Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бірініші сенім - өзіне деген сенім
Қазіргі таңдағы білім берудің негізгі мақсаттарының бірі -оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, яғни көшбасшы-оқушыны тәрбиелеу болып табылады. Дегенмен, біз әдетте функционалдық сауаттылық, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың белсенділігін арттыру, бағалау критерилері сияқты мәселелерге көп көңіл бөлеміз, ал оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастрыру мәселесі көбіне тысқары қалып қояды.
Сондықтан мен бүгін <<Көшбасшылық дегеніміз не?>> деген сұрақты қарастырып, оған мүмкіндігінше жауап беруді ұйғардым.
Ең әуелі <<Көшбасшы деген кім?>> деген сұраққа жауап берейік.
1. Көптеген адамдарда көшбасшы әр уақытта алда жүреді деген ой қалыптасқан, бірақ дұрысы - көшбасшы алда жүрмейді, керісінше, ол әрқашан өзі көш бастаған адамдарымен бірге жүреді.
2. Көшбасшының назары өзінде емес, өзгелерде, яғни ол өзінің қызығушылықтары жайлы ғана ойламайды, ол үшін өзге адамдардың қызығушылығы маңыздырақ.
3. Көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі - жауапкершілік. Ол ешқашан жауапкершіліктен тайынбайды.
4. Ол әрқашан тұрақты, яғни оның бойында қандайда бір нәрсені бүгін жасағым келеді, ал ертең жасағым келмейді деген құбылмалық болмайды.
5. Мәселелерді шеше біледі және өз бетінше шешім қабылдай алады.
Жалпы адамдарды мінез-құлқы мен бірдей жағдайда түрлі ойлауларына байланысты салыстырмалы түрде үш топқа бөлуге болады: қырандар, үйректер, түймедақтар.
Қырандар - әрқашан алға қойған мақсаттарына жететін, алдарында кездесетін қиыншылықтарға төтеп бере алатын адамдар.
Үйректер - әрбір нәрсені, тіпті қолынан оп-оңай келсе де, қиналып, ашуланып жасайтын, көбіне көңіл-күйі бір нәрсеге толмай жүретін және жоқ жерден шу шығарып, тырнақ астынан кір іздеп отыратын адамдар.
Түймедақтар - сырт көзге қарағанда сабырлы, тиянақты, бірақ өте құбылмалы, яғни бір сәтте қандайда бір нәрсеге зауқымы болса, келесі сәтте болмауы мүмкін. Сол сияқты көңіл-күйі де құбылмалы.
Енді оқу үрдісіне қайта оралатын болсақ, біз өз оқушыларымыздың қандай болғанын қалаймыз? Әрине: білімді, тәртіпті, белсенді, жаупкершілігі мол, тиянақты, инабатты, шығармашыл және т.с.с. Осы сұраққа жауап бере отыра біз оқушылармыздың әрбіреуі осындай қасиеттерге ие бола бермейтінін сезінеміз. Осыдан келесі сұрақ туындайды: қашан біздің оқушыларымыздың, барлығы болмаса да, басым бөлігі осындай қасиеттерге ие болады? Әрине, біз өзіміз осы қасиеттерге ие болғанда ғана. Себебі оқытушы мен оқушының арасында көрінбейтін дубликация болады. Демек, оқушылар - біздің бейнеміз, қалай болса да, олар бізге ұқсайды, олар біздің бойымыздағы қасиеттерді өздеріне сіңіреді. Мұғалімдер көбіне балалардың біліміне, тәрбиесіне көп назар аударады. Ал менің айтарым, біз - мұғалімдер, оқыту үрдісінің барысында оқушылардың білімі мен тәрбиесіне емес, өз біліміміз бен тәрбиемізге аса көңіл аударуымыз керек. Өйткені кейбір кезде біз, шыны керек, оқушылардан өз бойымызда жоқ қасиеттерді талап етеміз. Ал мұндай жағдайда нәтиженің бомайтыны айдан анық.
Осы бойда өмірде болған шынай оқиғаға тоқтала кететін болсам. Ертеде бір әйелдің баласы қантты өте көп жепті. Сол себепті, ол М. Гандиден баласын осы әдеттен айыруға көмектесуін сұрапты. Сонда Ганди: <<Жақсы. Тек үш айдан соң келіңдер>>,- деп жауап қайтарыпты. Үш айдан соң әйел келгенде, Ганди балаға бәрін ұғындырып, оны бұрынғы әдетінен айырыпты. Сонда баланың анасы одан <<Үш ай уақыт не үшін қажет болды?>> деп сұрапты. Оған Ганди: <<Сол үш айдың ішінде мен қант жеу әдетінен бас тартуға ӨЗІМДІ тәрбиеледім>>,-деп жауап беріпті. Демек, басқа адамдардан бір нәрсені талап еткенде, өзіміз соған сай болуымыз керек. Яғни тек көшбасшы - мұғалім ғана көшбасшы - оқушыны тәрбиелей алады. Сондықтан біздер - мұғалімдер әуелі өзіміз көшбасшы болумыз керек. Сол себепті мен әрі қарай көшбасшы - оқушы емес, көшбасшы - мұғалімнің қалыптасуы туралы сөз қозғаймын.
Мұғалім оқушыларға өздерінің шынайы түрде қандай екендерін көруге көмектеседі, ал көшбасшы - мұғалім оқушыларға өздерін шынайы мәннен де жақсы екенін көруге көмектеседі.
Адамға тән нәрселердің бірі - оның көңіл-күйі және оның өзгеру үрдісі. Төменде мұғалімнің әрүрлі жағдайда көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты эмоционалды графигі көрсетілген. Онда тігінен мұғалімнің түрлі жағдаяттардағы 1-10 аралығындағы шкаламен бағаланған көңіл-күйі және көлденең сол жағдаяттардың өзі көрсетілген. Жағдаяттар: 1. Оқушылардың тәртіпсіздігіне байланысты сабақтың үзілуі; 2. Мұғалімнің өзіне қатысты жақсы пікірлердің естуі; 3. Журнал толтыру барысында қателесуі; 4. Оқушыларының немесе өзінің сайыстарда жүлделі орын алуы; 5. Сөгіс естуі.
Осы графиктен біздердің байқап отырғанымыз келеңсіз жағдайларда мұғалімнің көңіл-күйінің өте төмен түсуі.
Енді екінші графикке назар аударайық. Ол көшбасшы - мұғалімнің эмоционалды графигі.
Бұл графиктен байқап отырғанымыз: келеңсіз жағдайлдарда көңіл-күй түскенімен, бірінші графиктегідей өте төмен түспейді. Осыдан келесідегідей сұрақ туындайды. Неге көшбасшы мұғалімнің эмоционалды графигі жай мұғалімнің эмоционалды графигінен ерекшеленеді? Себебі көшбасшы - мұғалім ешнәрсе істемейтін адам ғана қателеспейтінін түсінеді және оның өзіндік жекесенімділігі болады. Жекесенімділік өз кезегінде төрт сенімнен тұрады.
Бірініші сенім - өзіне деген сенім. Ал адамның өзіне деген сенімі өзін жақсы көруден басталады. Бұл жердегі өзін жақсы көру дегеніміз эгоизм емес, өзін жақсы көретін адам - өзін сыйлайтын адам. Ал өзін сыйлайтын адам әрқашан жан-жал, ұрыс-керіс, ұрлық-зомбылық, өтірік айту және т.с.с. жаман нәрселерден аулақ болады.
Екінші сенім - айналаңдағы адамдарға сену. Оның өзін бірнешеге бөлуге болады: оқушыларға деген сенім - себебі әрбір оқушы біздердің оған қалай қарайтынымызды, олардың қабілеттерін қалайша бағалайтынымызды, айтпасақ-та, сезеді. Сондықтан әуелі біз оларға сену керекпіз, содан кейін ғана олардың өздеріне деген сенімі арта түседі; ұжымға деген сенім - әрбір жақсы мұғалім күнінің басым бөлігі мектепте өтеді десем қателеспеймін. Сол себепті жұмыс істейтін педагогикалық ұжымымыз - біздің екінші отбасымыз десек те болады және әрбір мұғалім өз әріптесіне отбасы мүшесіне сияқты сене білуі керек. Өйткені, бірлігі мен татулығы жарасқан педагогикалық ұжым ғана үлкен жетістіктерге жете алады; тәлімгерге деген сенім - әрбір жас мұғалімнің өз тәлімгер - мұғалімі болады. Кейбір жас мұғалімдердің ойынша тәлімгер - мұғалім жас маманды үйретуі керек, дегенмен, менің айтарым, керісінше жас мұғалім өзі тәлімгер - мұғалімнен үйренуі керек. Себебі жас маманның, мүмкін, білімі жеткілікті болғанымен, тәжірибесі әр уақытта жете бермейді. Сондықтан ол өзінің тәлімгер - мұғалімімен тығыз жұмыс істеуі керек. Ал жоғарыда айтылғанның екеуінің арасында тығыз жұмыс өзара сенімділік болған кезде ғана орнайды; администрацияға деген сенім - бұл жердегі негізгі қағида - мұғалімнің администрация тарапынан өзіне қатысты айтылған сынды дұрыс қабылдай білуі. Себебі сынды дұрыс қабылдап, одан дұрыс нәтиже шығара білетін адам ғана тұлға, көшбасшы ретінде өрге жүзеді. Дегенмен кейбір кездерде <<Айналаңдағы адамдарға сену, бірақ олар сияқты ойламау>> деген қағиданы ұстану жөн болады. Өйткені біздің ортамыз әріптестеріміз бен оқушыларымыздан ғана тұрмайды. Мысалы, кейде <<мұғалім болу - қиын жұмыс, ол сенің қолыңнан келмейді, мұғалімдік - қайырымсыз жұмыс>> деген пікірлерді, әсіресе, жас мамандар жиі естуі мүмкін.
Үшінші сенім - өз іскерлігіне деген сенім. Әрбір жас мұғалім үшін оқушылармен жұмыс істеу, жалпы педагогикалық үрдіс жаңашылдық болса, әрбір жас мұғалім өз оқушылары үшін де <<жаңашылыдық>> екенін ұмытпау керек. Ал кез келген жаңашылдық әр уақытта үш кезеңнен өтеді: 1. Сенімсіздік.
2. Зерттеу
3. Қабылдау
Осы жерде бастапқы кезде жас мамандар оқушылардың тіл алмауы, сабақты үзуі, соның әсерінен оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыра алмау деген жағдайларға тап болатынын айта кеткен жөн және осындайдың бар болуы орынды да, себебі бұл жас маманның тәжірибесіздігінің көрсеткіші ғана емес, мұндай жағдайда балалардың жас мұғалімге деген сенбеушілік кезеңі көрініс табады, немесе, басқаша айтқанда, оқушылардың жас мұғалімді сынауы десе де болады. Содан кейін екінші кезең - ол зетрттеу кезеңі, яғни оқушылардың жас педагогты зерттеуі, бұл жерде оқушылардың тарапынан мұғалімнің мінез-құлқын ғана емес, сондай-ақ тіпті білімін тексеру кезеңі басталады. Осы негізгі екі кезеңнен өткеннен кейін ғана үшінші - қабылдау кезеңі келеді жәнеде алғашқы екі кезеңнің әрбір жас маман үшін уақыт аралығы бойынша әртүрлі болатынын ескеру керек. Ал ол болса өз кезегінде біршама уақытты талап етеді. Біреулері бір-екі аптаның ішінде қабылдау кезеңіне қол жеткізсе (ол сирек кездеседі), келесілері бір-екі жылдық жұмыс арқасында қол жеткізеді. Сонда да көптген жас мамандар бірден үшінші кезеңнің - қабылдау кезеңінің нәтижесін күтеді, сол себепті бірнеше ай жұмыс істеп, мектепке келген жас маман тіпті ішкі күйзеліске ұшырауы да мүмкін. Сондықтан, меніңше, әрбір жас мұғалімнің осы жайлы хабары болғаны абзал.
Көшбасшыға тән төртінші сенім - әрине, бұл Құдайға деген сенім. Әрқашан өмір - бумеранг екенін ұмытпау, яғни жасаған әрбір әрекетіңнің, жақсылығың болсын, жамандығың болсын өзіңе қайтып келетінін көкейде ұстау. Бізбен болатын жағдайлардың барлығына біз өзіміз себепшіміз.
Жалпы біздің қоршаған адамдарымызды екі категорияға бөлуге болады: <<өрт сөндірушілер>> мен <<өртеушілер>>. <<Өрт сөндірушілер>> дегеніміз өзге адамдардың шабытын, қызығушылығын жоятын, идеяларын жоққа шығаратын және әрбір нәрседен, тіпті әрбір адамның бойынан кемшілік іздеп отыратындар. Ал <<өртеушілер>> - керісінше, өзгелердің шабытын, қызығушылығын арттыратын, идеяларын қолдайтын, әрбір нәрсенің, адамның жақсы қасиеттерін көре білетіндер. Содан біз өзімізге сұрақ қояйықшы. Біз қандай адамдармен көбіне араласамыз? Қайсыларымен көбірек араласамыз, соларға ұқсайтын боламыз. Сондықтан көшбасшы боламын және көшбасшы - оқушыларды тәрбиелеймін деген адам <<өртеушілермен>> көбірек араласуы керек. <<Біріншіден - айналаңа қара; екінші, өзіңе сұрақ қой: <<Мен сол адамдарға ұқсағым келе ме?>>; үшінші, егер ол адамдарға ұқсағың келмесе, өз ортаңды ауыстыр>> деген Джим Ронның сөзі бар.
Сонымен қатар, Артур Гордон айтқандай: <<Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ>>. Әрбір көшбасшы өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал болады.
Іске адалдық жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Әрбір көшбасшы өз мақсатына жету барысында көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап болады. Ал алға жылжытатын жалғыз күш - іскерлікке деген адалдық. Адамның ойы, сөзі және әрекеті сәйкес болғанда ғана ол бағалы болады. Сондықтан көшбасшының ойы, сөзі және әрекеті әр уақытта сәйкес келеді және соңында айта кетер жайт - адамдар үшке бөлінеді:
1. Ұлы жанды адамдар - идеялар жайлы айтады .
2. Орта жанды адамдар - саясат жайлы айтады.
3. Кіші жанды адамдар - өсек айтады.
Ал көшбасшылар бар жерде өсек болмайды, өсек бар жерде көшбасшылар болмайды. Меніңше, жоғарыда айтылған көшбасшылық ұстанымдармен өмір сүретін мұғалім ғана көшбасшы - оқушыны тәрбиелей алады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz