Қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрлері: ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қонақжайлы халықпыз

Мақсаты : білімділік- қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге үйрету;

Дамытушылық : Ойын арқылы, мақал мәтелдер айтқызу арқылы білімдерін дамыту, қонаққа шақыру, қонақтың түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, кішіпейілдікке, әдет-ғұрпымызды үйренуге тәрбиелеу.

Корнекілігі ; суреттер, интерактивті тақта.

Барысы :

Ұйымдастыру: Тілектер елі тренинг. Ортаға шығып «Тілектер елі» тренингке қатысады.

Топқа бөлу. Кәмпиттер арқылы топқа бөлу.

Біздің халқымыз үйге кірген жыланның басына да ақ құйып шығарады. Бұл -үйіңе қонақ болып дұшпаның келсе де, одан бараңды аяма деген ұғым шығар, өйткені қазақ халқына жомарттық, кеңдік тән.

Қонақжайлық -қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін халқымыздың қанына сіңген дәстүрлі әдебі.

Міне, ата - бабамыздың осындай аяулы салт дәстүрін білу -біздің парызымыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздан қонақ күту, қонақты баптау сияқты әдет -ғұрыпымызды үйренеміз деп ойлаймын. Тек бар ықыласымызбен тыңдай білейік.

1-оқушы :Армысыз, Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.

Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,

Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

2 -оқушы: Алдарыңда жауқазандай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.

Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,

Би билеп, ән де бүгін шырқалған.

Әр топ қонақжайлылық туралы тапсырмалар орындайды.

І. 1-топқа тапсырма. Қонақжай адамға тән ең басты қасиеттер қандай болу керек?

Кішіпейіл адам қонақтарды жылы қабақпен жарқылдай қарсы алады. Киімін іліп, көңілің аулауға тырысады.

Жомарт адам дастарханын жұтатпайды, тарылмайды. Былғап қояр, сындырып алар демей, заттарын көрсетеді. Қонағының неғұрлым көңілді отырғанын қалайды. .

Кеңпейіл адам келген кісі байқаусызда бір затын бүлдіріп алса, онда байқамаған болады. Бетіне баспайды. Қайта тыныштандыруға тырысады. Өз ойын сыпайлап жеткізеді. Достарын үйіне шын ниетпен шақырады, оларды бір-біріне жамандамайды. Нашар мінез көрсетпейді.

2-топқа тапсырма. Дәстүрді білесің бе?

Біздің қазақ халқы өнеге отбасынан деп үйде қатаң әдет ұстанған. Дастархан басында, қонақты қалай баптау, қонақты шығарып салу жайлы не білісіңдер?

Қазақтың дәстүрін білесің бе,

Білгеніңді ойға тоқып жүресің бе?

Білмесең тыңдап алғын бүгін бізден,

Содаң соң шын мәнінде істеп үйрен.

Дастархан басында.

Қазақ халқының аса мән - маңыз беретін орны дастархан басы. Әрбір қазақ шаңырағы үшін дастархан басы тәрбие мектебі болған. Тамақты бас қосып отырып үй -іші болып ішеді. Дастархан басында әуелі үлкендер жайғасады, содан кейін барып жасы кішілер орналасады. Жас адам үлкендерден бұрын бас салып тамақ алмайды. Тамақ ішіп болған соң да елден бұрын тұрып кетуге болмайды, бұл -біздің халқымызда тым тұрпайы, көргенсіз қылық. Егер асығып отырған адам болса, дастархан басындағылардан кешірім өтініп, кетуге рұқсат сұрайды. Рұқсат алса ғана орнынан тұрып кетуге болады.

Қонақтың бабы

Үйге келгенде қонақты апыл-ғұпыл тамақтандырып, шығарып салуға асықпайды, шай ішкен соң ас дайын болғанша қонақтардың көңілді отыруына, бабын табуға мүмкіндік жасайды. Ол үшін әңгіме дүкен құрып, үй иесі қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйші деген жастарды шақырып өнерлерін ортаға салады. Үй иесінің өнерлі балалары болса, олар да көңіл көтеруге атсалысқан ерсі емес.

Қонақты шығарып салу

Қазақ халқы - ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын ел. Сондықтан қонақты қарсы алып, шығарып салуға ерекше мән берген. Үй иесі шақырылған қонақ, құдайы қонақ деп бөліп жатпай бәріне бірдей сый -құрмет көрсеткен. Ертеректе адамдар көбінесе атпен жүретіндіктен қонақтың атының шылбырын ұстап, аяғын үзеңгіге салғанда екінші қолтығынан демеп атқа мінгізген.

Ал, сау болыңдар! Деп үйде қала бермей, далаға бірге шығып қоштасқан абзал.

3-топқа тапсырма. Қазақ халқының қонаққа шақыру түрлерін ата. Түрлері: Шілдехана, Бесікке салу, Тұсау кесу, Тоқымқағар, Беташар, Қыз ұзату, Ерулік. Сонымен катар қазақтың төрт тойы бар:жаңа жыл тойы-Наурыз тойы, жаз тойы-Қымызмұрындық, күз тойы- Сабан той, Мизам, қыс мерекесі-Соғым басы.

4-топқа тапсырма. Қонақтың неше түрі бар?

1 . Арнайы қонақ- алыстан әдейі іздеп келген қонақ.

2. Құдайы қонақ- тосыннан келген қонақ.

3. Қыдырма қонақ- ерігіп, желігіп, үйден үйді, ауылдан ауылды кезіп журген қонақ.

4 . Қылғыма қонақ- өрісі тар, ауылдағы түтіні түзу шыққандарды торып, өзінің құлқыны үшін аузына салғанын шала шайнап қылғататын қонақ.

ІІ. Сахналық көрініс.

Әр топ конверттегі тапсырма бойынша сахналау көрсетеді.

1-конверт. Құрбыңның туған күнге келуі

2-конверт. Апаңның қонақтарды қарсы алуы

3-конверт. Жаңа танысқан досыңды қонаққа шақыру

4-конверт. Бейтаныс адамның қонаққа келуі

ІІІ. Сергіту сәті.

ІҮ . Мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата - бәйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … қорқақ…

Ұқсас жұмыстар
10-сынып: Қазақтың қонақжайлылық дәстүрлері мен қонақ түрлері
Қазақ халқының Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүрлері
Ғажайып алаң: Қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбындағы оқу-сайыс
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: дәстүрлі рәсімдер мен тәрбиелік мәні
Қонақ келсе - құт: 5-сынып тәрбие сағаты, қонақжайлылық пен ұлттық салт-дәстүрлер
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: мәдени мұра мен тәрбиелік рөлі
Қазақтың салт-дәстүрлері мен рәсімдері: тәрбие сағаты
Қыз тәрбиесі мен ұзату дәстүрлері: Қыз өріс, қыз қонақ тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты
Наурыз мерекесі: қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тәрбиелік маңызы
Ашық сабақ: Қазақ халқының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz