Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Құдық туралы әпсана
Біздің өміріміз – ең басты құндылығымыз.
Мақсаты: өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,
өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен
қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба
біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Өтілу түрі: ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, слайд.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, психология, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері: Оқушыларды жыл мезгілдері арқылы 3 топқа бөлу.
Кіріспе сөз: - Саламатсыз ба, балалар! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз
ӨМІР жайлы болмақ. Сол себепті бүгінгі сабағымды күні кеше ғана дүниеден
озған ҚР халық жазушысы, біздің жерлесіміз Қ.Мырзалиевтің өмір жайлы мына
өлеңімен бастағым келіп отыр.
Адам жылап туады
Ағайынын қуантып.
Және жылап өледі
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда
Жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде
Жақсылар бар қимайтын.
Ия, шындығында адам өмірге жылап келіп, жылап кетеді. Өмір адамға бір-ақ
рет беріледі. Сол өмірді қалай етіп өткізем деу адамның өз қолында. Өмірде
адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді-өзің тану, өзіңді-өзің сыйлау,
өзіңді- өзің қадірлеу.
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге
дейінгі жүрген жолы.. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын
сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір
мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір
ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп
тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып
қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол
өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса, Өмір адамға бір-ақ рет беріледі.
Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге
не жетсін.
Ой қозғау: Оқушыларға ауызша сұрақтар беріліп, сол жөнінде оқушылардың
ойы тыңдалады.
- Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
- Өмір адамға несімен қымбат?
Топтық тапсырма:
І топ. (Өз ойларын ортаға салады)
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,
Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам
Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?
Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?
Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
ІІ топ. (Әпсана-әңгіме арқылы ой қорытады.)
ІІІ топ. «Өмір – бұл...» ойтолғау жазу.
Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады.
Оларды именбей, жасқанбай, өту-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай,
өзіңе сенімді болсаң, қиындықты жеңсең – сол бақыт.
Жаратқанның адамға берген ең үлкен игілігі-өмір болса, сол өмірге
өкпелеуге еш хақымыз жоқ.
Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да
көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады.
Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз,
қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады,
қалың жауын нөсерлей құйып, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге
айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен
ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.
Жүректен-жүрекке. (жүрекшелерге тілектерін жазып, тақтаға іледі.)
«ӨМІР» туралы слайд тамашалау.
Қорытынды:
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді.» дегендей
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен
ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Өмір сүргің келсе, қозғалыс жаса.
Екі бақа ыдыста тұрған қаймаққа түсіп кетеді. Біреуі қатты
қорқып отыра береді де, бір мезгілде қаймаққа батып, тұншығып өледі.
Екіншісі жан дәрменімен аяқ – қолын сабалап, қимылдай бастайды. Бір
кезде қаймақ қоюланып, майға айналады да, бақа секіріп шығып кетеді.
Сонда, қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек
екен.
Құдық туралы әпсана
Бір күні есек құдыққа құлап кетті де, бар даусымен ақырып, көмекке
шақыра бастады. Оның айқайына қожайыны жүгіріп жетті де, қолын бір
сілтеді. Өйткені есекті құдықтан шығару мүмкін емес еді.
Қожайын: «Менің есегім қартайды, өлуі де жақын. Мен бәрібір жас есек сатып
алайын деп жүр едім. Ал мына құдық болса, өте терең, мен жаңа құдық
қазуды баяғыдан ойлап жүр едім. Маған неге екі қоянды бір оқпен атып
алмасқа – ескі құдықты топырақпен толтырып, есекті де көміп тастайын», -
деп ойлады. Көп ойланбастан көршілерін шақырады.
Бәрі қолдарына күрек алып, құдыққа топырақ лақтыра бастайды. Есек
не болғанын бірден түсініп, бар дауысымен ақырады, бірақ оған ешкім
көңіл аудармай, құдыққа топырақ лақтыруды жалғастыра береді.
Біраздан кейін есек үнсіз қалды. Қожайын құдықты қараған кезде өз
көзіне өзі сенбеді, есек арқасына топырақ түскен сайын сілкініп,
аяқтарымен таптай берген екен. Ең соңында басқаларды таң қалдырып,
есек құдықтан секіріп шықты. Бұлай боларын ешкім күтпеген еді...
Мүмкін сіз де өміріңізде талай қиындықтарды бастан өткерген шығарсыз.
Болашақта өмір сізге жаңа қиыншылықтарды жіберуі мүмкін. Әр уақытта
сізге кезекті ауыртпалық түссе, сіз оны сілкіп тастап, соның арқасында
одан да биікке көтерілуіңіз мүмкін емес пе?
Әрбір шешімін таппай тұрған мәселе- бұл сізге өмірдің лақтырған қатты
тасы десек, сіз осы тастардың үстінен аттап өтіп, күтіп тұрған қатты
дауылдан құтыла аласыз.
Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз - өзіңізді ренжіткен
адамдарды кешіріңіз.
Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз – олардың көбі пайдасыз.
Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.
Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз
Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын
ұмытпаңыз.
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Біздің өміріміз – ең басты құндылығымыз.»
Дайындаған: Жұмашева Г.Қ.
2012-2013 оқу жылы
-----------------------

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz