Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Болымды етістік
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А Утешева
Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли -ақын.
Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер
Мақсаты:
а) Білімділік: Қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу;оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамытукөркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту.
б) Тәрбиелік: Ақын - жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Зейін қойып тыңдау, мәнерлеп оқу, мазмұндама беру, өнегелі білім алу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс, ойын, проблемалы ізденіс, талдау, сұрақ - жауап, байқау.жазушының өмірбаяны, мәтін, мәнерлеп өлеңдер оқу, қанатты сөздер мен өлең талдау, тест.
Сабақтың көрнекіліктері:дидактикалық материалдар, таратпалар, слайдтар, сурет, және өлең жолдары жазылған қағаздар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті.
Қолданылатын инновациялық технологиясы: СТО элементтері
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
(оқушылармен амандасып, оларды түгендеу).
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. <<Олжалы бестік>> ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана <<5>> бағасын қою.
1. <<Мықты болсаң, тауып көр>>- Үнемі көмекші етістік болатын етістіктерді ата.
2. <<Жүйрік болсаң, шауып көр>> - Көмекші етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
3. <<Ойлы болсаң, озып көр>>- Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. <<Алғыр болсаң, алып көр>>- Құттықтаймын, сен <<бестік>> бағасын алдың!
5. <<Зерек болсаң, айтып көр>> - Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
<<Тірек мәтін>> техникасы бойынша етістік түрлерін сызбаға түсіру:
дара негізгі
күрделі етістік туынды
4. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау.
5. Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің сөзі.
ә) Тақтамен жұмыс.
Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді.Жан - жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Ой тастау.
Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс - әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады?
Ал енді бұл сөйлемдердегі іс - әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?
Тыйым сөздермен жұмыс.
Балар, қазақтың ырым, тыйым сөздері - кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік.
Бос бесікті тербетпе.
Малды теппе.
Үй ішінде ысқырма.
Көпке топырақ шашпа.
Жібер - жіберме
Қаз - қазба
Шақыр - шақырма
Төз - төзбе
Тізеңді құшақтама!
Құр бесікті тербетпе!
Бүйіріңді таянба!
Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе!
б) Тұжырым жасау.
Демек, іс - әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді.
Болымды етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы, келді, жүрді, сөйледі т. б.
Болымсыз етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді.
Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық.
1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б.
2. Етістіктің есімше тұлғасы мен <<жоқ>>, <<емес>> сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б.
Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: сказал - не говорил, писал - не писал, спала - не спала. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, <<не>> предлог арқылы жасалады.
Сондай - ақ, ағылшын тілінде де сәйкес келеді. Мысалы, Do you speak English?
No. I do not speak English. Мұндағы іс - әрекеттің жүзеге аспауын <> сөзі арқылы білеміз.
Сондай - ақ болымсыз етістік жұрнақтары зат есім тудырушы жұрнақтармен омонимдес болып келеді. Оларды қалай ажыратуға болады? Болымсыз етістік жұрнағына екпін түспейді, ал зат есім тудырушы жұрнаққа екпін түседі. Мысалы, көр - ме, көр+ме, шал+ма,
ІІІ. Оқулықпен жұмыс <<Ой толғаныс>>
1.Тақтамен жұмыс. Сөйлескен жоқ,келген емес,көрген емеспін,сезген жоқсың деген сөз тіркестеріне сөйлем құрап жазу. Аз,айт,ас,бақ,ем,жар,жаз,ес,и,илан,сөйлес,жи,шай,сыз,кет,бас,өлше,қал,үз,соз, үр,жүз болымсыз етістік жаса.
2.2-жаттығу Оқулықпен жұмыс. Синтетикалық бөлім (Операциялық - орындаушылық кезең) Мәнерлеп оқу, көшіру, етістіктердің астын сызу. <<Жеті>> өлеңін оқу. Өлеңнің авторы кім? Көрнекілік стратегиясы. а) Өз бетімен тақырыпты меңгеру.
* 1935 жылы 5 қаңтарда қадір Ғинаят МырзалиевОрал облысының Қаратөбе ауданы жымпиты ауылында дүниеге келген.
* 1952 жылы Қ.Мырзалиевтің тұңғыш өлеңі қандай аудандық <<Қызыл ту>> газетінде жарияланды.
* 1953 жылы екінші өлеңі ...... <<Екпінді құрылыс>> (қазіргі <<Орал өңірі>> газеті) жарық көрді
* 1959 жылы <<Көктем>> деп аталатын кітабы жарияланды.
* 1966 жылы Қ.Мырзалиев республика комсомолы сыйлығына ие болды.
* 1980 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
б) 1-жаттығу ,157 бет Мәтін бойынша 2 сұрақ дайындау.
IV. Жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау
Берілген етістіктерге сұрақ қойып, болымды екенін дәлелдеу, жұрнақ жалғап болымсыз етістік құрастыру
Көру диктанты (4- жаттығу,158 бет)
V. Мақалдарды жатқа жазу, болымды, болымсыз етістіктердің астын сызу, сөз құрамына талдау.
1-нұсқа 1-мақал 2-нұсқа 2-мақалды
Атаңның баласы болма, Киіміңе мақтанба,
Адамның баласы бол. Біліміңе мақтан.
ҮІ.Үй тапсырмасы. Нәтижеге бағытталған кезең .Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Өзіндік жұмыс (деңгейлік тапсырмаларды орындау, ашық журнал парағын толтыру) 1-деңгей. Семантикалық картаны толтыр:
Етістік
Болымды етістік
Болымсыз етістік
жинады
жина
Жина+ма
есептемеді
дірілдейді
сыбырлады
азаймайды
сескенбе
кіріп келді
оятты
қақпа
тазалама
2-деңгей Сызба бойынша сөзді түрлендір:
Түбір сөз болымды етістік болымсыз етістік Ой- Көркем-_ Тегіс-- Тұз -
3-деңгей Болымсыз етістік пен сұраулы сөйлемді салыстыр, қорытынды жаса Үйілген сұр төбешік күл ме? Досыңды мұқатып күлме. Көліктен секіріп түспе. Жылтыраған қызыл түс пе?

No. I do not speak English. Мұндағы іс - әрекеттің жүзеге аспауын <

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz