Сен және төтенше жағдайлар: әрекет ету ережелері және алғашқы медициналық көмек


Тәрбие сағатының тақырыбы : «Сен және төтенше жағдай»

Мақсаты:

Білімділік: Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында -болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту;

Тәрбиелік: Өрттен, жер сілкінісі, боран, үсік шалу, мұздақта жүру, зардап шегушілерге қамқорлық жасап, әдепті болу, жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;

Дамытушылық : Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік, сахналық көрініс.

Құрал-жабдықтар: ACTIVBORD интерактивті тақтасы, өрт сөндіру құралдары.

Сабақтың барысы :

I . Ұйымдастыру (амандасу, сабаққа қатысатын кісіні айтып кету)

II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып кету.

III. Демалыс орындарындағы өрттердің пайда болу себептері. (Слайдпен жұмыс, тақтадағы сурет бойынша түсінік беру) .

IY. Өрттің алдын алу, өртенген жағдайда көрсетілетін көмек, өрт кезінде күйген адамға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру. (Сынып жетекші)

Y. Топпен жұмыс (Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді)

1-тур. (Екі топқа сұрақтар беріледі) .

1-топқа . 2003 жылы 14000 шамасында өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1000 -дай адам зардап шегіп, 560-ы қаза болды. Тұрғын үй секторындағы өртттің негізгі себептері: электр өткізгіштің тұйықталуы, қараусыз қалған қыздырғыш приборлары, жылыту пештерінің приборлары, жылыту пештерінің ақаулығы, балалардың отпен ойнауы . . . Осы аталған жағдайларды болдырмаудың жолдары. (Оны болдырмаудың жолдарын оқушылардың жолдарын оқушылар айтады ) .

2-топқа . Өткен жылғы мәліметтер бойынша автожол үстінде 10500-дей көлік апаты мен жол оқиғасы тіркелді, бұдан 14000 -дай адам зардап шекті. Оның ішінде 1900 адам қаза болған . Автожолдардағы апаттылықтың жоғарғы дәрежесінің негізгі себептері -көлікқұралдарының техникалық күйінің нашарлауы, жүргізушілердің дайындығы мен тәртібінің төмендеуі. (Оқышылар жауаптарын береді) .

YI. 1-топ. «Алғашқы өрт сөндірушілік көмек ».

2-топ. « Өрт кезінде күйген адамға алғашқы көмек көрсету»

(Көрініс түрінде көрсетіп, жауаптарын түсіндіріп айту) .

YII. Тест жұмысы. (Дұрыс жауаптарын белгілейді)

1. Бүкіләлемдік « Азаматтық қорғау күні»

а) 1. 01. в) 1. 02. с) 1. 03.

2. Егер үйіңде өрт болып қалса қай номерді тересің ?

а) 102; в) 103; с) 101.

3. «02» номерін тергенде кімге телефон шалып жатырсың?

а) дәрігер; в) милиция; с) газ.

4. Егер иісін сезсеңіз қай номерді тересіз?

а) 104; в) 102 с) 103.

5. Егер жақын адам немесе өзің күрделі жарақат алсаң қай номерге хабарласасыз?

А) 101 в) 103; с) 102.

YIII . Келген кісіге сөз беру.

IX. Қорытындылау.


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz