Тапсырмалар - тапсырма

1. Ондықтармен санау туралы білімдерін жетілдіре отырып, ондықтарды салыстыруды меңгерту. Берілген теңдік арқылы есеп мазмұнына қарай шартын өзгертіп есептер шығару.
2. Танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Ұжымдағы ауызбіршілікке тәрбиелеу. Шапшандылыққа баулу.
Ауызша тез ойлап, шығармашылықпен жұмыс жасауға төсіледі.
Түсіндіру, диалогты оқыту, сын тұрғысынан ойлау, талдау, ойын.
1-тапсырма: Натурал сандармен жұмыс
2-тапсырма. "Хат тасушы" ойыны арқылы ауызша есептеу
3-тапсырма.
4- Жұптық жұмыс, "Семантикалык карта"
5- тапсырма. Топтық жұмыс есепті түрлендіру.
6- тапсырма. Өзіндік жұмыс
177 бет "Ойлан тап"
Сабақ бойынша мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру: 1. Психологиялық дайындық.
Келген қонақтармен амандасу. Алдымыздан кездескен,
Көп адамды танимыз.
Ізетпенен сіздерге,
Иіліп сәлем береміз.
І. Қызығушылығын ояту. ( 5 мин. ) Жайлы әуен ойналып тұрады. Осы әуенді тыңдау арқылы қандай көңіл күйде болдық? Әуен несімен сені баурап алды?
Осындай көңіл күйде жүретін кімді білеміз?
Әрине сайқымазақ. ( 2- слайд) Ендеше сендерге Сайқымазақ қонаққа келді. Сендерге өзімен бірге жақсы көңіл күймен көптеген тапсырмалар ала келіпті. Құр қолда келмепті ол тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытсақ өз сыйлығын таратып береді.
Сыйлығын алу үшін өзіңді қаншалықты көрсете алдың әр тапсырмада бағалап отырасыңдар. Бағалау барысы мынадай түрде болмақ. ( 3- слайд)
Егер барлығы дұрыс болса +
Жартылай орындалса
Орындалмаған жағдайда -
Дайынбыз ба? Сайқымазақ тапсырмасы қиын болады деп ойлайсындар ма?
Бір, екі, үш сынып іші тыптыныш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Өткенді пысықтау. (4 мин. )
-Сайқымазақ тапсырмасын орындауға өзімізді дайындап алайық. Балалар назарымызды экранға аударайықшы. ( 4 слайд)
Не көріп тұрмыз? Сандар, Осы сандар тулары өз ойларың болса айтып отырайық.
10 2 0 30 40 50 60 70 80 90
1 2 3 4 5 6 7 8 9 Сандарды тура және кері санайық. Екі қатардағы сандарды -салыстырайық.
- Осы ондықтар бойынша не айта алмыз?
- Ондықтармен санауды үйрендік.
-Қандай ереже шығардық? Кез келген ондыққа 1ондықты қоссақ келесі ондық, ал кез келген ондықтан 1ондықты азайтсақ алдыңғы ондық шығады. ( Бұндай ережені тағы қандай санды қосқанда қолданып едік?)
- Ендеше, сабағымызды жалғастырайық. (5 слайд) Қандай мамандық иесін көріп тұрмыз? Қызметі қандай? Сайқымазағымыз бір уақыт өзін осы хат тасушы рөлінде көргісі келеді екен. Қолында біраз хаттары бар екен, бірақ қай үйге апарарын білмейді . Көмектесіп, бізде хат тасушы болып көрейік.
"Хат тасушы" Хатты қайда таратады?
- Әрине үйлерге
(Бұл ойынның ерекшелігі де сол, тапсырманы мұқият тыңдап отырсақ шыққан санмен үйдің нөмірі сәйкес келеді)
Ауызша есептеу: (6 слайд)
4ондық болатын сан; (40) 50дің оң жақ көршісі; (60)
7ондықпен 9 ондықтың арасындағы ондық( 8 ондық 80 )
30 дың сол жақ көршісі ( 20)
4 ондыққа 1 ондықты қоссаң ( 5ондық -50)
9 ондығым (90)
80-10= (70 )
Міне алғашқы сайқымазақ тапсырмасын да мүдірмей орындадық. Өзімізді өзіміз мадақтап қояйық.
Дәптермен жұмыс: Күн аты жазылады( 7 слайд) 2 мин
Көркем жазу: 1 10 1 10 осы сандарды әдемі етіп жазып шығайық. (Сандардың жазылу
8-9 слайд үлгісі слайдпен бірге ауада жазады) Сайқымазақ санды қалай жазғандарыңды тексеріп отыр.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатт-қатты соғайық.
- Жақсы отырайық орнымызға.
Көзге арналған жаттығулар. (10 слайд)
Жаңа сабақ (20 мин)
ІІ. Мағынаны ашу. ( 7 мин) Келесі сайқымазақтың тапсырмасын топта орындайсыңдар және мұқият орындап өздерің қортынды шығарып көріңдер.
( 11 слайд) Топтық жұмыс ережесінде еске түсіріп көрсек:
- Топта тыныштық;
- Топта ой бөлісіп, белсенділік таныту;
- Әркімнің ойы құнды;
- Уақытқа бағыну;
- Басқа топты да тыңдау;
- Алдарыңдағы тапсырманы орындауға кірісейік, іске сәт.
- Қандай тапсырма екен? қиындығы бар ма, нелерді салыстырдық? Ерекше нені байқадыңдар?
Жауабымызды тексеріп көрейік, өздеріңді бағалауды ұмытпаңдар.
(12- слайд)
- Тексеріп болсақ жұмысымызды іліп қояйық. Тағыда осы жұмысымыз үшін өзімізді өзіміз мадақтап қояйық.
-Демек бүгінгі сабақта нені қарастырамыз екен?
Ондықтарды салыстыру. (13слайд) "Салыстыру" дегенімізді қалай түсінеміз? Сайқымазақ қонағымызға түсіндіріп берейікші, не үшін қажет?
-Салыстыруға қолданылатын сөздер қандай?
- Артық, кем, үлкен, кіші сөздерін қолданамыз. Сандарды салыстыру үшін толық ондықтар қатарын білуіміз керек.
Өзіндік жұмыс:"Еркін жазу" (14 слайд)
Дәптерге кез келген ондықтар жазып салыстырып көріңдер.
( тақтаға екі оқушыдан шығару, жұмысын талдау)
Жұптық жұмыс. (15 слайд) (3 мин) " Семантикалық карта" деп аталады.
- Сайқымазақтың тағы дайындаған тапсырмасын орындайық.
Жұпта талқылап, тиісті белгіні қойып бір біріңнің орындай алу деңгейлеріңе қарай бағалаңдар. ( әр жұпқа бір бір тапсырма) Болған жұп қолдарыңды көтеріп белгі беріңдер, мен тексерген соң дәптерлеріңе жазып алыңдар. (әр оқушы өз мысалын ғана жазады) .
-Бұл жұмыс арқылы нені білдің?
Математикада тағы не істейміз?
-Әрине есептер шығарамыз. Бүгінгі есептің ерекшелігі сол ондықтарға байланысты. Топтық жұмыс: (7 мин) Сендерге сайқымазақ шешуі(16 слайд) мына жазу болатындай есептер берді, қане соны топта орындап дұрыс шығарып
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz