Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Проблемалық оқыту технологиясы
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану-сапалы білім негізі.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа
бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-
деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі
мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық
білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі,
еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі
мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір
ұстаздың міндеті болып табылады. Оқушы қабілеті дегеніміз- оның
педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту
әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
Негізі өзімнің келелі мәселем-оқушылардың физика пәніне деген
қызығушылығын арттыру болып табылады.Оқушының пәнге қызығушылығы-оны
табысты да түбегейлі игерудің негізгі шарты.Егер оқушы пәнге оның көтерген
мәселелеріне қызықса,онда оны игеру барысындағы қиындықтарды жеңу қуанышына
бөленіп,рухани және эстетикалық әсер алады,ғылымға құрмет сезімі
қалыптасады,физиканы жалпы пәнді жан-дүниесімен,шексіз толқынысқа толы
көңіл күймен қабылдай отырып,қол жеткен табысқа қанағаттанады.
Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
1.Мазмұнның жаңартылуы,бұрын жария етілген фактілерді жаңаша
сипаттау,хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру,ілімнің
практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын,табыстарын
жүйелі баяндау.
2.Өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлеріне негізделегн,оқытудың
проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеу негіздерінде және
оқушының шығармашылық,практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.
3.Оқушының қабілетін ұштау,мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын
тұруы,олардың күш мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті,талап қоюшылдығы
мен адалдығы,балаларды көтермелей білу,сондай-ақ оқушылардың өзара
бәсекесіне көмек көрсете білу қасиет.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа
технология негіздері болып табылады. Оқушылар білімін, білігін және
дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының
үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің
диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор.
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан
тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту
теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты дамыған,өзіне
сенетін,өмірге икемді тұлға қалыптастыру.Осы мақсаты жүзеге асыру үшін әр
мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны
құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың,жаңа
технологиясын шебер меңгеріп,білігі мен білімі жоғары болуы тиіс.
Жаңа Оқыту технологиясы – алға қойған мақсатқа жетудің
тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі
арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. «Технология» - techne - өнер,
шеберлік және logos – ғылым, заң бір сөзбен айтқанда технология
дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және
психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы,
мақсатты технология болып табылады. Оқу процесін технологияландыру басқа
ақыл – ой талабына ғана негізделген
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технология ұғымы үш
деңгейде қолданылады.
Жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық) деңгей. Педагогикалық
технология берілген аймақтағы, оқу орнындағы білім беру процесін
тұтас сипаттайды. Бұл тұрғыдан педагогикалық жүйемен мағыналас оған
оқытудың мақсаты, мазмұны, құралдары мен әдістерінің жиынтығы, тіпті
процестегі субъектілер мен объектілердің (олардың өздерін алмағанда) іс-
әрекетінің алгоритмі кіреді.
Жеке пәндік - әдістемелік деңгей. Бұл жерде педагогикалық
технология жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады, яғни ол бір пән, бір
сынып, бір мұғалім шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын
жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Элементтік (бөлімді) модульдік деңгей. Мұнда оқу –
тәрбие процесінің жекеленген бөлігінің технологиясы қарастырлады жеке
іс- әрекет түрлерінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру
технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу технологиясы, сабақ
технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен (өздік)
жұмыс технологиясы.

Оқытудың қазіргі технологиялары
1.Бағдарламалап оқыту технологиялары.
2.Компьютерлік технология.
3.Дамыта оқыту технологиясы.
4.Оқытудың модульдік технологиясы.
5.Бейімді-бағдарлы оқыту технологиясы.
6.Ойын арқылы оқыту технологиясы.
7.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиялары.
8.Деңгейлік саралап оқыту технологиялары.
9.Проблемалық оқыту технологиясы
10.Тесттік технология.
Соның ішінде бүгін қарастыратынымыз Тесттік технология.
Қазіргі кезде физикадан жазба жұмыстарының кең тараған мынадай
түрлері бар; физикалық диктант, өздік және бақылау жұмыстары, тақырыптық
және қорытынды бақылау жұмыстары және тестер. Бұл жазба жұмыстарының
барлығында 4 қызмет (функция) орындалуы керек: үйретушілік, бағыттаушылық,
тексерушілік, тәрбиелік.
Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде,
соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.
Соның ішінде тест тапсырмаларына кеңінен тоқталып өтсем:
• Тест жұмысының үйретушілік мәні- оқушылардың игерген білімі,
біліктілігі мен дағды деңгейлерін одан әріжүйелеп жетілдіру, тілі
мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту.
• Тест жұмысының бағыттаушылық мәні- жеке оқушы мен бүкіл сыныпты
оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу.
• Тест жұмысының тексерушілік қызметі – оқытудың белгілі бір
кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен
біліктілігі, оларды қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау
• Тест жұмысының тәрбиелік мәні- оқушылардың жауапкершілк сезімін
арттыру, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, әділдікке, төзімділікке
баулу.
Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол
білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді
жолдардың бірі.
Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің
тездігі арқасында мұғалімның жұмысын жеңілдетеді.
Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген
мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты
қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны
Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру
Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін
тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест –
оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп
есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып
қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр.
Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі
артады.
Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің
мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік
элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара
мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін
болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа
байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.
Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті,
еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу,
құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.
Енді осыларға тоқталып өтсек:
1. Ашық тапсырма немесе толықтыру тесті – сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің
сөз тіркесінің, сандар мен формулалардың орнындағы көп нүктенің тиісті
жауаппен алмастырады.
Мысалы: Динамика тарауын өткенде:
1. Инерциялы санақ жүйелері деп…
2. … құбылысын инерция деп атаймыз.
3. Дене массасы оның … өрнектейтін шама.
4. Күш – бұл… . Ол - … тең.
5. Дене бір-біріне … тең, ал бағыттары бойынша … әсер етеді.
2. Еске түсіру тесті – сөз, сан, формула, бейне түіндегі бір ғана жауапты
керек етеді.
«Сұйықтардағы электр тогын» өткенде:
1. Зат бөлшектерінің суда ерігенде иондарға ыдырауы қалай аталады?
2. Электролит дегеніміз не?
3. Электролит ерітіндісі арқылы ток өткенде электродта зат бөліну не деп
аталады?
4. Электролиз заңының формуласы:
5. Электролиз құбылысы қайда қолданылады?
3. Таңдау тесті – онда сөйлемнің басы беріледі де, соңынан бірнеше үлгелері
жауап ретінде ұсынылады, оның ішінде дұрысы да, қатесі да бар.
«Электромагниттік толқындар» тақырыбына мысал келтірейік:
1. Электрмагниттік толқын дегеніміз не?
A. Кеңістікте таралатын айнымалы магнит өрісі.
B. Кеңістікте таралатын электр өрісі.
C. Кеңістікте таралатын өзара байланысқан және периодты түрде өзгеріп
отыратын электр мен магнит өрісінің жүйесі.
2. Сәуле шығаратын тербелмелі контурдағы конденсатор сыйымдылығын екі есе
ұлғайтқанда электромагниттік толқын ұзындығы қалай өзгереді.
A. Екі есе қысқарады. В.Өзгермейді. С.Екі есе ұзарады.
3. Электромагниттік толқын шығару үшін зарядталған бөлшек қалай қарай
өзгеруі тиіс?
А. Тұрақты жылдамдықпен.
B. Шеңбер бойымен бір қалыпты.
C. Түзу сызықты үдемелі қозғалыспен.
D. Үдемелі.
4. Электромагниттік толқын таралған кезде оны сипаттайтын шамалар қандай
өзгеріске ұшырайды.
Периодты. В.Жиілігі С.Амплитудасы Д.Жылдамдығы
4. Балама тесті – Қандай да бір ұғымды растайтын сөйлемдерден
құрастырылады. Жауап дұрыс немесе қате, немесе жоқ түріндегі сөздермен
беріледі.
Мысалы, физикалық терминдер: қуат және энергия
1. Бұл – физикалық шама. Бұл – ұғым.
2. Екеуі дененің жұмыс істеу қабілетін білдіреді.
3. Жұмыстың орындалу жылдамдығы орындалған жұмыстың мақсатын білдіреді.
4. Джоуль, Ватт арқылы өрнектеледі.
5. Салыстыруға арналған тест – ол да бір бағанада тапсырма тек сөйлеммен,
ал екінші бағанада берілген сұрақтан екі-үш есе көп жауап беріледі.
Мысалы Электр құбылысын өткенде:
|Электр тогы дегеніміз не? |Ток күші, кернеу, кедергі |
|Электр тогын сипаттайтын шамалар |Гальвани, Вольта элементі |
|Ом заңы |U=IR |
|Джоуль-Ленц заңы |I=U/R |
| |Зарядталған бөлшектердің бір беткей |
| |қозғалысы |
| |Q=Urt |
| |Q=I2Rt |
6. Ретіне қарай тізбелеу тесті- құбылыстар, шамалар, сипаттаммалардан
тұрады.Оларды тәртіппен, яғни маңыздылық мөлшері бойынша реттеу керек
.Берілген тізім жауаптың құралуына негіз болады.
Мысалы, астрономиядан «Күн жүйесіндегі денелердің табиғатын» оқытқанда:
1. Планеталардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналастыр.
2. Планеталарда массаның азаюы ретімен тізбелеп көрсет.
3. Планеталарды серіктерінің санына қарай орналастыр.
Жауапқа негіз болатын материал: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,
Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.
7. Құрастырма тест - әр түрлі типтегі тапсырмалардан тұрады. Оқушылар оның
жауабын берілгендердің ішінен таңдайды.
« Жылу құбылыстар» тақырыбын өткенде
1. Дененің ішкі энергиясы қандай физикалық шамаларға тәуелді?
А. Дененің массасы мен жылдамдығына
Дененің жер бетіндегі биіктігіне және оның жылдамдығына
Дененің температурасы мен массасына
Дененің қозғалыс жылдамдығы мен температурасына
2. Бөлмені батареямен жылытқанда жылу берілудің қай тәсілі көп роль
атқарады?
3. Жылу өткізгіштік В. Конвекция С. Сәуле шығару
4. Қандай температура 00С деп есептеледі?
А. Мұздың температурасы
A. Тұз араласқан мұздың температурасы
B. Еріп кеткен мұздың температурасы
5. m кг отынды жаққанда бөлінетін жылуды қалай есептейді?
А. Q=qm B. Q=λm C.Q=cm∆t
6. Күн энергиясы жерге жылу берілудің қандай тәсілі бойынша жеткізіледі?
A. Конвекция В.Сәуле шығару С.Жылу өткізгіштік
8.Кәсіби бағыттағы тест – онда сұрақпен қоса өтілген тақырыбымен қандай да
бір мамандықпен байланысты мағлұматтар беріледі.
«Әр түрлі ортадағы электр тогы» тақырыбын өткенде, оқушы берілгендердің
ішінен дұрыс жауапты таңдауы керек.
1.Жартылай өткізгіштіктерді ғылымды, техникада, тұрмыста кеңінен қолдану,
бұл материалдардың мынадай қасиеттеріне орай екені белгілі:
А. Жартылай өткізгіштердің кедергісінің температуралық тәуелділігі өзгеше,
температура ұлғайған сайын олардың кедергісі азайып, өткізгіштігі арта
түседі.
B. Жартылай өткізгіштердің кедергісі – жарықтың мөлшеріне тәуелді
C. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігін қоспалар қосу арқылы барынша
арттыруға болады.
D. Зарядтағы еркін тасымалдаушылар пайда болу үшін p-n ауысуы бар жартылай
өткізгіштерге қоспалар енгізіледі. Сондықтан жартылай өткізгішті
құралдарда арнайы ток көзі болмайды, олардың схемалары шағын
электроэнергиясын үнемдеуге қол жеткізеді.
Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген
олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке
жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір
жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында
білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі
заман талабы.
”Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет
Байтұрсынов айтқандай, білім беру саласында оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сәйкес білім беру мүмкін емес.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың алғы шарты – оқу-тәрбие жұмысын басқаруды
әрі жүйелі жоспарлай білу, сол жоспарды жүзеге асыру.Біздің жалпы білім
беретін орта мектеп жұмысында инновациялық процесті жобалау және бағдарлы
білім берудегі мақсатымыз – шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын
толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін жаңа технологиялармен байыту,
жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын тәрбиелеу
болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz