Ағылшын тілін оқытуда инновациялық педагогикалық технологиялар мен жобалық тәсілдер

Заман ағымына лайықты еліміздің болашағы үшін қазіргі таңлағы негізгі міндет - халқымыздың ұлттық дербестігін нығайта отырып, елімізді өркениетті елдердің қатарына қосу. Сол елдер қатарына қосылуға ықпал жасайтын еліміздің болашағы - жастарға білім мен тәрбие беретін ұстаздар қауымы екенін жақсы бы білеміз.

Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім саласының іргетасын қалайды. Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану -бос әрекет»-дегендей білім ғана биікке жеткізеді. Ал білім саласын дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет, яғни жаңаша көзқарас керек-ақ. Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз білім сапасы жөнінде болса, оны арттырудың тиімді жолы - оқытуда жаңаша инновацияларды қолдану аясын кеңейту.

Кез-келген білім беру технологиялары мынадай әрекеттерден тұрады:

  • Мақсатты бағыталған;
  • Сүйенетін ғылыми идеяларының болуы;
  • Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің жүйелілігі;
  • Нәтижелі бағалау өлшемдері;
  • Нәтижелері;
  • Қолдану барысындағы шектеулер.

Жеке тұлғаға бағытталған технологияларды 3 топқа бөлуге болады:

  • Дәстүрлі мектеп технологиясы - білім, білік, дағдыға бағытталған.
  • Дамыту мектебі технологиясы -құзыреттілікке бағытталған.
  • Әлеуметтік мектеп технологиясы - әлеуметтік технологиялар.

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде аталмыш жаңашыл технологиялар жиі қолданылып, ұстаздар тобы өз кезегінде нәтижесіне куә болуда. Олар:

-В. Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технологиясы;

-П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;

-В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;

-Ш. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;

-Л. Заньков пен Д. Эльконин, В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;

-В. Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы;

-М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы;

-Ж. Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

-Г. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы. Және т. б

Мұғалім ұстаздық жолында үнемі ізденісте болады, оған бір ғана әдіс-тәсілді қолданып, жалаң көзқараста болуға болмайды. Сол себептен де пән мұғалімі ретінде оқытуда жобалау, ақпараттық, ойын, оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі, проблемалық оқыту, коммуникативті байланыс, жекелеп оқыту, топтық оқыту, технологиялардың эелементтерін пайдалана отырып, сабағымды ақпараттық, танымдық, топтық кіріктірілген, аралас, бекіту, сайыс, ойын, қайталау патриоттық, шығармашылыққа баулу сабақ т. б. түрінде оздырамын.

Мен сабақ беретін 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытында оқулықтың өзінде аталмыш әдістерге негізделген тапсырмалар жиі берілген. Жобалау әдісі - ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістердің бірі боп саналады. Мұнда оқушылар жеке немесе топпен бірлесіп белгілі бір бағытта әрекет етеді, ізденіс жүргізеді, ол еңбектенуді үйренеді, өз пікірін дәлелдей алады, білімін, күшін сынайды. Оқытушының мақсаты - тақырыпты шығармашылық түрде меңгерту, логикалық ойлауын жетілдіру. Әр жоба ауызша бір тақырыпқа байланысты болады. Мұнда оқушы тек 1 ғана пәннен алған білімін ғана емес басқа пәндерден алған білімін де көрсете алады. Және де топ мүшелерінің дайындық деңгейі бірдей болуы шарт. Жобалық тапсырмаларды мен «Ағылшын елінің мейрамдары», «Ұлыбританияны басқару жүйесі», «АҚШ-тың билік жүйесі» тақырыптарын өткен кезде- қорытынды сабақта ұсындым және топтық жұмыс арқылы атқарылды.

Сонымен бірге осы сыныпта қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру әдісін жиі қолданамын.

Мысалы: «Ұлыбританияның Денсаулық Сақтау орталығы».

І тапсырма. (Ассоциациялық жағдай тудыру) . ІІІ топ «Денсаулық» тақырыбына қатысты сөздер айтады. ІІ топ осы сөздерден сөз тіркестерін жасайды. І топ сөйлем құрайды.

ІІ тапсырма мәтінмен жұмыс. ІІІ топ мәтінді оқиды. ІІ топ аударады. І топ сұраққа жауап береді.

ІІІ тапсырма. Префикстердің қолданылуы. (Грамматика)

ІІ топ префикстен жасалған сөзді мәтіннен тауып береді. ІІ топ аударма жасайды.

І топ сол сөздерге сұрақ қояды.

Демеуліктерді қайталау сабағында «Фигуралар» ойыны оң нәтижесін берді. Әр топқа бір-бір конверт беріледі. Біреуінде геометриялық фигуралардан жасалған әріптер бар. Екіншісінде тек ғана фигуралар берілген. Алғашқы топ демеуліктерді пайдаланып, өзінде көрсетілген әріпті қалай құру керектігін айтады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ағылшын тілін оқытуда жобалық оқытуды қолдану: теория мен практика
Шет тілін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдер мен әдістемелік тәжірибе
Шетел тілін оқытудағы инновациялық педагогикалық технологиялар мен ойын элементтерін қолдану
Қазіргі заманғы ағылшын тілін оқыту: коммуникативтік бағыт және инновациялық модульдік технологиялар
Ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін пайдалану: әдістемелік тәсілдер мен практикалық жаттығулар
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиялық технологияларды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Математиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жекелендірілген оқытудың инновациялық әдістемесі
Мектеп сабақтарындағы инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологиялар
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиалық технологиялардың тиімділігі
Мектепте ағылшын тілін оқытудың инновациялық және тиімді әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz