; ұзақ, қысқа, қатты, жай; ырғақ - сөйлеу, музыкалық; динамика - қатты, жай, форте,пиано; екпін - жай, орташа, тез; алғашқы жанрлық ерекшеліктерді білу - ән, күй, би, марш; композитор-орындаушы (жалпы мағлұмат беру) музыкалық аспаптар - домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, скрипка, труба, фортепиано, барабан; тембр - адамдар дауысы, музыкалық аспаптардың дыбысы, қоршаған ортадағы <<музыкалық бояулар>>.
22. Шығармашылық тапсырмалар:
1) музыкадан оқушының алған әсерін әңгімелеп айту, суретпен бейнелеу, қимыл-әрекет арқылы бағдарлау;
2) ертегі тыңдау; ән-күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелесу.
3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
23. <<Күйші композиторлар>> - 9 сағат:
1) күй атасы Құрманғазы;
2) Күй шебері Тәттімбет;
3) Халық композиторы Дәулеткерей;
4) Күй шешені Қазанғап;
5) Арнау күй;
6) Күй анасы - Дина.
24. <<Әлемді шарлаған музыкалық аспаптар>> - 7 сағат:
1) көне аспаптар сыр шертеді - қобыз және скрипка;
2) халықтың мақтанышына айналған - домбыра-комуз, шертер-балалайка;
3) ежелгі музыкалық аспаптар - дабыл, дауылпаз - барабаны, асатаяқ - ложки, қоңырау - бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка;
4) табиғатпен үндескен сыбызғы;
5) халық арфалары - жетіген, гусли, цимбало;
6) шырқа, сырнай.
25. <<Концерт залына саяхат>> - 10 сағат:
1) өнер ордасы - театр;
2) концерт залымен танысайық;
3) филармония - өнер шаңырағы;
4) камералық музыка;
5) ең үлкен музыка аспабы - орган;
6) хор капелласының концерті;
7) квартет өнер көрсетеді;
8) қазақ халқының биі;
9) эстрада музыкасының концерті.
26. <<Туған өлкем>> - 8 сағат:
1) <<Алатау>>;
2) <<Ақ бұлақ>>;
3) <<Бір бала>>;
4) <<Сағындым Алматымды>>;
5) <<Атамекен>>, <<Өз елім>>;
6) <<Туған жер>>.
27. Ән орындау кезінде:
1) әндердің әуенін сазды орындауға дағдылану, әндердің мәтінінің мазмұнына мән беру, түсініп орындауға дайындау;
2) әннің ырғағы мен әуенін дұрыс айтуға машықтандыру;
3) шумақ пен қайырманың кезектілігін ескеру, әндердің мінезі мен көңіл күйіне лайық интонациялық белгілерін сақтау;
4) дем алу ережесі және нақты дауыс мәнерімен жұмыс жасауын қадағалау.
28. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев <<Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны>>, Ә.Бейсеуов, С.Асанов <<Қошақаным>>, К.Дүйсекеев, Ш. Сариев <<Ана>>, қазақтың халық әні <<Гүлдерайым>>, қазақтың халық әні <<Қалаулым>>, К.Шілдебаев, А.Асылбеков <<Жаңа жыл>>, С.Мұратов, Б.Ысқақов <<Наурыз тойы>>, Н.Тілендиев <<Алатау>>, Б.Тәжібаев <<Ақ бұлақ>>, Б.Тәжібаев <<Туған жер>>.
29. Аспапта орындау кезінде:
1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру, үйренген әндері мен музыкалық шығармаларды ырғағына сай сүйемелдей білу;
2) халық әндерінің негізінде домбыра аспабын меңгеру.
30. Музыка тыңдау:
1) баланың мүмкіндігіне лайық әртүрлі сезімге құрылған музыканы тыңдай білу;
2) музыкалық шығармалардың өзіндік сипатын айыра білу, ең негізгі саздық мәнерін ерекшелеу;
3) музыканы өмірмен байланыстырып, табиғаттың түрлі құбылыстарымен салыстыра білу, музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшелігін айыра білу, адам дауысы, табиғаттың дыбысы;
4) музыкадан алған әсерін әңгіме, сурет, бейнелеу, қимыл-әрекет арқылы көрсете білу.
31. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Құрманғазы <<Қайран шешем>>, <<Аман бол, шешем>>, <<Машина>>, <<Түрмеден қашқан>>, <<Кісен ашқан>>, <<Бұқтым-бұқтым>>, <<Адай>>; Тәттімбет <<Саржайлау>>, <<Сылқылдақ>>; Дәулеткерей <<Қосалқа>>, <<Құдаша>>, <<Көрұғлы>>; Қазанғап <<Көкіл>>, <<Шынаяқ тастар>>, <<Құс қайтару>>, <<Өттің дүние>>; Дина <<Әсем қоңыр; Ықылас <<Күй-аңыз>>, <<Аққу>>, <<Жез киік>>; халық күйі <<Салкүрең>>; орыстың халық әні <<Коробейники>>; халық күйі <<Сары өзен>>; халық әні <<Қараторғай>>; халық әні <<Бір бала>>; А.Қоразбаев <<Сағындым Алматымды>>; Е.Хасанғалиев <<Атамекен>>; Н.Римский-Корсаков <<Хоровод>> әні, Садко <<Заиграйте, мои гусельки>>; М.Мусоргский <<Картинки с выставки>> (<<Избушка на курьих ножках>>, <<Старинный замок>>); П.Чайковский <<Времена года>> (<<Масленица>>, <<Подснежник>>); В.А Моцарт, А.Глоба <<Көктем әні>>, хорға өңделген; А.Рубинштейн, М.Лермонтов <<Горные вершины>>, хорға өңделген; А.Алябьев, И. Козлов <<Вечерний звон>>, хорға өңделген; П.Чайковский <<Да исправится молитва моя>>, хорға өңделген; В.А. Моцарт. Квартет, ор.10, Ре минор, үзінді; Ғ.Жұбанова Квартет для струнных №1,үзінді; А.Жайымов <<Шалқыма>>; Бах И.С. Органға арналған <<Токката және Фуга>>, ре минор, үзінді; Каччини Дж. <<Аве Мария>>, дауысқа және органға арналған; А.Алябьев, А. Дельвиг <<Соловей>>; Л.Хамиди, Н.Әлімкұлов <<Бұлбұл>>; А.Варламов, М.Лермонтов <<Белеет парус одинокий>>; Түркеш <<Көңіл ашар>>; Құрманғазы <<Сары-арқа>>.
32. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты - жоғары, орта, төмен; созылмалы-қысқа, қатты-жай; әуен - шығарманың музыкалық сипаты, музыкалық бейне; түрі - әндегі шумақ пен оның қайырмасы, күйдегі буын, аяқталған шығарма; ырғақ - әр түрлі ырғақтық ерекшеліктер; қазақ халқының музыкалық аспаптарының тембрлік ерекшеліктері; композитор - орындаушы - тыңдаушы; музыканың негізгі түрлері - вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр (жалпы түсінік); хор - балалар, ерлер, әйелдер, аралас; музыкалық аспаптар - ыспалы аспаптар - қобыз, скрипка; шертпелі аспаптар - домбыра-комуз, шертер- балалайка. Ұрмалы, сілкімелі аспаптар - асатаяқ-ложки, тұяқ тас-барабанка, қоңырау--бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка; үрмелі аспаптар - мүйіз сырнай-зурна, мес қобыз - волынка; сырнай - гармонь,баян; үрмелі аспаптар - тастауық-чопа чор, сыбызғы-свирель; жетіген - гусли, цимбалы.
33. Шығармашылық тапсырмалар:
1) музыкалық шығармалардың сипатына сай қимыл-әрекет жасау;
2) би қимылдары мен қарапайым бірқалыпты музыкалық ырғақтарды орындау;
3) музыкалық образдарға ену.
4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
34. <<Халқымыздың мақтанышы әнші композиторлар>> - 9 сағат:
1) ел еркесі - Ақан сері;
2) аты әнге айналған - Балқадиша;
3) ән жүйрігі - Біржан сал;
4) Біржанның Теміртасы;
5) сұлу сазды - Гәкку;
6) Жаяу Мұса - Ақсиса;
7) Абай салған сырлы әндер.
35. <<Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі>> - 7 сағат:
1) халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?
2) домбыра мен қобыз аспабының түрленуі;
3) оркестр құрамындағы аспаптар;
4) оркестрдегі дирижердің міндеті;
5) қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы - Болат Сарыбаев;
6) <<Отырар сазы>> фольклорлы-этнографиялық оркестрі;
7) көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы.
36. <<Бүгінгі заман музыкасы>> - 10 сағат:
1) үрмелі аспаптар оркестрі;
2) эстрадалық симфониялық музыка;
3) джаз оркестрі;
4) қуыршақ театры;
5) кино және музыка;
6) эстрада өнері.
37. <<Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы>> - 8 сағат:
1) бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан - А.Жұбанов;
2) қазақ операсының сазгері - М.Төлебаев;
3) кәсіби әннің шебері - Б.Байқадамов;
4) өмірге әнмен сән берген - К.Дүйсекеев;
5) қазақ музыкасының мақтанышы - Ғ.Жұбанова;
6) домбыраны күй сандықта сарнатқан - Н. Меңдіғалиев;
7) қазаққа вальс сыйлаған - Л.Хамиди;
8) музыка майталманы - Е.Брусиловский.
38. Ән орындау кезінде:
1) ән айту шеберліктерін меңгеру;
2) шығарманы орындау барысында музыкалық бейнелерге ене білу;
3) дирижердің нұсқауымен ән айтуды үйрену.
39. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев <<Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны>>, Ә.Бейсеуов, Т.Молдағалиев <<Ұстазым>>, К.Дүйсекеев, Ш.Сариев <<Туған жер>>, халық күйі <<Келіншек>>, А.Жұбанов <<Ақ көгершін>>, халық әні <<Жар-жар>>, халық әні <<Сәулем-ай>>, халық күйі <<Салкүрең>>, Ш.Қалдаяқов <<Ана туралы жыр>>.
40. Аспапта орындау кезінде:
1) ұжыммен бірге ұрмалы аспаптармен халық әндерін бір ырғақта сүйемелдеп үйрену;
2) домбыра аспабында халық әндері мен күйлерін орындаудағы шеберліктерін шыңдау.
41. Музыка тыңдау:
1) музыкаға аса мән беріп тыңдауға үйрету, жанрлық ерекшеліктерін білу, көңіл-күйі мен оның сыр-сипатын түсіну;
2) халықтық және кәсіби жанрларды ажырата білу, музыкалық образдың даму барысын қадағалау, музыканы жанды әрі образды өнер деген түсінігін қалыптастыру;
3) белгілі бір шығарманы әр түрлі орындауда тыңдатып салыстыра білу қабілетін дамыту (вокалдық, аспаптық, оркестрмен және жеке орындаудағы).
42. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ақан сері <<Маңмаңгер>>, Ақан сері <<Балқадиша>>, Біржан сал <<Адасқақ>>, Біржан сал <<Теміртас>>, Үкілі Ыбырай <<Гәкку>>, Жаяу Мұса <<Ақ сиса>>, Абай <<Көзімнің қарасы>>, қазақтың ғұрыптық әндері: Жар-жар, Сыңсу, Беташар; халық әні <<Япурай>>, Махамбет <<Жұмыр Қылыш>>, Ортеке биі <<Секіртпе>>, Н.Тілендиев <<Саржайлау>>, Ж.Дәулетов <<Қазақ елі>>, А.Жұбанов <<Ақ көгершін>>, М.Төлебаев <<Біржан-Сара>> операсынан үзінді <<Би>>, Б.Байқадамов <<Су тасушы қыз>>, К.Дүйсекеев <<Домбыра>>, Ғ.Жұбанова Скрипкаға арналған <<Романс>>, Н. Меңдіғалиев <<Домбыра туралы поэма>>, С.Бәйтереков <<Әлия>>, Л.Хамиди <<Қазақ вальсі>>, Е.Брусиловский <<Бозайғыр>>, Б.Жұманиязов <<Серпін>>, П.Чайковский <<Пляска скоморохов>>, Н.Тлендиев <<Ата толғау>>, <<Көш керуен>>, М.Глинка <<Камаринская>>, Л.Бернстайн <<Дивертисмент>>, <<Әскери марш>>, Е.Брусиловский 3-і симфония "Сары-Арка", скерцо; А.Зацепин <<Біздің сүйікті дәрігер>> фильміне музыка, Блюз <<Бүги мен блюз айтамын>>, Дж.Гершвин <<Менің сүйіктім>>, Миллс И., Эллингтон Д. <<Керуен>>, Браун Джеймс. Би джаз.
43. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік, әндердің жанрлық ерекшеліктері - лирикалық, бесік жыры, жар-жар, сыңсу, беташар, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка, халық композиторлары - сал, сері, халық композиторларының әндері, халық аспаптар оркестрі, ансамбль, квартет, трио, дуэт, эстрада және рок тобы.
44. Шығармашылық тапсырмалар, халық композиторларының туындыларының мазмұны бойынша сахналық қойылымдар жасау.
5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
45. <<Ұлы ұстаздар көші>> - 9 сағат:
1) күй дәстүрінің шежірешісі - Қали Жантілеуов;
2) ән өнерін паш еткен - Манарбек Ержанов;
3) әншілік өнердің хас шебері - Жүсіпбек Елебеков;
4) қара қобызды сарнатқан - Жаппас Қаламбаев;
5) әнін көкке қалықтатқан - Ғарифолла Құрманғалиев;
6) күй аңызын ардақтай жеткізген - Дәулет Мықтыбаев;
7) ұстазды ұлы тұтқан күйші - Төлеген Момбеков.
46. <<Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр>> - 7 сағат:
1) симфониялық оркестр қалай пайда болды;
2) симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар;
3) оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар;
4) жезді аспаптар қашан пайда болды;
5) ұрмалы аспаптар тобы;
6) арфа аспабы қайдан келді;
7) оркестрге үн берген аспап.
47. <<Еуропа опералық театрларына саяхат>> - 10 сағат:
1) опералық театр тарихы;
2) еуропаның атақты опера театры - Ла-скала;
3) әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры;
4) орыстың Үлкен театры;
5) әйгілі Вена опералық театры;
6) Сидней опералық театры;
7) неміс опера театры.
48. <<Қазақстан халықтарының музыкалық өнері>> - 8 сағат:
1) орыс халық музыкасы;
2) қырғыз халқының музыкалық өнері;
3) өзбектің әндері мен билері;
4) ұйғыр халқының музыкалық мұрасы;
5) корей халық театры;
6) украин халқының әйгілі гопагі;
7) грузин халық биі лезгинка;
8) неміс маршы;
9) татар халқының сұлу сазды әндері.
49. Ән орындау кезінде:
1) ән айтудың түрлері - сұлулап әрі мәнерлеп жеке орындау;
2) өз бетімен және дирижердің нұсқауымен орындау,
3) әнді және оның орындалуын талдай білу, ән айту ережелерін сақтау.
50. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев <<Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны>>, Абай. <<Желсіз түнде жарық ай>>, Базар жырау <<Терме>>, К.Дүйсекеев, Ш.Сариев <<Ана тілін сүйеміз>>, К.Дүйсекеев, Ш.Сариев <<Солдат болам мен ертең>>, Жаяу Мұса <<Ақсиса>>, Халық әні <<Құралай>>, А.Жұбанов, Н. Баймұхамедов <<Ақ көгершін>>, И.Ильясов, Ж.Боранбаев <<Қазақы дастарханым>>, Қазанғап <<Шынаяқ тастар>>, С.Мұхамеджанов, Г.Жұмабаев <<Қазақстан>>, И.Нүсіпбаев, Е.Елубаев <<Достық>>, Б.Оралұлы, А.Асылбек <<Астана>>.
51. Аспапта орындау кезінде:
1) домбыра, ұрмалы және тағы басқа даңғыра аспаптарда ойнай білу;
2) басқа да ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен әндер мен музыкалық шығармаларды мәнерлеп орындай білу.
52. Музыка тыңдау:
1) образ жасаудағы музыкалық мәнерліктің маңызын түсіну;
2) халықтық және кәсіби жанрлардың ерекшелігін білу, хор және оркестр түрлерін тыңдау арқылы айыра білу;
3) музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшеліктерін білу, музыканы тыңдау арқылы әрбір ұлтқа тән ерекшелігін айыра білу;
4) музыканы өмірдің тыныс-тіршілігі яғни құбылыстармен салыстыра білу.
53. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Естай <<Қорлан>>, Мәди <<Қарқаралы>>, Ықылас <<Жез киік>>, Мұхит <<Үлкен айдай>>, Ықылас <<Шыңырау>>, Сүгір <<Бес жорға>>, Л.В.Бетховен <<3-симфония>> үзінді, Н.Паганини <<24 каприс>>, Сен-Санс <<Аққу>>, М.Равель <<Балеро>>, А.Хачатурян <<Гаянэ>> балетінен қылышпен би, Ф.Шопен <<Прелюдия>>, итальян халық әні <<Күнім менің>>, Ж.Бизе <<Кармен>> операсынан Кармен ариясы, П.Чайковский <<Евгений Онегин>> операсынан Ленскийдің ариясы, орыстың халық әні <<Светит месяц>>, қырғыз халық күйі <<Ақ тамақ - көк тамақ>>, өзбек халық әні <<Ялла>>, ұйғыр халық әні <<Аппақ-аппақ тошканларым>>, корей халық әні <<Мунген тауы>>, украин халық биі <<Гопак>>, грузин халық биі <<Лезгинка>>, неміс <<Маршы>>, татар халық әні <<Су бойлары>>.
54. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты - жоғары, орта, төмен; созылмалы-қысқа, қатты-жай; музыкалық мәнерлілік - әуен, ырғақ, регистр, екпін, динамика, тембр, лад; композитор - орындаушы - тыңдаушы; халық композиторлары - күйші, сал, сері; халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка; орындаушылар - домбырашы, қобызшы, пианист, скрипкашы, флейташы, әнші, әртіс; музыканың негізгі түрлері - вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр; халық билері - лезгинка, гопак, сиртаки, бульба, мавриги, лендлер, мазурка, полька; кәсіби (композиторлық) музыка - әндер, аспаптық пьесалар, прелюдия, сюита, поэма, симфония, балет, опера; оркестрлер - симфониялық оркестр, оркестрлік топтардың құрамы; музыкалық аспаптар - скрипка, альт, виолончель; флейта, кларнет, гобой, фагот, труба, туба; барабан, литавра.
55. Шығармашылық тапсырмалар, барлық ішкі сезім, көңіл-күйімен шығармаларды сезіну және музыка жайлы өзінің ойын әңгіме, сурет немесе қимылмен көрсете білу, теледидардан көрген, радиодан естіген музыкалық хабарлар жайлы өз ойын айта білу, музыкалық ертегілерден сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысу.
4. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
56. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.
57. Пәндік нәтижелері екі аспекттен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.
58. 1- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) музыкалық сауаттылықтың негіздерін: музыкалық және ұрмалы дыбыстарды, жоғары және төмен дыбыстарды, қысқа және ұзақ дыбыстарды;
2) музыкалық мәнерлілікті көрсететін негізгі белгілерін: тез, орташа, жай екпінділігі, динамикалық көрінісі, әуені;
3) жанрлық ерекшеліктерін - ән, күй, би, марш;
4) музыкалық аспаптардың аталуын (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка, гусли, свирель);
5) ән орындаудың негізгі ережелері.
59. 1 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) музыкалық аспаптар тембрін анықтауды;
2) музыка шығармаларының көңіл-күйін айыра білуді;
3) музыкалық шығармаларды тыңдауды;
4) бағдарлама репертуарынан музыкалық шығарма мазмұнын айтуды;
5) аспапта орындалған нақышты және таныс әндерді дауыс ырғағымен тани білуді меңгеруі тиіс;
6) дирижердің сүйемелдеуімен ән айту;
7) ұрмалы аспаптарда, домбырада қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау.
7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
60. 2- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;
2) қарапайым музыкалық терминологияны білу және оларды қолдануды;
3) ырғақ, екпін, динамика, тембр, әуен, сүйемел (аккомпанемент), лад сынды негізгі музыкалық терминдерді;
4) асатаяқ - қасықтар, қоңырау - бубенцы, сақпан - трещотка, даңғыра - дойра, дабыл - барабандар, сырнай - гармонь, жетіген - гусли, цимбало, домбыра - комыз - дутар сияқты музыкалық аспаптарды;
5) шумақ және әннің қайырмасы, күйдің буыны, бүтін шығарма сынды қарапайым түсініктерді.
61. 2-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) халық музыкасы, халық әні, халық күйші-композиторы ұғымдарды анықтауды;
2) вокалдық, аспаптық, жеке, хор және оркестр сынды музыка түрлерін ажырата білуді;
1) дыбыс бояуына қарап халық аспаптары үнін меңгеруі тиіс;
2) әнді дұрыс яғни дер кезінде бастап және аяқтау, әуен бойынша орындау, әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдану, әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айту, дирижердің нұсқауын түсіну;
3) әндерді өзінің сүйемелдеуімен музыкалық аспаптарда орындай алу.
8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
62. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) жанрлардың атауларын, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыкаға жататын жанр түрлерін;
2) білетін шығармалардың атаулары мен олардың авторларын;
3) әнші, сал-сері, халық композиторы сынды халық музыкасына жататын нақты ұғымдарды;
4) музыкалық бейненің дамуына әсер ететін, музыкалық мәнерліліктің негізгі белгілерін;
5) қазақтың халық аспаптары оркестрінің құрамын;
6) қазіргі заман Қазақстан композиторлар есімін.
63. 3 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) композитор - орындаушы - тыңдаушы - деген ұғымдарды түсінуді;
2) халықтық және кәсіби музыка деген ұғымдарды түсінуді;
3) халықтық және кәсіби музыканың түрлерін салыстыруды;
4) тыңдаған шығармалардың көңіл-күйін, жанрын аңықтауды;
5) музыкалық терминдерді қолдана отырып шығарма жайлы өз ойын айта білуді;
6) туған өлкедегі музыкалық дәстүрлер жайында баяндауды.
9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
64. 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) жанрлардың анықтамасы, халық және кәсіби музыкаға жататын жанр түрлерін;
2) ұлттық музыкалық мәдениеттің белгілі өкілдерін;
3) симфониялық оркестр құрамын және оған жататын ішекті, ағаш және жезді үрмелі, ұрмалы аспаптардың атауларын;
4) әлемге танымал театрлардың атауларын білуін;
5) республикамыздың негізгі концерттік және театр мекемелерін;
6) туған өлкесінің дәстүрін және өз елінің музыкалық өміріне байланысты оқиғаларды;
7) білетін музыкалық шығармаларды есту арқылы ажыратып, олардың ұлттық ерекшелігін анықтай білуі тиіс.
65. 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) сыныптан, концерттен, радиодан, теледидардан көріп естіген музыкалық шығарма және орындаушы жайлы өз пікірін ашық айта білуді;
2) музыка жайлы әңгіме қозғағанда, қарапайым музыкалық терминдерді қолдана отырып, музыкалық сауаттылығын көрсете білуін;
3) әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгеруін;
4) музыкалық сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысуын.
66.Тұлғалық нәтижелер:
1) Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың музыкасын түсініп, бағалай білуі;
2) қоршаған ортадағы сұлулықты сезінуі;
3) Қазақстан музыка өнерінің жетістіктеріне мақтаныш сезімінің қалыптасуы;
4) музыка өнері мен адам өмірінің байланысын түсіне білуі;
5) сапалы мәдени талғамын дамытуы;
6) өз көңіл күйімен сезімін білдіру үшін музыканы пайдалануы.
67. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
1) естіген шығармасына өзінің көңіл күйі мен әсерін білдіре алады;
2) музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажыратып, музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасай алады;
3) мектеп, сынып өміріндегі қоғамдық мәдени жұмыстарда белсенділік танытады
4) қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алады;
5) музыка өнері жайлы әңгіме жүргізе алады.
<<Бейнелеу өнері>> пәнінен оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.
2. <<Бейнелеу өнері>> курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады.
3. Оқыту мақсаттары:
1) эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
2) қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
3) халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
4) аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.
4. Оқыту міндеттері:
1) өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
2) сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
3) жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
4) бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
5) көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
6) шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
7) сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;
8) оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.
5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:
1) көркемдік іс-әрекет түрлері;
2) көркемдік сауат негіздері;
3) қоршаған әлемді тану;
4) көркем-шығармашылық іс-әрекет мазмұны.
6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:
1) бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;
2) екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;
3) үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды;
4) төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.
7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде бастауыш көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
8. Оқыту процесінде пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) <<Сауат ашу>>, <<Қазақ тілі>>: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру, бейнелеу нысандарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;
2) <<Әдебиеттік оқу>>: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту, оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту, оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту, оқылған мәтін материалын бейнелеу;
3) <<Музыка>>: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;
4) <<Дүниетану>>, <<Өзін-өзі тану>>: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;
5) <<Математика>>: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыру;
6) <<Еңбекке баулу>>: қол саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалану;
7) <<Дене шынықтыру>>: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.
9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 135 сағатты құрайды.
2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны
10. Блок 1. <<Көркемдік іс-әрекет түрлері>>:
1) өнер туындыларын қабылдау;
2) көркем шығармашылық ерекшеліктері: суретші және көрермен;
3) өнердің бейнелік болмысы: көркем бейне, оның шарттылығы, жеке бейне арқылы жалпы бейнені беру;
4) әсем өнер туындыларындағы адамгершілік пен эстетика туралы жалпы адамзаттық идеялардың көрініс табуы: табиғатқа, адам мен қоғамға деген көзқарас;
5) көркем мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігі туралы түсінік (Қазақстан халықтарының мәдениеті мысалында), Қазақстан халықтары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері (таңдау бойынша), Қазақстан және әлемдік өнер жауһарларын қабылдау және эмоционалдық тұрғыдан бағалау;
6) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі, оның материалдық ортасын ұйымдастырудағы рөлі туралы түсінік;
7) сурет, сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;
8) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
9) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
10) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
11) кескіндеме, кескіндеу материалдары, кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
12) түс - кескіндеу тілінің негізі, алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;
13) мүсін, мүсіндеу материалдары және олардың мәнерлі бейне жасаудағы рөлі, мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру), көлем - мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, мүсіндеу құралдарымен бейнеленген адам және жануарлардың әсемдігі;
14) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған материалдардың алуан түрлілігі (ермексаз, қағаз, картон және т.б.), мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру; қағаз бен картон - жұмсарту, бүктеу, кесу), көркемдік құрастыру және модельдеу дағдыларын адам өмірінде қолдану мүмкіндіктері туралы түсінік;
15) сәндік-қолданбалы өнер, сәндік-қолданбалы өнердің бастауы және оның адам өміріндегі рөлі, халық мәдениетінің сипаты туралы түсінік (баспананы, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімді әшекейлеу), әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер;
16) бейнелеу өнерінде, ертегілерде бейнеленген халықтардың ер мен әйел сұлулығы туралы түсініктері;
17) халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы өнердегі ертегілік бейнелер, қолданбалы өнердегі сәндік пішіндердің негізі ретінде табиғаттағы пішіндердің алуан түрлілігі, Қазақстанның халық және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу.
11. Блок 2. <<Көркемдік сауат негіздері>>:
1) композиция, жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;
2) ұғым: композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ;
3) ұғым: көкжиек сызығы, жақын - алыс, үлкен - кіші, алдын бөгеу;
4) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;
5) композициялық орталық, композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және асимметрия;
6) түс, негізгі және құрамдас түстер, жылы және суық түстер, түстердің араласуы, эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
7) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, штрих, дақ және көркем бейне;
8) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;
9) пішін, заттай әлемдегі пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи пішіндер, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;
10) көлем, кеңістіктегі көлем және жазықтықтағы көлем, көлемді беру тәсілдері, көлемді композициялардың мәнерлілігі;
11) ырғақ, ырғақ түрлері (байсалды, баяу, шұғыл, беймаза және т.б.);
12) сызықтар ырғағы, дақтар, түс ырғағы;
13) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, элементтер ырғағы арқылы композициядағы қозғалысты көрсету, сәндік-қолданбалы өнердегі ырғақтың ерекше рөлі.
12. Блок 3. <<Қоршаған әлемді тану>>:
1) жер - біздің ортақ үйіміз, табиғатты және табиғи құбылыстарды бақылау;
2) жылдың, тәуліктің әртүрлі мезгілінде, әртүрлі ауа-райында табиғатты бейнелеудегі айырмашылық;
3) пейзаж жанры, табиғаттың мәнерлі бейнесін жасау үшін әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану, табиғаттағы құрылыстар: құстың ұясы, індер, құмырсқаның илеуі, тасбақаның сауыты, ұлудың үйшігі және т.б.;
4) табиғатты бейнелеген қазақстандық және шетел өнері жауһарларын қабылдау және эмоциялық тұрғыдан бағалау (мысалы, Ә. Қастеевтің, А.Г. Ғалымбаеваның, К.Т. Телжановтың, А.К. Саврасовтың, И.И. Шишкиннің, К. Моне, В. Ван Гогтың және т.б. туындылары);
5) әртүрлі халықтар мен дәуірлердегі әлемнің бірнеше аса жарқын мәдениеттерімен танысу (мысалы, Ежелгі Грекия, ортағасырлық Еуропа, Жапония және т.б.);
6) әлемдегі әртүрлі халықтардың мәдени салт-дәстүр сипатындағы табиғи жағдайлардың рөлі, әртүрлі халықтардың өнеріндегі адам бейнесі, сәулет және сәндік-қолданбалы өнер бейнелері;
7) менің туған Қазақстаным, Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениет сипаттамасындағы табиғи жағдайлардың рөлі, туған табиғат пейзаждары, киіз үйді, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімдерді безендірудегі сәндік құрылым тұтастығы;
8) бейнелеу өнерінің билермен, ертегілермен байланысы;
9) дәстүрлі мәдениеттегі адам бейнесі, өнерде бейнеленген адамның сұлулығы (сыртқы және рухани) туралы халық түсінігі;
10) адам бейнесі, әлемнің әртүрлі мәдениеттеріндегі адам бейнесі, замандас бейнесі, портрет жанры, өнердегі махаббат, достық, отбасы тақырыптары;
11) адамдағы ең ізгі сезімдер мен қасиеттерді: қайырымдылық, рақымдылық, сүйеніш, қамқорлық, ерлік, риясыздық және т.б. сезімдерді оятатын кейіпкерлер бейнесінің эмоциялық және көркемдік мәнерлілігі;
12) ашу-ыза, шіміркену, жеккөрініш тудыратын кейіпкерлердің бейнелері;
13) өнер адамдарға әсемдік сыйлайды, біздің айналамыз тұнған өнер, тұрмыстағы әсем, жайлы әрі мәнерлі заттар, көлік түрлерін жасауда әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану;
14) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі рөлі туралы түсінік, табиғи, географиялық жағдайлардың, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлерінің әсем өнерлерде көрініс табуы;
15) натюрморт жанры;
16) үй-жайларды, ыдыс-аяқты, жиһаз бен киімді, кітаптар мен ойыншықтарды көркемдік құрастыру және безендіру.
13. Блок 4. <<Көркем-шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны>>:
1) бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркемдік-құрастыру іс-әрекетінің алуан түрлеріне қатысу;
2) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер негіздерін меңгеру;
3) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы бейнелеу (натюрморт, пейзаж, адам, жануар, өсімдік);
4) көркемдік сауат негіздерін: композицияны, пішінді, ырғақты, сызықты, түсті, көлемді, фактураны меңгеру;
5) адамның тұрмыстық орта заттарының модельдерін жасау, мүсін жасау және қағаз пластикасының қарапайым дағдыларын меңгеру;
6) суретте, кескіндемеде, жапсыруда, мүсіндеуде, көркемдік құрастырудағы өз ойын іске асыру үшін мәнерлеу құралдарын таңдау және қолдану;
7) түс, рең, композиция, кеңістік, сызық, штрих, дақ, көлем, материал фактурасының көмегімен шығармашылық жұмыстарды орындау;
8) жеке және ұжыммен жұмыс істеу кезінде әртүрлі көркемдік техникалар мен материалдарды: коллаж, граттаж, жапсыру, қағаз пластикасы, гуашь, акварель, пастель, балауыздан жасалған борлар, қарындаш, фломастерлер, ермексаз, сазбалшық, көмекші және табиғи материалдарды пайдалану;
9) бейнелеу өнері туындыларының мазмұны мен мәнерлеу құралдарын талқылауға қатысу, өзінің туындыға қатысты көзқарасын білдіру.
3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Курсты оқытуға 1-сыныпта 33 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.
15. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) бейнелеу өнері ұғымы, өнердің адам өміріндегі рөлі, бейнелеу өнері туындыларын түсіну және қабылдау процесін ұғыну, Қазақстанның көрнекті суретшілері туралы түсінік, бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен танысу.
16. Кескіндеме (8 сағат):
1) кескіндеме және түс гаммасы туралы ұғым, түстің негізгі сипаттамаларын зерттеу: негізгі, қосымша, құрамдас;
2) жылы және суық түстер, түстік реңк, түс теориясы, көкжиек сызығы, бір түсті акварель (гризайль);
3) <<Күз сыйы>>, <<Қысқы ойындар, <<Хайуанаттар бағында>>, <<Астана- болашақтың қаласы>> атты тақырыптарға сурет салу;
4) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра, қылқаламмен жұмыс;
5) жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері, әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж және т.б.);
6) соғысқа дейінгі жылдардағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
17. Графика (6 сағат):
1) графика туралы ұғым, суретші-графиктің материалдары, сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
2) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, сызық, штрих, дақ және көркем бейне, қарындашпен жұмыс істеу тәсілдері, көкжиек сызығы;
3) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
4) <<Жаңбырлы күн>>, <<Аққала>>, <<Натюрморт>>, <<Пейзаж>> атты тақырыптарға сурет салу;
5) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
18. Мүсін (4 сағат):
1) мүсін туралы ұғым, суретші-мүсіншінің материалдары;
2) көркемдік материалдары: ермексаз, сазбалшық;
3) мүсін өнерінің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы, <<көлемді пішіндер>> ұғымы;
4) мүсін түрлері, мүсін жасау құралдары мен материалдары, әртүрлі материалдармен (ермексаз, сазбалшық) жұмыс істеу ережелері мен тәсілдері, бедермен және жұмырлы мүсінмен (ұсақ пластикамен) танысу, геометриялық пішіндер жасау;
5) суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.
19. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (8 сағат):
1) көркемдік құрастыруды, дизайн мен сәулет түрлерін айыра білу және сипаттай білу;
2) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет нысанасын жобалауда көркемдік мәнерлеу құралдары ретінде сызықты, ырғақты, нұсқаны, түсті, пішінді қолдану;
3) мәнерлі бейне жасау үшін әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (көлемді жинақтау, пішін құрастыру; қағаз және картонды - бүктеу, кесу, жұмсарту).
20. Сәндік-қолданбалы өнер (5 сағат):
1) халық өнерінің және сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихы;
2) пішіндердің, орындау материалдарының, техникасының, түстік өзгешелігінің алуан түрлілігі;
3) халық қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктері, сәндік композиция жасау заңдары, ою-өрнекті нақыштар бойынша пішіндік-түстік композициялар, қарапайым безендіру, жапсыру, сәндік-қолданбалы өнер үлгілерімен танысу, сәндік композиция;
4) табиғат пен заттай әлемнің нақыштары;
5) композициялық орталық, реңк, сәндік пейзаж, халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы өнердегі ертегілік бейнелер;
6) Қазақстанның және әртүрлі елдердегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.
4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
21. Курсты оқытуға 2-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.
22. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері туралы түсінік;
2) бейнелеу өнері туындыларын түсіну және қабылдау процесін ұғыну, Қазақстанның және әлемнің көрнекті суретшілері туралы түсінік, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы.
23. Кескіндеме (8 сағат):
1) кескіндеменің көркемдік материалдары (акварель, гуашь, акрил), негізгі және қосымша түстер, түрлі-түсті бояуларды өз бетінше араластыру;
2) кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
3) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;
4) композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ ұғымы;
5) пропорциялар және перспектива;
6) көкжиек сызығы, жақын - алыс, үлкен - кіші, алдын бөгеу ұғымы;
7) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;
8) композициялық орталық (композицияның көру орталығы), композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және асимметрия;
9) <<Күзгі нақыштар>>, <<Қар бүршіктері>>, <<Менің ең жақсы досым>>, <<Астана - Еуразия жүрегі>> атты тақырыптарға сурет салу;
10) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
11) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
12) соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
24. Графика (6 сағат):
1) сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;
2) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
3) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
4) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;
5) көкжиек сызығы, қозғалыс, композициялық орталық, сызықты сурет, заттай әлемдегі пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи пішіндер, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;
6) құстарды, аңдарды қозғалыста бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
7) <<Әрқашан күн сөнбесін>>, <<Қысқы таңсәрі>>, <<Көктемгі гүлдер>>, <<Ертегі елі>> атты тақырыптарға сурет салу;
8) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Кисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
25. Мүсін (6 сағат):
1) бедермен және жұмырлы мүсінмен (ұсақ пластикамен) танысу, ермексаз;
2) бедер, плинт, натюрморт жанры, <<Екі заттан құралған натюрморт>> бедерлі композициясын орындау;
3) жұмыр мүсін (ұсақ пластика), жануарлар мүсінін жасау, сазбалшық;
4) іші қуыс ұсақ пластика жасау техникасы - ширатылған немесе балшықты тілімдерді салу, стильдеу, пішін үйлесімдігі;
5) Қазақстанның және басқа халықтардың суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.
26. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):
1) көркемдік құрастыру, дизайн мен сәулет өнерімен танысу;
2) бұрынғы өткен ата-бабалардың және қазіргі заман шеберлері жасаған заттардың тілін түсіну, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған алуан түрлі материалдар (ермексаз, қағаз, картон және т.б.);
3) қағаз пластикасы, оригами өнерін қолдану;
4) пішіндерді, тереңдік кеңістіктерін, қазақтың киіз үйі мен сәулет элементтерін құрастыру.
27. Сәндік-қолданбалы өнер (6 сағат):
1) Қазақстан халқының ою-өрнектер ерекшеліктері, адамның күнделікті өмірінің айнымас қатысушысы ретіндегі ою-өрнек, ою-өрнекті композицияның мәнерлеу құралдары (ырғақ, симметрия, фактура);
2) ою-өрнектердің түрлері, шеңбердегі қазақ ою-өрнегі, қазақтардың және басқа халықтардың салт-дәстүрлері және киім ерекшеліктерімен танысу, композициялық орталық, тұтастық заңы;
3) адамдар арасындағы мейірімді, достық қарым-қатынастарды ашатын композициялар жасау (<<Халықтар достастығы>>, <<Суретші-модельерде қонақта>> және т.б. тақырыптар);
4) сәндік пейзаж (<<Дала>> тақырыбы, қазақ ертегілеріне суреттер салу және т.б.), композиция орталығы, түстік үйлесім, ырғақтың сәндік-қолданбалы өнердегі ерекше рөлі, қазақтың ұлттық көркем мәдениеті және оның басқа халықтардың мәдениетімен байланысы туралы түсінік негіздері, ізденіс және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;
5) Қазақстанның және әртүрлі елдердегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.
5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
28. Курсты оқытуға 3-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.
29. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) өнер туындысын қысқаша талдау, бағалау тұжырымдары;
2) оқушының назарын, оның ойының жұмыс істеуін, оның эмоциялық және эстетикалық қайырымдылығын белсендіретін өнертану әңгімелерін немесе сұхбаттарын мақсатты, жүйелі түрде пайдалану, шығармашылық қиялын дамыту;
3) табиғаттың, өсімдіктердің, жануарлардың, заттардың, сыртқы келбеттің жай-күйін сипаттау, өнер туындыларын талқылау;
4) графика, кескіндеме. композиция және безендіру бойынша жаттығуларды орындау кезінде эмоционалдық деңгейін дамыту;
5) көріп есте сақтау және бақылау қабілетін дамыту, өз ойларын түсіндіре білу;
6) тарих, археология, монументалды өнер және сәулет ескерткіштері.
30. Кескіндеме (8 сағат):
1) түстік шеңбер, қарама-қарсылық (қарама-қарсы түстер), реңк, эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері;
2) түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
3) түс - кескіндеу тілінің негізі, түстердің ашық және қою реңктері, түс пен көлеңке, қоңыр түске түскен ақ дақ, рефлекс;
4) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
5) <<Дастарқан>>, <<Ақ қайыңдар>>, <<Биші қыз>>, <<Қазақстандағы көрікті жерлер>> атты тақырыптарға сурет салу;
6) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
7) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
8) 20 ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
31. Графика (6 сағат):
1) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;
2) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
3) заттай әлем пішіндерінің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте бейнелеп көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, пішіндердің өзгеруі, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері;
4) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
5) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
6) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
7) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
8) суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, миниатюра, тақырыптық графика;
9) <<Көктем мерекесі>>, <<Суретші және цирк>>, <<Теңіз жағалауында>>, <<Сүйікті ертегі>> атты тақырыптарға сурет салу;
10) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Кисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
32. Мүсін (6 сағат):
1) мүсін түрлері, геометриялық денелер, адам мүсінін қарапайым бейнелеу, ермексаз, бедер, плинт;
2) ұлттық символиканы бейнелеу;
3) жұмыр мүсін (ұсақ пластика), <<Адам және аң>> атты екі мүсінді композиция жасау, сазбалшық, плакетка, композиция эскизі, бедер, <<Су асты әлемінің таңғажайыптары>> атты тақырыпқа бедерлі композиция жасау;
4) суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.
33. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):
1) Қазақстанның сәулет ескерткіштерін қабылдау;
2) дизайн, көркемдік құрастыру және сәулет нысандарының пайдалы бағыттылығы: <<жайлылық>>, <<пайда>> (психологиялық жайлылық қалыптастыру, адамның көңіл-күйіне әсер ету қабілеті).
34. Сәндік-қолданбалы өнер (6 сағат):
1) қазақ халқының қолданбалы өнері, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері;
2) сәндік костюм, киім бөліктері;
3) ою-өрнектердегі туған табиғат нақыштары (геометриялық, өсімдік, зооморфты), пішінді өзгерту, ою-өрнек элементтері мен нақыштары, стильдеу, ою-өрнек композициясы, тікбұрышты пішіндегі ою-өрнек, шеңбердегі (дискідегі) ою-өрнек, ою-өрнек, оның қолданылуы, тікбұрышты пішіндегі қазақ ою-өрнегінің эскизін жасау;
4) сәндік натюрморт, жинақтау, шама, орналасқан жері, түс, натюрморттағы композициялық орталық, реңк;
5) сәндік пейзаж, табиғи пішіндерді сәндік пішіндерге өзгерту, бақылаулар және қиял, ырғақ, композиция орталығы, пішін мен түстің үйлесімдігі, жапсыру, коллаж, пішіннің өзгеруі, нақыш, композициялық орталық;
6) композицияларды ертегілік, ғажайып сюжеттер етіп жасау;
7) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.
6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
35. Курсты оқытуға 4-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.
36. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) мектепте өнерге ықпалдастырып оқыту;
2) қазіргі заманның әлеуметтік, мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас дүниетаным қалыптастыру;
3) бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу;
4) мәдени құндылықтар: адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері.
37. Кескіндеме (10 сағат):
1) түс - кескіндеу тілінің негізі;

3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталық (композицияның көру орталығы);
4) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
5) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
6) <<Достық пойызы>>, <<Серуен>>, <<Менің аулам>>, <<Наурыз>>, <<Астана - бейбітшілік пен бақыт қаласы>> атты тақырыптарға сурет салу;
7) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
8) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
9) 20 ғасырдың 70-80-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
38. Графика (6 сағат):
1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
6) тақырыптық графика, <<Менің жазым>>, <<Бізге тағы да күз келді>>, <<Теңіздегі дауыл>>, <<Сүйікті ертегі>> атты тақырыптарға сурет салу;
7) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.
39. Мүсін (6 сағат):
1) көлем - мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, жұмыр мүсін (ұсақ пластика, пластика, композицияның тұтастығы, типтендіру;
2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;
3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық - илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);

40. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):
1) жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы көркемдік құрастырудың өзгешелігін ашу, соның негізінде пішін мен материалдармен тәжірибе жасау, түс тану және композиция элементтерімен танысу;
2) функция мен пішін тұтастығы, пішін жасаудың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта бұйымдарын модельдеу.
41. Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):
1) Қазақстанның (тұскиіз, қапшағай күйіктасы және қазіргі заманғы басқа да қолөнерлер), Ресейдің дәстүрлі қолданбалы өнері және басқа республикалардың қолөнерлері;
2) Қазақстанның халық қолөнері шеберлері;
3) жиһаз, музыкалық аспаптар, киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа заттар;
4) қолөнерді дамыту және Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту;
5) икебана, коллаж;
6) әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары, адам және табиғат, әлем халықтарының өнеріндегі су, от, жер, ауа символдарының туындау тұтастығы мен жалпы сипаттары;
7) символдарды пайдаланумен шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сурет композициясы мен мәтін мазмұнындағы өзара байланыс;
8) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындыларымен танысу.
7. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
42. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелерімен бағаланады.
43. Пәндік нәтижелері екі аспектімен айқындалған: білуі тиіс және меңгеруі тиіс.
44. 1-сыныптың оқушылары:
1) бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын;
2) табиғи және жасанды жолмен алынған бояулардың атаулары, күн спектрінің негізгі түстері, басты түстерден құрамдас түстер алу тәсілін;
3) көркемдік материалдардың түрлері (табиғи, қағаз, жұқа картон, мата, желім), олардың қасиеттері мен атауларын;
4) бүктеу, кесу және жұмсарту тәсілдерін;
5) желімнің көмегімен біріктіру тәсілдерін;
6) қарапайым сәндеу түрлерін: бояу, жапсыру;
7) оқушылардың өз қызметінде пайдаланатын материалдардың (бейнелеу және графикалық) ерекшеліктерін және олардың бейне жасаудағы мүмкіндіктерін, бейнелеу қызметінің құрауыштарын: сызық, бояу, дақ, түс, симметрия, сурет, кесте, ою-өрнек; жазық және көлемді бейне, бедер;
8) Қазақстан және әлемнің атақты суретшілерін білуі тиіс.
45. 1-сыныптың оқушылары:
1) мынадай өнер түрлерінде бастапқы көркемдік жұмыс дағдыларын меңгеруі: кескіндеме, графика, мүсін, дизайн, сәулет бастамалары, сәндік-қолданбалы және халық өнерінің түрлері;
2) көлденең, тігінен, қиғаш, доға тәрізді, толқынды сызықтар орындауы;
3) көркемдік материалдардың мәнерлеу мүмкіндіктерін: гуашь, акварель, пастель және борлар, қарындаш, ермексаз, құрастыруға арналған қағаз;
4) көркем-шығармашылық жұмыстарын орындау процесінде көркемдік дағдыларын, білімдері мен түсініктерін қолдануын;
5) табиғат пен ертегілік бейнелер нақыштарын пайдалана отырып сәндік композицияларды орындауын;
6) суретте, кескіндемеде, мүсін және көркемдік құрастыруда қарапайым практикалық шеберліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс.
8. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
46. 2-сыныптың оқушылары:
1) табиғи және жасанды жолмен алынған бояулардың атауларын, күн спектрінің негізгі түстерін, басты түстерден құрамдас түстер алу тәсілін;
2) Қазақстан және әлемнің атақты суретшілерін;
3) құрастыру, дизайн және сәулет нысанын жобалаудың көркем мәнерлілік құралдарын;
4) көркемдік іс-әрекет түрлерін: жазықтықта және көлемде бейнелеу; жазықтықта, көлемде және кеңістікте құру немесе көркемдік құрастыру; әртүрлі көркемдеу материалдарын пайдаланумен безендіру немесе сәндік көркемдік қызмет;
5) қазақ ұлттық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін (дәстүрлі сәулет өнері, киім, сәндік өнер, мейрамдар және т.б.) білуі тиіс.
47. 2-сыныптың оқушылары:
1) эмоциялық жай-күйін, шығармашылық көркемдік іс-әрекетке жеке көзқарасын білдіруді;
2) көркемдік терминдер мен ұғымдарды белсенді қолдануды;
3) құрамдас түстерді алу үшін басты түстерді араластыру, сызықтық перспективасын сақтай отырып графикалық бейнелерді жасауды;
4) өз бетінше шығармашылық іс-әрекетпен айналысу дағдыларын;
5) заттай әлемді, өсімдіктер мен жануарларды бейнелеудің бастапқы дағдыларын, кеңістікті жазықтықта бейнелеудің және кеңістіктегі құрылымдарды бейнелеудің бастапқы дағдыларын, адамның жазықтықта бейнеленуі туралы алғашқы түсініктерді меңгеруі тиіс.
9. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
48. 3-сыныптың оқушылары:
1) бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын;
2) 20 ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақстандық өнердің көрнекті өкілдерінің аттарын;
3) монументалды өнер мен сәулет ескерткіштерінің, тарих ескерткіштерінің атауларын;
4) бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет және дизайн туындыларының айырмашылықтарын және осы өнер түрлерінің адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы білуі тиіс.
49. 3-сыныптың оқушылары:
1) шығармашылық қызметте көркемдеу материалдарын қолдануды (гуашь, акварель, борлар, қарындаштар, ермексаз, құрастыруға арналған қағаз);
2) көркем бейне жасауда белгілі көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануды (ырғақ, фактура, реңк, бөліктердің арақатынасы, композиция, жарық көлеңкесі);
3) негізгі және құрамдас, жылы және суық түстерді ажыратуды;
4) бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет, дизайн туындыларын қарастыру және оларға қатысты эмоциялық көзқарасын білдіру және олардың осы көркем шығармашылық түрлеріне қатыстылығын айқындауды;
5) Қазақстанның көрнекті суретшілерінің жекелеген туындыларын тануды;
6) өз бетінше шығармашылық қызметпен айналысуда: суретте және кескіндемеде (натурадан, есте сақтау арқылы, елестету арқылы салу), әдебиет және музыка туындыларына салынған суреттерде көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануды;
7) заттардың пропорциясы, қарапайым перспектива заңдары, заттардың конструкциясы мен адам құрылымы туралы алғашқы түсініктер және оларды пайдалануды меңгеруі тиіс.
10. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
50. 4-сыныптың оқушылары:

2) мемлекеттік символиканы, туған өлкенің белгілі тарих және мәдениет көркем-тарихи ескерткіштерін;
3) қазақстандық және шетелдік өнердің көрнекті өкілдерін және олардың негізгі туындыларын, Қазақстанның ұлы сәулет ескерткіштерін;
4) бейнелеу сауатының негіздерін (түс, рең, пропорция, композиция);
5) кескіндеме түрлерін: қондырғы, монументальды, сәндік, миниатюра;
6) мүсін түрлерін: бедер, бюст, мүсін, ескерткіш;
7) сәулет құрылыстарының түрлерін: ежелгі сәулет, қазіргі замандағы сәулет, тұрғын ғимараттар, кесене, мешіт, мұнара;
8) көркемдік қолөнер түрлерін: зергерлік өнер, ағашқа ойып жазу, күйіктас, кілем тоқу;
9) еліміздегі және әлемдегі көркем мұражайлар атауларын білуі тиіс.
51. 4-сыныптың оқушылары:
1) негізгі және құрамдас, жылы және суық түстерді ажыратуды;
2) шығармашылық қызметте көркемдеу материалдарын қолдануды (гуашь, акварель);
3) туындының тақырыбын, негізгі ойын анықтауды;
4) көркем туындылардың жанрларын ажыратуды;
5) берілген немесе еркін тақырыпқа эскиз жасау, бейненің логикалық бірізділігін байқауды;
6) көркем шығармалардың композициялық орталығын, сюжетін анықтауды;
7) көркем шығармалардағы кейіпкерлердің қылықтары уәждемесін түсіндіру, туынды кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты жеке көзқарасын білдіру, олардың іс-әрекеттері мен қылықтарын шынайы өмірдегі жайттармен салыстырып көрсетуді;
8) шығарманы орындаудың техникалық тәсілдерін түсіндіруді;
9) суреттер мен композицияларда берілген көркем шығармалардың белгілі сюжеттері туралы толғануды;
10) қазіргі заманғы техникамен заттар жасауды: қағаз пластикасы, икебана, коллаж, граттаж, дизайн стиліндегі нақыш;
11) Қазақстанның көрнекті суретшілерінің жекелеген туындыларын тануды;
12) адамның даналығы мен бай рухани өмірінің сұлулығын, адамның ішкі жан дүниесінің сұлулығын бейнелейтін өнер туындыларынан мысалдар келтіруді;
13) өнер туындыларын бағалау, көрмеге, мұражайға және т.б. барған кезде өз пікірін білдіруді меңгеруі тиіс.
52. Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:
1) Қазақстанның, өз қаласының мәдениеті мен өнері үшін мақтаныш сезімін;
2) әлемге оның табиғатпен, халықтармен, мәдениеттермен табиғи тұтастығы мен алуан түрлілігінде әлеуметтік бағдарланған көзқарасын;
3) басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауын;
4) эстетикалық қажеттіліктерін, құндылықтары мен сезімдерін;
5) этикалық сезімдерін, эмоциялық-адамгершілік қайырымдылығын көрсете білуі тиіс.
53. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:
1) оқу және көркем-шығармашылық тапсырмаларды шешудің аса тиімді тәсілдерін саналы түрде таңдау шеберлігін;
2) шығармашылық жұмыс және басқа да тәжірибелік іс-әрекет түрлерін орындау кезінде алынған білімдерін;
3) жеке және топпен жұмыс істеу, әртүрлі көзқарастар мен мүдделерді ескере отырып ортақ шешім табу және дауларды шешу шеберлігін;
4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz