Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дауысты дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ

Мақсаты: Түбірдің соңындағы қ дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша
жалғанған жағдайда қ дыбысы ғ дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру;
Шапшаң жазуын, жылдамдығын байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
Әдемі, көркем жазуын дамыту
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу
Көрнекілігі: қ мен ғ дыбыстары, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Таңғы жаттығу
Таңғы жиын
Амандасу
Оқу құралдарын түгендеу
Психологиялық дайындық

Өткенді қайталау: Қима қағазбен жұмыс істеу
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой
Кәсі... - кәсі... і
мекте... - мекте... і
тала... - тала... ы
әде... - әде... і
жі... - жі... і
қора...- қора... ы

Сергіту сәті: № 5
Жаңа сабақ: Буын саны бірдей қ дыбысына аяқталатын сөздерді тауып, торкөзді толтыр. Сол сөздерге ы дыбысын қосып жаз. Қ дыбысы қандай дыбысқа өзгерді?
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
Мысалға (қалақ, тарақ, мазақ, тауық, қызық)

Оқулықпен жұмыс: 136 жаттығуды орындайды
137 жат өлеңді оқып, көшіріп жазады.

Дәптермен жұмыс: тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.
Тара...
Маса...
Мысы...
Тауы...
Оқулы...
Тырна...

Тақтамен жұмыс: көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Топыра..., шыра..., жола... ы, жоры..., қуырша... ы, ая..., ла... ы.
Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

Шығармашылық жұмыс: жаңылтпашты жатқа жаз.

Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті
<<Құлақ>> сөзіне дыбыстық талдау жаса
Бекіту: Не өттік? Сабақты қалай меңгергеніңді тексеру
Жеке жұмыс: әр оқушыға қима қағазы беріледі, өз беттерімен жұмысты орындайды
Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Неліктен сол әріпті жазғаныңды дәлелде.
Қарма... ы, бұйры... ы, құла... ы, ла... тар, бұла..., қайма... ы.

Бағалау: мадақтау
Үйге тапсырма:

Дауыссыз қ мен ғ
Жарияланды 18-04-2013, 12:58 Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ
Сабақтың мақсаты: <<Қ>> дыбысынан аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса, <<Қ>> дыбысының <<Ғ>> дыбысына айналатынын меңгерту.
Білімділік: <<Қ>> дыбысының барлық буындарда келе беретінін, ал <<Ғ>> дыбысының сөз басында және ортасында келетінін, сөз соңында жазылмайтынын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жазу коллеграфиясына көңіл бөліп, көркем жаза білуге баулу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: проблемалық, ізденушілік.
Көрнекіліктері: плакат, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қай тапсырма болса да
Орындамай қоймайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(119 - жаттығу тексеру)
М: Сөздерге у дыбысы жалғанғанда қандай өзгеріс болды?
О:
М: Тап, жап болып айтылады
Ой ашар. (тақтадан оқу)
Қолғап - қолғабы
доп - добы
Тәртіп - тәртібі
қорап - қорабы
Талап - талабы
мектеп - мектебі
М: Сонымен, кім ережесін айтып жібереді?
О: П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б дыбысына айналады.
М: Енді балалар, мына сөздерді оқып көрейік.
Қалақ - қалағы ---------------- қасық - қасығы
Ұшақ - ұшағы --------------------- қалпақ - қалпағы
Мысық - мысығы --------------------- пышақ - пышағы
М: Балалар, алдыңғы берген ережені осы оқылған сөздерге де айтуға бола ма? Ендеше қайта айтайық. (1 - 2 баладан сұрау)
О:
М: Тек нені өзгертіп айттыңдар?
О:
М: Сонымен біздің жаңа сабағымыз <<Дауыссыз қ мен ғ>> деп аталады.
121 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Күрделі тапсырманы орындау. Сөз соңындағы <<қ>> дыбыстың <<ғ>> дыбысына айналды.
Ой қозғау.
М: Балалар, кітаптағы ережені оқимыз. Не байқадыңдар? Ұқсас па? Айырмашылығын тап. Айырмашылығы - <<ғ>> әрпі сөздің соңында жазылмайды. Ауызша <<қ>> дыбысының сөз соңында жазылмайды. Осыған байланысты 120 - жаттығу жараймыз. Ауызша <<қ>> дыбысының соңында, басында, ортасында жазылып, аяғында жазылмайтынына көз жеткізу.
Көркем жазу
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Екі қанат жаямыз
Қарлығаш боп ұшамыз
Көк аспанды құшамыз
Жерге келіп қонамыз.
Орнымызды табамыз.
М: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
О:
М: ия, 25 қазан Республика күні. Сол мерекеге байланысты, қазір Терме диктантын орындаймыз. Мен өлеңді оқып беремін, сендер тыңдап отырып <<Қ>> дыбысынан естілген сөздерді теріп жазасыңдар.
Ақжайық, Алтай арасы,
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
М: Бұл өлеңде Ақжайық, қазақтың, шалқар, қарашы. Ережеге сәйкес келетін сөздер бар ма? Болса ережеге сәйкестеп айтайық.
Ақжайық - Ақжайығы
Қазақ - қазағы
М: Автор өлеңді қандай сезіммен жырлап тұр?
О:
Ойын: <<Тізбек>> дидактикалық ойын
Шарты: Жапырақтың сыртына жазылған сөзге бір оқушы <<ы>> дыбыстарын қосып айтып, артында отырған оқушыға береді. Ол оқушы сол сөзбен сөйлем ойлайды. Мыс: сабақ - сабағы. Асан сабағына дайындалды. Орақ, ұршық, қабақ, жолақ, парақ.
Жеңген қатарды шығару.
М: Сонымен, біз бүгін қандай ережемен таныстық?
О:
Үйге тапсырма беру
М: 123 - жаттығу, ереже жаттау
Бағалау
М: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау әдісі арқылы бағалаймын.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;
2. Ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту;
3. Ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау стратегиясы, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, слайд

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық. (слайд)
Қайталау (<<Ой қозғау>> стратегиясы): Дауыссыз дыбыс түрлері (слайд)
ІІ. Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру.
Жұмбақтағы <<бесік>>, <<төсек>> сөздеріне <<і>> әрпін қосып айтқызу және дәптерлеріне жазғызу.
Сөз соңындағы <<к>> дыбысынан кейін, дауысты дыбыс келсе, ол <<г>> дыбысына айналады.
Мысалы: елек - елегі, кірпік - кірпігі т. б.
:: Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу.
Сөздерді оқу, мағынасын ашу, <<к>> дыбысы мен <<г>> дыбыстарының орнын анықтау.

Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
:: Дәптермен жұмыс
Күннің реті Көркем жазу
:: Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық! (қолдарын екі қапталға созады)
Көгершінге ұқсайық. (қолдарын қимылдатады.)
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық! ( орындарына отырады.) ( слайд )
- жаттығу. Заттардың атын жазу.
:: Суретпен жұмыс
Сөздерге <<і>> дыбысын қосып жазу. Мысалы: елік - елігі т. б.
:: Анаграмма <<К>>.
<<К>> дыбысынан басталған сөздерді жазу. ( слайд )

(Күлән, көкек, көмір, кеспе, кітап, күрек, кірпі, көмек, көжек)
:: Семантикалық карта
:: Ойын <<Қай әріпті жоғалттым?>>
Шәйне.......
еті......
өрі.......
бөлтірі......
күре.......
белді.......

ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Санамақты оқу, жаттау. Ішіндегі <<к>> дыбысына аяқталған сөздерге <<і>> әрпін қосып жазу. Саусақтардың атауымен көрсету, жаттату.

Ережені қайталатып, мысалдар келтіру.
:: Мақал - мәтел айту
Ата - бәйтерек,
Бала - жапырақ.

Жол атасы - тұяқ,
Су атасы - бұлақ,
Сөз атасы - құлақ.

IV. Үйге тапсырма
4, 5 - жаттығу. Ереже жаттау.

Мақсаты:
а) Оқушыларға К мен Г дыбыстарының қалай айтылатыны, қай буындарда жазылатыны, К әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе өзгеретіні туралы түсіндіру.
ә) Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.
б) Әдемі, таза жазуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, карточкалар, анаграмма т.б.
Түрі: аралас
Пәнаралық байланысы: дүниетану, ана тілі
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Қазақ тілім, өз тілім, анам тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген ана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым, қазақ тілім.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді еске түсіру, пысықтау
Дыбыс деген не?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Дауысты
дыбыстар
Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ
Жіңішке дауысты дыбыстар:ә, ө, ү, і, е

Дауыссыздар
Буын құрай алмайды
Түрлері: қатаң, ұяң, үнді
24 дауыссыз бар
Қатаң дауыссыз: қ, п, т, ш ,щ, ц, ч, ф, с, х, һ.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, з, ж
Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у
Ендеше, Қ қандай дыбыс?
Ғ қандай дыбыс?
Қ, Ғ дыбысының айтылуы туралы не білеміз?
Көкөністердің аттарын атайық.
Көкөністердің қандай пайдасы бар?
(витамин, адам денсаулығына пайдалы емдік қасиеті бар).
Осы көкөністердің ішінен асқабақ, қызанақ, орамжапырақ сөздеріне Ы дыбысын қосып айтып көрейікші. (асқабағы, қызанағы, орамжапырағы).
Бұл сөздердегі Қ дыбысы қалай өзгерді?

Е Р Е Ж Е:
Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, Қ дыбысы Ғ-ға айналады. Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Мысалы: Орақ - орағы, жапырақ - жапырағы. құлақ-құлағы.
3. Үй тапсырмасын тексеру:
4 - жаттығу (72 бет)
Тоқылдақ орман емшісі болады.
Қарлығаш аяғынан жараланыпты.
Жаңбырдан соң кемпірқосақ шығады.
Жапырақ бетінде шық жылт-жылт етеді.
а) орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырғанын оқыту
ә) қ мен аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жасау.
5-жаттығу
Жұмбақты шешу.
Қ дыбысына аяқталған сөзді табу.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық.
Оңға иіліп,
Солға иіліп,
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Жаңа сабақ.
Дәптерге бүгінгі күн ретін жазу.
Көркем жазу.
Кк Гг
Оқулықпен жұмыс жасау
1-жаттығу: Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі, гүлзар.
К - дыбысы қай буындарда кездесіп тұр?
Г - дыбысы ше?
К, Г - қандай дыбыстар?

2-жаттығу: Санамақты жатқа оқу, К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Үйрек + і - үйрегі
терек + і - терегі
шүмек + і - шүмегі
бөбек + і- бөбегі

Ережені бір оқушы дауыстап оқу, түсіндіру.
Г әрпі сөз соңына жазылмайды. Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, Кдыбысы Г-ге айналады. Мысалы: түлік - түлігі, жүзік - жүзігі, керік - керігі
Суреттегі заттардың атын жаз.
Сөздерге і дыбысын қосып айту, сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды?
Иесі оның сәби,
Әрі төсек, әрі үй. (бесік)
төсек, бесік сөзіне і әрпін қосып айту, жазу.
Берілген сөздердің аяғына у әрпін қосып жазу:
төк - төгу, төгілді, төгеді.
Ек - егу, егілді, егеді.
Тік- тігу, тігілді, тігеді.
Сөк - сөгу, сөгілді, сөгеді.
Топпен жұмыс жасау:
1-қатар 2 - қатар 3- қатар
тәулік көлік еңбек
шуақ жарық ойыншық
Берілген сөздерге і, ы дыбыстарын қосып айту, сөйлем құрау.
Шағармашылық тапсырма:
Балқарағай сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау.
Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар,балға, арай, қарға, лақ, арал, айбар, бақа, т.б.

АНАГРАММА "К" әрпіне

1. Ыдыс аяқ
2. Тағам түрі
3. Киюге арналған зат
4. Бұрынғы, ежелгі сөзіне мағыналас сөз.
5.Қарама қарсы тізілген үйлер қатары
6. Су көлігі
К
Е
С
Е
К
Ө
Ж
Е
К
И
І
М
К
Ө
Н
Е
К
Ө
Ш
Е
К
Е
М
Е

Анаграмма "К"

1. Кісінің аты
2. Ұя салмайтын құс
3. Жанғыш пайдалы қазба
4.Тағам түрі
5. ... білім бұлағы
6. Жер қазатын құрал
7. Қыста ұйықтайтын жануар
8. Спорт түрі
9. Жәрдем жасау
10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы

К
Ү
Л
Ә
Ш
К
Ө
К
Е
К
К
Ө
М
І
Р
К
Е
С
П
Е
К
І
Т
А
П
К
Ү
Р
Е
К
К
І
Р
П
І
К
Ү
Р
Е
С
К
Ө
М
Е
К
К
Ө
Л
І
К
Т Е С Т:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 2 ә) 3 б) 4
2. Сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
а) қалаық ә) қалақ б) қалағ
3. К дыбысына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстар жалғанса қандай дыбысқа айналады?
а) ғ ә) к б) г

Қорыту:
1. Мен бүгін сабақта не үйрендім?
2. Мені таңқалдырған не?
3. Салауатты өмір салтына байланысты өлең, мақал-мәтел, жұмбақ білесіңдер ме?
Бағалау: оқушыларды өз-өзіне бағалату. Мұғалімнің бағалауы

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Дауыссыз К мен Г-ні қайталау, ережені еске сақтау.
74-бет, 5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
"Спорт - денсаулық кепілі" тақырыбына шығарма жаз

<<Жұмбақ>> шешу:
Ағада бар,
Менде жоқ.
Жағада бар,
Жеңде жоқ.
(Ғ)

Ұқсас жұмыстар
Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны
Дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстардың түрлері(аралас сабақ – 45 минут)
2-сыныпта өткенді қайталау
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
Езулік дауыстыны тап
Сұраққа жауап беру
Дауысты және дауыссыз дыбыс
Пәндер