Талантты және дарынды оқушыларды анықтау мен оқыту: мұғалімдерге арналған коучинг сабағы

Коучинг сабағы

A21CBB28

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

Бестөбе кенті

№1 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Абенов Қазбек Кенжетайұлы

Коучинг сабағы

Коучинг жүргізген
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі
Коучинг жүргізген: Тақырыбы
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Талантты және дарынды балаларды оқыту
Коучинг жүргізген: Сілтеме
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 5о бет
Коучинг жүргізген: Мақсаты
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Талантты және дарынды балаларды анықтау, мұғалімдерге бағыт-бағдар беру.
Коучинг жүргізген: Оқу нәтижелері
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі:

Оқу үрдісінде жаңа тәсілдерді қолданудың нәтижесінде талантты және дарынды балалар анықтау.

Сабақ беру әдісі өзгереді.

Оқушылар үнемі ізденіс үстінде болады

Коучинг жүргізген: Сергіту сәті
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: «Кім жылдам»
Коучинг жүргізген: Түйінді идеялар
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі:

Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады

Топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлеріне жұмылдыру

Коучинг жүргізген: Жаттығулар
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Топтар «талантты» және «дарынды» балаларға постер қорғайды
Коучинг жүргізген: Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Постер қорғау, сұрақтарға жауап беру.
Коучинг жүргізген: Дереккөздер
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Мұғалімге арналған оқулық
Коучинг жүргізген: Сабақта қолданылған материалдар
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Флипчарт, пламастерлер, бейнежазба
Коучинг жүргізген: Бағалау
Абенов К. Қ. №1 Бестөбе орта мектебі: Топтағы мұғалімдер жеке-жеке таратылған бағалау парақтарын толтырады.

Сабақтың барысы : Ұлы ойшыл, Конфуцийдің сөзі мен ережені тақтаға іліп қоямын да мұғалімдермен жылы сәлемдесіп, мұғалімдерді /қаламсаптарын жинап алып топқа бөлемін\ (3минут)

Өзімнің қызмет істеп жүрген мектебімнің талантты және дарынды балалар туралы слайд көрсетемін де төмендегідей сұрақтар қоямын: 1) Біздер не көрдік? 2) Нені байқадық?

Қойылған сұрақтарға мұғалімдер бірлесе отырып жауап берді. (5 минут)

Екі топтан бір-бірден екі мұғалімді ортаға шығарып, кемеңгер ақын Абайдың бір шумақ өлеңін үш түрде оқуларын өтіндім \мәнерлеп, әнімен, опера\ Өлең шумуғы төмендегідей:

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап. (5 минут)

Мұғалімдерге тақырыпқа сай қысқаша шолу жасаймын. (7 минут)

Құрметті әріптестер, тарихқа шолу жасасақ, соңғы 2о жылда дарынды және талантты деген ұғымдар басқаша түсініліп жүр. Бұл өзгерістерге 1972 жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларында ұсынылған Марланд есебі түрткі болды. Есеп дарынды және талантты балалардың жоғала бастағанын көрсетіп, тіпті дарынды және талантты балаларды мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар қойып теңестірілді. Алайда ғалымдардың есебі бойынша бұл қауіпті жоюдың бірнеше амалдары бар екендігі анықталды. Ең негізгісі- оқу қарқынын бейімделген әрі келісілген білім ортасы қажет болды.

Слайд көрсетіледі :Мұғалімдер талантты және дарынды балаларды қалай анықтайды? (7 минут)

Постер қорғау 1 топ. «дарынды» балалар қандай болуы керек? (2о минут)

2топ. «талантты» балалар қандай болуы керек ?

Топтар бірлесіп жасаған жұмыстарын қорғайды, қойылған сұрақтарға жауап береді,

Сергіту сәті : «Кім жылдам?» (3 минут)

Слайд көрсетіледі «Көбелек сабағы» (2 минут)

Бағалау. Таратылған бағалау парақтарындағы сұрақтарға жауап береді. (5 минут)

Стикер жазу. « екі жұлдыз, бір тілек». (3 минут)

Сабақтың соңы . «14 тілек әнменен». слайд көрсетіледі де игі тілектер ай тылыды. (7 минут)


Ұқсас жұмыстар
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен саралау: мұғалімдерге арналған коучинг
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау және дамыту: оқыту әдістері мен коучинг тәжірибесі
Талантты және дарынды оқушыларды диалогтық оқыту: қысқа мерзімді коучинг жоспары
Сындарлы оқыту арқылы дарынды және талантты оқушыларды анықтау және дамыту
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен инклюзивтік оқытуға арналған коучинг жоспары
Талантты және дарынды балаларды анықтау мен дамытуға арналған коучинг сессиясының жоспары
Дарынды және талантты оқушылар - мектеп айнасы: мұғалімдерге арналған коучинг жоспары
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен дамыту
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау және қолдау әдістемесі
Талантты және дарынды балаларды анықтау тақырыбындағы коучинг сессиясының рефлексивтік есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz