Оқушыларға топтық тапсырма беру

Топтық, жұптық және жеке жұмыс;
Диалогты оқыту: зерттеушілік
Сыни ойлау әдістері
- Ұйымдастыру: топқа бөлу, 2 мин, үй жұмысын тексеру4 мин
- Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша, 35 мин
Рефлексия, 5 мин. Алдарындағы стикерлеріне, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, жұмыс барысында қандай көліктің түрі ұнағаны туралы өз ойларын білдіреді. Тақтаға іледі.
Параметр
Ойлау деңгей-лері
Мақсаты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Нәтиже
(Оқушы іс-әрекеті)
Индикатор
Түрткі
(ашық сұрақтар, деңгейлік тапсырма, жағдаят)
Білу Түсіну
6 минут
Үй тапсырмасын тексеру
Топқа бөлу
«Физикалық лото» әдісі. Оқушыларға 2 тапсырмадан жазылған үлестірме карточкалар беріледі. Жауаптарына қарай топқа бөлінеді. (Үлестірген тапсырмалардың жауаптары бірыңғай шыққан топ болып, екі топқа бөлінеді)
Тапсырмаларын орындап болған соң, сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне анықтату
1 слайд
Оқушыларға бағалау парақтары үлестірелді (2 слайд)
Қолдану
5 минут
Постер қорғау. Оқушыларға топтық тапсырма беру. Тақтада екі топқа сурет беріледі. Сипаттама беріп, формулаларын қорытыңдар
І топ: Қозғалыстың қандай түрлері келтірілген?
ІІ топ: Негізгі ұғымды сипаттайтын формулаларын жазыңдыр?
(3 және 4 слайд)
Топтық бағалау
«2 жұлдыз 1 ұсыныс»
Талдау
5 минут
Екі топқа екі түрлі теңдеу беріледі. Сипаттау қажет?
5 слайд
Жинақтау
10 минут
Негізгі ұғымдарды түсінеді
Дарынды және үлгерімі төмен балармен бірігіп жұмыстандыру
«Өз жұбыңды тап» әдісі
Оқушыларға жұп карточкалар ұсынылады: біреуінде сұрақтар, екіншісінде жауаптарға арналған тірек сөздер. Содан кейін сұрақтардың жауаптарын іздеп, бірге отырып жұмыс жасайды.
Көлбеу науадан домалаған шарик 1 секундта 10 см жол жүрсе, 3 секундта қанша жол жүреді?
Поезд жолдың бірінші ширегін 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдық 40 км/сағ. Жолдың қалған бөлігіндегі поездың жылдамдығы неге тең?
180 м биіктіктегі тікұшақтан жүк тасталды. Егер тікұшақ 3 м/с жылдамдықпен жоғары көтеріліп бара жатса, жүктің жерге түсу уақыты қандай?
Еркін түскен денені ң 4 с-тан кейінгі жылдамдығы (g=10 м/с 2 )
Графикалық есептер шығару
Оқушыларға 5 графикалық есеп беріледі. (7-12 слайд) Жеке жұмыстанып, бағалау парақтарын толтырады.
Жауаптары толық
Жауаптары толық емес
Жауап бере алмады
Сабақ басталған соң ынтымақтастықта жұмыстану үшін оқушылар бір-біріне жағымды тілектер айтты. Бүгінгі сабақтағы жұмысымызға сәттілік тілеп, оқушыларға үлестірме карточкалар тараттым. Блумның ойлау деңгейлерінің білу, түсіну деңгейіне үй тапсырмасын тексеру үшін, «Физикалық лото» әдісімен 2 есептен берілді. Есепті шығарған соң жауаптары тақтадан көрсетілді. Есеп жауаптары 1-ге тең болғандары І топқа, 2-ге тең болғандары ІІ топқа отырып, топтық жұмыс жүргізілді. Сыныпта 8 оқушы. Төменде берілген тапсырмалар көрсетілген.
№1. Тыныштық қалпынан 0, 6 м/с 2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль, қанша уақыт ішінде 0, 3 м жол жүреді?
№2 Үдеудің өлшем бірлігі?
№3. Поезд станциядан қозғалып бара жатыр. Ол тұрақты 2 м/с 2 үдеумен қозғала отырып, 1 с уақыт ішінде қандай жол жүреді?
№4. Жылдамдықтың өлшем бірлігі?
№5. Автомобиль бірқалыпты үдемелі қозғала отырып, 5 с уақыт ішінде жылдамдығы 10 м/с-тан 15 м/с-қа дейін өзгереді. Автомобильдің үдеуі неге тең?
№6. Бұрыштық жылдамдықтың формуласын жаз.
№7. Радиусы 0, 1 м доңғалақ 10 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Доңғалақтың құрсауындағы нүктелердің сызықтық жылдамдығын табу керек?
№8. Центрге тартқыш үдеудің формуласын жаз?
№9. Бұрылу кезінде вагон модулі бойынша тұрақты 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Егер жолдың қисықтық радиусы 50 м болса, оның центрге тартқыш үдеуі неге тең?
№10. Бірқалыпты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың формуласы
№11. Жылдамдық υ=10 - 4t теңдеуімен берілген. 2 с уақыт өткеннен кейін жылдамдық неге тең болады?
№12. Бірқалыпты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың формуласы
№13. Нүкте шеңбер бойымен 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Центрге тартқыш үдеуі 2м/с 2 -қа тең. Шеңбердің радиусын анықтаңдар?
№14. Жылдамдық υ=2 - 4t теңдеуімен берілген. Бастапқы жылдамдық неге тең?
№15. Тыныштық күйінде 1 м/с 2 үдеумен қозғала бастаған велосипедші 2 с ішінде қанша жол жүреді?
№16. Орын ауыстыру S=2t - 4t 2 теңдеуімен берілген. Бастапқы жылдамдық неге тең?
Қолдану деңгейінде топ мүшелеріне тақтадан екі түрлі сурет көрсетілді. Сол суретке сипаттама беріп, формулаларын жазып, постерлерін қорғады. Топ мүшелері ойларын ашық білдірді. Формулаларына дәлелдемелер келтірді. Екі топ мүшелері толық жұмыстанды. Өздері бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір ұсыныспен» бағалау жүргізді.
«Өз жұбыңды тап» әдісімен тапсырмалар ұсынылды. Алдын ала үлгерімі төмен оқушыларға жауаптары, жақсы оқитын оқушыларға сұрақтар таратылды. Сәйкестендіру арқылы, бірігіп деңгейлік есептер шығарды. Тақырыпты меңгере алмаған оқушылар бір-біріне түсіндіріп, толық түсінуге мүмкіндік алды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz