8-сыныпқа арналған диктант: сөйлем құрылымы мен түрлері бойынша бақылау (Күй аңызы мәтіні негізінде)

Сабақ тақырыбы: Диктант (8-сынып)

Сабақ мақсаты: Сөйлем, сөйлем түрлері бойынша диктант жүргізу. Материалды

қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуғ үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  1. Өтілген тақырып бойынша емле, пунктуация ережелерін біледі.
  2. Сөйлем құрылысын айыра алады.
  3. Сауатты жазуға ұмтылады.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

  1. Психологиялық дайындық
  2. Қызығушылығын ояту

«Домбыра - қазақтың қасиетті дүниесі. »

Б. Момышұлы

Домбыраға тірек сөздер табады.

Құрманғазы күй, қобыз, домбыра күйлері

Дина

Жеке жұптаса топтаса

ІІ. Мағынаны тану.

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.

Қазақ пен қалмақ күйі.

Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілігі көп заманда екі елді егестірген мәселенің түйіні ұдайы найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен ғана шешіліп отырмаған. Найзадан өтімді сөзге тоқтаған, қылыштан өткір уәжді тыңдаған кез де аз болмаса керек.

Бірде екі жақтың әскері сеңдей сіресіп, мұздай құрсанып келіп, үлкен бір қантөгіс шайқас басталғандай екен. Сонда елдің қамын ойлап, белі бүгілген бір қарт тұрып: « Уа, ағайын! Арадағы түйін - түйткілді қан төкпей шешейік!»-деп сөз бастайды.

Сол кезде сіресіп келген екі ел әскерінің ішінде бірінен-бірі асқан дәулескер екі күйші бар екен. Сол екі күйшіні күй сайысына түсіріп қай жағы жеңсе сол жағының талабын орындауға уәде етіседі.

Сонда қамалдай қаумалаған қалың әскердің ортасына ақ киіз жайылып, үстіне қос күйші шығарылады. Алғашқы кезекті қазақ күйшісі алып тартқан екен. Екінші кезек қалмақ күйшісіне тиеді.

Күй біткенде екі жақтың түнеріп тұрған әскері соғыспақ ниеттерін ұмытып кетіп еді дейді.

Күй аңызы осылай айтылады да әрі қарай: « Қазақ пен қалмақтың күйі еді», -деп жұп күй тартылады.

(А. Сейдімбек)

ІІІ. Жазу кезеңі

  1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.

ІV. Бекіту .

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

V. Тексеру, бағалау

VІ. Үйге тапсырма: Қайталау ережелері. Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінен 4 сөйлем жазу.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ әдебиеті: Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіндегі өнер тақырыбы
Тахауи Ахтановтың Күй аңызы бойынша аралас сабақ: домбыра өнері мен сыни ойлауды дамыту
8-сынып әдебиеті: Күй аңызы әңгімесіндегі жазушының сөз қолдану шеберлігін жан-жақты талдау - қысқа мерзімді сабақ жоспары
8-сынып: Тахауи Ахтановтың Күй аңызы әңгімесін талдау және Нар идірген күйінің өнердегі маңызы
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен диктант түрлері мен әдістемелік нұсқаулар
Ілияс Жансүгіровтің Күй поэмасы: күй аңызы, қобыз өнері және әдеби талдау
2-3 сыныптарға арналған математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу бойынша бақылау жұмыстары мен диктант (14.03.2016)
3-сынып қазақ тілі: I тоқсанға арналған диктант түрлері мен тапсырмалар жинағы
Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіне арналған сабақ: автор өмірі, күйдің шығу тарихы және әдеби-музыкалық талдау
7-сыныпқа арналған IV тоқсандық қазақ тілі бақылау жұмысы: тапсырмалар құрылымы және бағалау критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz