Шығыс септікте тұрған сөзді тап

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Кожакова Анаргүл Инадировна
Тақырбы: Ш Ы Ғ Ы С С Е П Т І К
Мақсаты:
Білімділік:
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Дамытушылық:
Жаттығулар орындата отырып, шығыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
С/түрі: Жаңа сабақ
С/әдісі: Семантикалық карта, Венн диаграммасы, Тест, Топпен жұмыс
С/көрнек: Интер. тақта, карточкалар.
С/барысы: Ұйымдастыру (Қызығушылығын ояту)
Топқа бөлу, әр топқа сұрақ қою.
1-топ: Қазақ тілінде неше септік бар?
2-топ: Септік жалғаулары дегеніміз не?
3-топ:Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
Семантикалық карта:
Қайың, Кітап, Оқушы сөздерін септеу.
Ребус шешу: ШАР, НАН
Шана деген сөз шығады.
-Шана неден жасалады?-Ағаштан, темірден. Осы сөздерге сұрақ қою.
-Неден?Шығыс септігінің ережесін меңгерту.
Н/бөлім. Мағынаны ашу.
Оқулықпен жұмыс
-Күннің жады, көркем жазу: Шана ағаштан, темірден жасалады.
67-ж:Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, оның қай септікте тұрғанын айту. -Неден?-Жаңбырдан. -Қайдан?-Аспаннан. Жалғаулары:-дан, -нан.
68-ж:Қымыз туралы сұрақ қою, өз ойларын айту.
Сергіту: Зат есім септеледі жеті түрде
Ешқашан шатыстырып алып жүрме
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой
Жатта оны ойнап күлме, босқа жүрме
70-ж:Сызбадағы жалғуларға сай келетін зат есімдерді табу. Шығыс септік жалғауларының әр-түрлі жалғану себебін түсіндіру.
71-ж:Жұмбақты жатқа жазып. шешуін табу. Ер-тоқым.
ТОПҚА ТАПСЫРМА:
1-ТОП:Өлеңді мәнерлеп оқып, шығыс септікте тұрған сөздерді тауып, жалғауларын ату. Төскейден жел еседі, төбемнен бұлт көшеді
Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі.
2-ТОП:Шығыс септікте тұрған сөзді тап, астын сыз, қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. Дәрі шөптен жасалады, Дана көптен шығады.
3-ТОП:Жұмбақты шеш, шығыс септікте тұрған сөздерді тауып сұрақ қой.
Орманнан жалпақ даладан, Бал іздеп бір-ақ жортады
Кіп-кішкене арадан, Үп-үлкен боп қорқады.
Венн диаграммасы: Жатыс септік пен шығыс септікті салыстыру
Қорытынды:Ойтолғаныс
1. Ойын: АҚҚАЛА
Аққала, аққаланың, аққалаға, аққаланы, аққалада, аққаладан деген сөздер таратылып беріледі. Әр сөзді септіктер ретімен орналастыру арқылы аққала шығады. Септіктердің аттарын атап, жалғауларын, сұрақтарынайту.
2. ТЕСТ ЖҰМЫСЫ:
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а ) 6. ә ) 7 б) 5
2. Сөйлемнен шығыс септікте тұрған сөзді тап:
Кеше Сауледен хат келді.
3. Шығыс септігінің сүрақтарын тап.
а) Кімде? Неде? ә ) Кімнің? Ненің? б ) Кімнен?Неден?
4. Шығыс септікте тұрған сөзді тап.
а ) Мектептен ә ) Мектепте б) Мектептің
5. Шығыс септігінің жалғауларын тап.
а ) -да, -де, -та, -те
ә) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
б) -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
Бағалау. Үйге тапсырма:1. Септіктер жаттау
2. 72-жаттығу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz