Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Торайғыровтың Қамар сұлу романындағы кейіпкерлер келбеті

<<Қамар сұлу>> романындағы кейіпкерлер келбеті Кожанова Зинаида Курбанбаевна
№15 орта мектептің І санатты қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы :С.Торайғыровтың <<Қамар сұлу>> романындағы кейіпкерлер келбеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
С.Торайғыровтың шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;
Тәрбиелік:
Кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, талдау, , тұжырым кестесі,проблемалық сұрақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына назар аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау. С.Торайғыров. <<Қамар сұлу>> романының кейіпкерлерінің бейнесін ашу.
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Сұрақ-жауап кезеңі:
* Ақын өмір сүрген жылдар?
* Ақынның біліммен сусындаған Білім Ордалары туралы баянда.
* Ақынның қандай жинақтары жоғалып кеткен?
* Ақын поэмаларын атаңдар.
* Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай орны болды?
* <<Таныстыру>> поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?
* <<Айқап>> деген сөз қандай ойға жетелейді және Сұлтанмахмұттың қандай мақалаларын білесіңдер?
* Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?
* <<Қамар сұлу>> романы көтерген әлеуметтік мәселе қандай?
* Шығарма неліктен <<Қамар сұлу>> деп аталған?
3. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында С.Торайғыровтың <<Қамар сұлу>> романының мазмұны жағынан талдау жұмысын орындалады.
Әр бөлімге қысқаша сипаттама беру тапсырылады.
1 -бөлім. <<Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...>>
2-бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары
3-бөлім. Күндестік оты жанғанда
4- бөлім. Жорға Нұрым. Омбы асқан Ахмет
5-бөлім.Қырын келген құдалық
6- бөлім. От ортасында ойрандалған Омар
7- бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар
8-бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі
9- бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар
4. Үй тапсырмасын қорыту мақсатында << Романнан алған әсерім>> оқушылар ой бөліседі.
5. Жаңа сабақ.
-Міне, балалар, біз роман мазмұнымен таныстық. Енді романдағы кейіпкерлердің
іс-әрекетіне қарап, жан-жақты ой саралап көрейікші.
6. Жаңа сабақты бекіту мақсатында шығарманы кейіпкерлер әлеміне талдау жүргіземін.
1. Шығармадағы адамдардың тұрмыстық жай -күйлері қалай берілген? Әңгімеле
2. Роман кейіпкерлеріне талдау жаса
3. Нұрым- қандай адам?
4. Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?
5. Сол замандағы бақсы-балгерлердің іс-әрекеті романда қалай берілген?
7. Проблемалық сұрақ. Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы заманда кездесе ме? Кездессе, қандай түрде ? Неліктен <<қатігездік-надандық белгісіне>> саналады?
Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.
8. Тапсырмалар. Көркем шығарма мәтінімен жұмыс.
9.Жаңа сабақты пысықтау мақсатында <<Тұжырым кестесін>> толтыртамын.
Кейіпкерлері
Адами қасиеттері
Іс-әрекеттері
Қамар
Ахмет
Омар
Жорға Нұрым
Оспан би
Қалтан қажы

10.Кейіпкерлер портретін қалай береді?
* Қамар
* Ахмет
* Нұрым
11. Модельдеу әдістемесі
І.Шығарма тақырыбы:Әлеуметтік теңсіздік,әйел теңсіздігі
ІІ. Шығарма идеясы: Қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малға сатуды әшкерелеу
ІІІ. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым
ІҮ.Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер: Қалтан,Оспан, Қасен, Жәуке,Жұмабай, Бәтек молда
Ү. Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм,жанры-проза, поэзия+проза
ҮІ. Шығармадағы монологтерді тапқызу.
Ахметті сүйемін-ақ,сүйгенім үшін күйемін-ақ,
Ал енді шыдамадым... қараландым...
Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме,
Қамар мені сүйді ме,сүйгендіктен күйді ме?...
oo Монолог кімдікі,қандай жағдайда айтылған?
ҮІІ.Шығарманың көркемдік ерекшелігі
ҮІІІ.Шығармадағы суреттелетін салт-дәстүр: Атастыру, қызды қалың малға сату, жар-жар, үшкіру, кәде беру
ІХ.Қолданылған мақал-мәтелдер:
<<Соқыр тауыққа бәрі бидай>>, <<Таң атпайын десе де, күн қоймайды>>, <<Кәріліктің алды жігіттіктің соңы>>, <<арсызға алты күн мейрам>>, <<Суға кеткен тал қармайды>>, <<Теңі келсе, тегін бер>>, <<Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді>>, <<Бір тойған - шала байдық>>, <<Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас>>, <<Сокырдың қолына, саңыраудың жолына түспе>>, <<Жақсыдан жаман туса, емі болмас, жаманнан жақсы туса, теңі болмас>>, <<Ит үрді, керуен көшті>>, <<Бастан құлақ садақа>>.
ХІІ.Шығарма құрылысы:
1. Басталуы: Қамарды суреттеуі, Қамар мен Ахметтің кездесуі;
2. Дамуы: Ғашықтық сезім, хаттарға берілген жауап;
3. Шиеленісуі: Олардың әлеуметтік жағынан сәйкес келмеуі,күндестікке толы ауылдағы өсек, қудаланған Ахметтің оқуға кетуі
4. Оқиғаның байланысы.Нұрымның әйелі қайтыс болуы, Нұрымның Қамарға кісі жіберуі
5. Шарықтау шегі: Қамардың зорлықпен ұзатылуы, науқастануы
6. Шешімі: Ахметпен кездесуі, өлімі
Қорытынды. Барлық ойды түйіндеу, оқушыларға ой тастау
Бағалау. Үйге тапсырма: Ойтолғау жазып келу.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№15 орта мектептің І санатты қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
С.торайғыров. «қамар сұлу» романы. (2-сағаты)
Қамар сұлу романы
Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу
Мәңгі өшпес жарық жұлдыз
С. торайғыров туған еліме
С. торайғыров "бір адамға"
Шығармашылық сабақ
Ғабит мүсірепов. «қазақ солдаты» романы
Абай жолы
Қазақ әдебиеті
Пәндер