4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Киіз үйдің құрылысы мен қағаздан безендіру

Қ. Мұхамеджанов атындағы № 1 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: Киіз үйді безендіру.

Пән мұғалімі: Алпысбаева Г

Сыныбы: 4 «б»

Қызылорда 2013ж

Сабақтың тақырыбы: Киіз үйді безендіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ежелгі тұрағы- киіз үй туралы мағлұмат беру. Киіз үй құрлысымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық қолөнерімізді жетілдіру, киіз үйді қағаздан жасап безендіру.

Тәрбиелік: Ұлттық қолөнерімізді құрметтеуге, тарихымызды білуге тәрбиелеу .

Сбақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жеке үйрету, сұрақ-жауап, интерактивтік тақта, сөзжұмбақ шешу.

Пәнаралық байланыс: Сызу, геометрия, сурет, тарих, әдебиет

Көрнекілігі: Плакат, Дайын бұйым, қағаздан сызба үлгісі, нұсқау карта.

Құрал-жабдықтар: Түрлі түсті қатырмақағаз, қайшы, желім, сызғыш, циркуль, қалам

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Сабақты бекіту

Ү. Сарамандық жұмыс

ҮІ. Қорытынды, бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма

І. Оқушылармен сәлемдесу, арнайы киімдерінің болуын қадағалау. Оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй жұмысы тексеру

(сұрақтардың астына киіз үйдің суретін жасырылған жауабын айтқан кезде тақырып ашылады)

Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтар.

  1. Ұсақ маталардан не жасалынады?
  2. Бутербродтың қандай түрлері бар?
  3. Торттың негізгі шикі заты не?
  4. Дизайнер өнері қандай салаларда қолданылады?
  5. Дизайнер деген кім?
  6. Үгілмелі қамырдан не дайындалады?

-Балалар біз суреттен не көріп тұрмыз? (оқушылар жауабы: Киіз үй)

- Міне біздің бүгінгі өтетін сабағымыз «Киіз үй. Киіз үйді безендіру»

Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу

Бір нәрсе шеңбер, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш, ұйқыш.

Көзі бар жарқыраған төбесінде,

Жайса үлкен, жинағанда бірақ уыс

(киіз үй)

ІІІ. Жаңа тақырып

Әлемнің жеті кереметі бар болса, біздің қазақтыңда жеті кереметі бар.

1. Таңбалы тас суреттері
2. Алтын адам
3. Маңғыстау жерасты мешіті
4. Домбыра
5. Иассауи кесенесі
6. Астана - Бәйтерек

7. Қазақтың киіз үйі

Киіз үйдің 2 мың жылдық тарихы бар. Көшпелі сақтарда ең алғаш киіз үйлерді арбаның үстіне тіккен. Жинамалы киіз үйлер көне түркілер заманында қалыптасқан. Киіз үй малшаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз үшін ең қолайлы баспана болды. Киіз үйді тігу және жығу аз уақытты қажет етеді. Киіз үй киізден және ағаштан жасалынады. Ағаштан жасалған бөлшектерін сүйектері деп атайды. Киіз үй сүйектері- кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық яғни есіктен тұрады.

Кереге -киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Кереге жиналмалы және жазылмалы болып келеді. Керегенің жеке бөліктерін қанаттары деп атайды. Керегенің ең ұзын ағашын ерісі, орташасын сағанақ, кішкентайын балашық деп атайды. Ертеде мансаптарына қарай 18, 24, 30 қанат үйлерді тіккен.

Шаңырақ- киіз үйдің еңсесін құрап тұтастырып тұратын күмбез. Шеңбер жасап тұратын ағашты тоғын, қосу амалына ұқсас дөңес ағашты күлдіреуіш, күлдіреуіштер шашырап қалмас үшін берктік ағаштардан тұрады. Шаңырақтың уық қадайтын көздері болады.

Уық- Шаңырақ пен керегені байланыстыратын иінді ағаш. Уық иіні, қары, қалам ұшы уық баудан тұрады.

Сықырлауық - киіз үйдің ағаш есігі. Ашып жапқан кезде сықырлап тұрғандықтан сықырлауық деп атаған. Сықырлауық маңдайша, табалдырық, 2 босаға, жақтаудан тұрады.

Киіз үйдің сүйектері құрылып болған соң, сыртын киізбен жабылады. Киіздің төрт түрі бар.

  1. Туырлық-үйдің кереге бөлігін айналдыра жауып тұрады.
  2. Үзік-уық үстіне жабылады, үзік екі немесе үшеу болады.
  3. Түндік-шаңырақты жауып тұратын төрт бұрышты киіз.

Жабуларына байланысты; Ақ үй, боз үй, қара үй деп аталады.

-Балалар киіз үйдің қандай сүйегі біздің рәміздеріміздерімізде бейнелеген. C:\Users\User\Desktop\фоны\pig\бот\7.png Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Түндік - таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

Негізгі бөлім:

Киелі қазағымның киіз үйі,

Маңдайша, босаға мен табалдырық.

Алты қанат кереге, қаламды уық,

“Шіркін-ай, қандай шебер жасады”-деп,

Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып.

Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас,

Жылы, жеңіл


Ұқсас жұмыстар
Киіз үйдің құрылымы, ішкі жасаулары және ұлттық рөлі
Киіз үйдің физикасы: құрылымдық және материалдық негіздері
Қазақ тілі мен әдебиет: Киіз үйдің құрылымы мен мәдени маңызы (2-сабақ, ашық сабақ)
Киіз үйдің ішкі көрінісі және өрнектердің түстері мен бояулары: 6-сынып бейнелеу өнері
4-сыныпқа арналған қағаздан Лалагүл композициясын жасау сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабағы: Киіз үй және оның жиһаздары
Бастауыш сыныпқа арналған қағаздан бұйымдар жасау сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған ашық сабақ: Кілем түрлері және қағаздан кілемше тоқу
Ашық сабақ: қағаздан құмыра жасау - тарихы мен технологиясы
6-сыныпқа арналған PowerPoint арқылы көрмелерді безендіру және графикалық файлдармен жұмыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz