Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақсақ құлан, Жошы хан

Сабақтың тақырыбы: Ақсақ құлан, Жошы хан
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға <<Ақсақ құлан, Жошы хан>> аңызы туралы түсінік беру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз әңгімелер жинағы,интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Өткенді қайталау
Аңыз дегеніміз не?
Аңыз қалай пайда болған?
Аңыз - әңгіме неден құралады?
Аңыз - әңгіме бізге қалай жеткен?
Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?
Асан Қайғы қайда қайтыс болған?
2. Аңыз - әңгімелер, <<Асан Қайғының Жерұйықты іздегені>> мазмұндау
3. Түсіндірме сөздікпен жұмыс.
4. Іздену жұмыстары (пәнаралық байланыс)
5. Тарих беттерінен (бейнебаян)
6. Асан атаға хат.
7. Оқушылар өздерінің туған жеріне Асан Қайғыша баға береді, сурет салады.
8. Суретті пайдаланып шығарма жазу және эпиграф етіп Асан Қайғының бір сөзін алу
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Сабақ түсіндіріліп жатқанда күй орындалып, өлеңі оқылады.
Ақсақ құлан, Жошы хан
Жошы ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшылармен бірге жүріп, бір жерде қашып бара жатқан ақсақ құленды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жүйіткіп бара жатқан бір топ құланға қосылыпты.Баланың астындағы еріккен тұлпар елігіп құландарға қосылады. Құланның әңгісі баланы шайнап өлтіреді. Жошы аңшыларға қаһарын төгіп: <<баламды тауып бер>> деп қалың кісіге іздетеді.
Баламды өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын деп жарлық қылады. Енді ешкім баласының өлгенін Жошы ханға айта алмайды. Ақыры көпшілік ордада отырып, бір домбырашыға күймен айтқызады.
2. <<Ақсақ құлан, Жошы хан>> мультфильмінен үзінді көрсетіледі.
3.Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:
І-ТАПСЫРМА. Кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай топтау.
ІІ-ТАПСЫРМА. Мінездеме
ІІІ-ТАПСЫРМА. Жоспар құру.
ІV.Сабақты қорыту:
Түсінік тексеру:
Жошы ханның жас баласы қалай қайтыс болған?
Жошы қаһарын қалай төкті?
Жошы не деп жарлық шығарды?
Жошыға баласының өлгенін кім және қалай естіртті?1.Бағалау
V.Үй тапсырмасын беру.
1.Оқып, түсінгенін айту.
2.Үзіндіден ұнаған шумағын жаттау.
3. <<Әңгімедегі бақытсыз жан>> эссе жазу.
4.Жошы хан туралы мәлімет іздеу.

Ұқсас жұмыстар
Ақсақ құлан, жошы хан, 5 сынып, қазақ әдебиеті
Ақсақ құлан мультфильмі
Жошы ханның баласын естірткен күй
Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде қазақ сөзінің мағынасы
Домбыра дастан
Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата
Қайталау-білім анасы.(5-сынып)
Ақсақ құлан күйі
Қазақ сазгерлері
Яссауи кесенесі
Пәндер