Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сабақтың нәтижесі
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Қойшыбаева Гүлнұр Төреханқызы
<<Шорнақ жалпы орта мектеп>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. Мен әр сабағымда осы сөзді еске ала отырып, баланың білім алуына, өзін-өзі реттеуіне, оқуы үшін жауапты екенін сезінуге ықпал жасадым. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушы білімін сыныптан тыс жерде қолдану үшін сыни ойлауға ,тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруге және бағалай алуға дағды қалыптастыру керек. Оқушы мұндай жауапкершілікті сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. <<Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру - білім берудің түпкілікті мақсаты>> екендігі айқындалған. Өзімнің күнделікті, сабақ өткізу тәжірибемде оқушылардың өз бетінше білім алу жолында сан түрлі әдістерді қолдану барысында көзімнің жеткені егер оқушы мұғалімнің оқы дегенін оқып, жаз деген жазып, сыз дегенін сызған болса, онда оқушымыз жанды объектіге айналады екен. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту,білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. Бірінші, бағалау - мұғалім жұмысының тиімділігін,оқушылармен өзара байланысының сипатын, жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Екінші кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі. Оқушылардың жай-күйін, әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында өтілген 7-сыныпта шығармашылық сабақ <<Абай-дана , Абай-дара қазақта>> тақырыбындағы іс-тәжірибеммен бөліскім келеді.
Сабақтың мақсаты: Абайдың шығармашылығын талдата отырып білімдерін тереңдету, дарынды,талантты балалармен жұмыс істеу.
Еркін сөйлей білуге,ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу.
Оқушыларды имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Ынтымақтастық атмосферасын орнату, тақырыпқа сай жұмыс жасау және оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру.
Сабақтың нәтижесі: Абайдың жан-жақты қырларын ақын, композитор, аудармашы, қара сөз шебері екенін біледі, постер қорғау арқылы сыни ойлауға үйренеді. Оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасауды, кез-келген тапсырманы топпен отырып орындауға, қандай болмасын күрделі мәселені топ болып талқылауды үйренеді. Әр топ мүшелерінде өзіндік жеке тұлға, ой-пікірлері, идеялары, құндылығы қалыптасады.
Сабақта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін жақсы тілектер айтудан бастадым. Жақсылықтар мен сәттіліктер тілеу арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.
Кәмпиттердің түсіне қарай топқа бөлдім. Әр топқа өткен сабақтан бір сұрақтан дайындап, рефлексия жасалды, <<Ата-анадан тәтті жоқ>> тақырыбында эсселерін тыңдадым. Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзін оқу нәтижесінде оқушыларда жаңа ой туғанын байқадым. Ата-ана туралы көптеген мақалдар мен діни түсініктерінің бар екендігін байқадым. Қызығушылықты ояту кезеңін <<Құрметті қонақ>> деп атап, баланың ойлау және сұрақ қоя білуге үйрету үшін ойын ұйымдастырдым. Бір оқушыны ортаға шығарып, арқасына сабаққа қатысты <<Семей>> деген сөзді жаздым. Басқа оқушыларға сөзді ішінен оқыттым. Бала арқасындағы сөзді сұрақ қоя отырып табу керек. Бұл жерде баланың ойлау қабілеті дамиды. Мысалы: Деректі зат па ,әлде дерексіз бе? Сусын ба тамақ па? Әдебиетке қатысты ма, математикаға ма? Өткен сабаққа қатысты ма ? Жыл ма , қала ма, өлең бе? деген сұрақтар қойып, сөзді табу керек. Бала сұрақ қою арқылы ойлана біледі.
Мағынаны тану бөлімінде <<Абай-дана, Абай-дара қазақта>> тақырыбында эссе, өлең шығару немесе сурет салуды тапсырдым. Бұл баланың қабілетіне қарай жасалатын тапсырма болды. Абай туралы жинаған білімдерін жүйелі түрде дәптерлеріне түсірді. Шығарма жазу арқылы сыни ойлауға дағдыланды. Жұптық бағалау жасап , бір-бірінің шығармасына пікірлер айтты. Осы сәтте дарынды талантты балалар өзінің ерекшеліктерін байқатты. <<Абайыммен мақтанамын>> тақырыбында өлең шығарса, тағы бірі кылқалам шебері екенін көрсетіп , Абайдың портретін салды. Үйге зерттеуге <<Абай және Шығыс әдебиеті>> тақырыбында зерттеу жасауды тапсырдым. Л.А.Венгердің, Г.В.Бурменскаяның <<Дарынды балалар>> еңбегінде <<Егер оқушы кез келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке жетіп, өз құрбыларынан ерекшеленсе, ондай оқушы дарынды болатынын айтады>>. Дарынды балалардан байқағаным оқуды ұзақ есте сақтап қалады, жан дүниесі терең болады, жаңалыққа құмар, жоғары дәрежеде әділдік сезімі бар болатыны. Фриман 1998ж зерттеген үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдерін ескере отырып, дарынды, талантты балалармен жұмыс жүргізіп отыру керек. Ол өлшемдер мыналар:
Есте сақтау қабілеті өте жоғары,ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады.
Өз оқуын реттей алады
Ойлау қабілеті жоғары,оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп,қабылдай алады.
Қызығушылығын арттыру үшін күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.[2]
<<Фишбоун>> стратегиясын пайдаланып, балық қаңқасының бір жағына топтар бір-біріне сұрақтар жазса, екінші жағына жауап жазды.
<<Есте сақтаймын>> кезеңінде баланың есте сақтау қабілетін дамыту үшін және көзбен көру арқылы сыни ойлай отырып Абай тақырыбына қатысты суреттерді теріп алып және ретін ауыстырмай жазуды тапсырдым.Суретке қарап сұрақтар қойды.Талантты оқушыларым өзінің есте сақтау қабілетінің жоғары екенін дәлелдеді. Бұл сабақтағы сергіту сәтінде баланың ойлау қабілетін дамыту үшін жасадым. <<Соқпақ жол>> деп атап бір оқушыны сыртқа шығарып жіберіп, қалған оқушыларға бір әуенге билеуді тапсырдым.Ішінен бір оқушы би түрлерін , қимылын ауыстырып отырады , қалғаны сол қимылды қайталайды. Сырттан келген оқушы бидің кімнен басталып жатқанын ойлана отырып табады. Баланың сыни ойлау қабілеті артады.
<<Өткенге зер салайық>> кезеңінде төрт топқа төрт түрлі тапсырмалар бердім. І топ: Абай өскен орта. ІІ топ:Ақын шығармалары. ІІІ топ: Абайдың ән әлемі. ІV топ: Ақын жайлы естеліктер. Бұл тапсырма кезеңінде оқушылар бір топ қағазға , келесі топ компьютерде слайд жасады, тірек - сызба жасап ойларын қиялымен ұштады. Бұл жерде диалогтің Мерсер зерттеген зерттеушілік әңгіме түрі жүзеге асты. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінік қалыптастырады. Бірлесе отырып бір мәселені шешті.[2]
Келесі кезеңде <<Еркін жазу стратегиясы>> бойынша <<Мен ойлаймын>> деп атап төрт топқа Абайдың табиғат лирикаларына байланысты жазған өлеңдерін талдап, идеясын ашуды тапсырдым. Балалар өлеңді талдау арқылы жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшелігін айтты, ойын еркін, жүйелі айтуға дағдыланды. Өздеріне ұнайтын жыл мезгілдерін және оның себептерін де айтты.Әдебиет теориясын меңгерту үшін өлеңге лирикалық талдау жасаттым. Жыл мезгілдеріне байланысты үй тапсырмасын <<Сурет сыры>> деп аталатын сыни ойлауға арналған сурет салып келуді тапсырма етіп бердім.[3]
Қорытынды бөлімде сабаққа рефлексия жасалды. Бес саусағының сызбасын салып ішіне бүгінгі сабақтан не түсіндің ,нені түсінбедің, алдағы уақытта нені үйренгің келеді? деген сұрақтарға жауаптарын жазды.
Заман талабына сай мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен, сабақтың жаңалығына байланысты. Қызықты, сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген, әрбір сабақ - ұстаз еңбегінің нәтижесі. Өз іс-тәжірибемде уақыт талабына сай АКТ-ны пайдаланып өтемін. Соның ішінде интерактивті тақта, видеоролик ,электронды оқулықтармен жұмыс жасау арқылы оқушылардың мүмкіндіктерін аша түсуге бағытталған жұмыстарды жасап отырдым. Интерактивті тақтада өткен сабақта, оқушылардың белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс істеуге қабілеті, монологты, диалогті сөйлеу іскерліктері артты. Оқушыларға сабақты жай сөзбен түсіндіргеннен гөрі интерактивті тақтамен жұмыс жасағанда естерінде жақсы сақталып, сабаққа қызығады. АКТ-ны қолдана отырып,оқушылар компьютерде слайд жасады және ғаламтордан Абай жайлы естеліктер тауып жазды.
Танымдық даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Баланың таным қабілетінің дамуына ықпал ете отырып, Фишбоун, Венн диаграммасы, еркін жазу стратегиясын, ратация әдістерін пайдаландым. Альберт Бандураның мына анықтамасын есімде сақтап жүрдім. <<Егер адамдар не істеу керек екендігін білу үшін тек өзінің іс-қимылдарының әсеріне ғана сүйенсе ,оқу ерекше жалықтыратын ,тіпті қауіпті болар еді. Көбінесе адамның мінез - құлқы бақылау, моделдер құру арқылы зерделенеді, басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез-құлық қалай қалыптасатынын түсінуге болады және бұл ақпарат іс-әрекет жасауға басшылық етеді>>. Баланың ойлау қабілеті мен таным қабілетін , мінез-құлқын бақылай отырып, жас ерекшелігіне сай тапсырмалар беремін.
Сабағымда оқушымен бірге дұрыс диалог құру нәтижесінде бағыттаушы, ұйымдастырушы, жетекші бола білдім. Осы тұрғыда мұғалім мен оқушы көшбасшылығы - мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланса, нәтижеге қол жеткізеді. Ал оқушыларда топта айрықша белсенділік танытқан оқушы - көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді. Мұғалімнің көшбасшылығының нәтижесінде, сабақ өз мақсатына жетеді. Бағалау - оқушының қолынан не келетінін (білім, білік, дағды, машық, құзырлылық) айқындау.[1] Бұл сабағымда жұптық бағалау, топ басшысының бағалауы және өзін-өзі бағалауды пайдаландым. Өзін-өзі бағалауға мынадай бағалау өлшемдері бар парақша тараттым:
Үй тапсырмасын орындадым
Топтық жұмыста ой қостым
Мен басқаларға көмектестім
Топтық жұмыста белсенді болдым
Оқулықпен жұмыс жасадым
Топтық жұмыста жауап бердім. Ең жоғары балл 5, орташа балл 4, төменгі балл 3 деп ескерттім. Бала өзін-өзі әділ бағалауға үйренді. Топ басшысының бағалауына сабақтың кезеңдерін жазып, топ мүшелерін бағалауды тапсырдым.
<<Құрметті қонақ>>, <<Фишбоун>>, <<Есте сақтаймын>>, <<Өткенге зер салайық>>, <<Мен ойлаймын>> жоғары балл 3, орта балл 2 , төменгі балл 1 деп ескерттім. Бала өзін-өзі және бір-бірін бағалады. Топ басшысы мен өзін-өзі бағалауды ескере отырып жиынтық бағалау жасадым.
Топ басшысының бағалау парақшасы
критерий
Үй тапсырмасы
Мәнерлеп оқуы
Сабақтағы белсенділігі
Өз ойын еркін жеткізуі
Топтағы белсенділігі
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзім сақталатыны дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім оқушыдан түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұнын құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, өздігімен білім құрастыру қажет бұл күнде .
Әдебиеттер:
1. А.Әлімов <<Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері>> 2013ж 168 бет
2. <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> 2012ж 3-деңгей 40,73,77 бет
3. <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> журналы 2010ж № 4 53-бет

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz