Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу

Қарты бар елдің қазынасы бар

Сабаққтың мақсаты: оқушыларға 1- қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметтеп қарауға, сыйлауға үйрету.

Таным үрдістерін, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі : қанатты сөздер, мақал - мәтелдер

  1. «Қарты бар елдің - қазынасы бар»
  2. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
  3. «Ағадан - ақыл, актадан - нақыл»
  4. «Аталы үй - баталы үй»

Тәрбие сағаттың барысы .

І Кіріспе бөлім

Оқушыларға 1 - қазан қарттар күні екенін хабарлап, «қарт» сөзінің мағынасын ашқызу. Ата - әжелері туралы әңгімелету.

ІІ. Негізгі бөлім

Әдеби монтаж

Ислам :

Жақсы көрем атамды,

Атам жүзге тақалды

Ұрыспайды ұстасам

Аппақ қудай сақалды.

Көркем :

Жақсы көрем қасын да,

Қардай аппақ шашын да,

Қорықпаймын ешкімнен

Атам жүрсе қасымда.

Рамазан :

Адымы үлкен, әрі кең

Жете алмаймын әлі мен,

Менің атам күштірек

Аталардың бәрінен.

Ән «Асыл әже», үн таспада орындалады.

Бибі :

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Сауалнама : «Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет»

1-көрініс: Автобус ішінде бала отырады. Бір кезде үлкен қарт әже кіреді. Бала не істеу керек еді? (оқушылар жауабы)

2-көрініс:

Қарт әжей дүкенге келе жатты. Қолында ауыр заты бар. Балалар ойнап жүрді. (оқушылар жауабы)

3-көрініс:

Бір бала жүгіріп келе жатса алдынан бір әжей шықты. Бала не істеу керек еді? «балалар жауабы)

Сөз: Алма апайға беріледі.

Құлмырза Бекзат:

Қорытынды : Оқушылар плакатқа жазылған нақыл сөздердің мағынасын ашып, ата - әжелерінің үйреткен мақал - мәтелдерін, тыйым сөздерін, берген баталарын, жатқа айтудан сайысқа түседі.


Ұқсас жұмыстар
Қарттарды сүйем. ана тілі, 2 сынып
Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым бөлімін қайталау
Тамырын жайып тереңге
Өзің қарттарды қалай құрметтейсің
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы
Музыкалық көңіл - күй
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ жайлы ақпарат
Әдебиеттік оқу 2 сынып сабақ жоспарлары
Дұрыс балам
Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір поэзия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz