3-сынып: Абайдың әндік шығармашылығы мен музыкалық мұрасы

Сынып 3

Тоқсандық тақырыбы: Халқымыздың мақтанышы әнші- композиторлар .

Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер.

Сабақтың мақсаты : Абайдың қазақ қоғамында алатын орнын ұғындыру.

Білімділік мәні : Композитордың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға, әнге деген

сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі :Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет.

Ұйымдастыру . Үй тапсырмасын сұрау: Жаяу Мұса. «Ақсиса»әні.

Жаңа сабақты түсіндіру: Абай салған сырлы әндер.

Актуалдау:

«Абай дана, Абай дара қазақта»

Сабақтың барысы:

Қазақтың ұлы ақыны және композиторы Абай Құнанбаев Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақтың ән өнерін жаңа көркемдік бейнелеу құралдарымен дамытты. Абай қазақтың ән өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай оның да «естісі мен есері» барын айтып, «құлақтан кіріп бойд алар, жақсы ән мен тәттә күйді» ұнатқан. Қазақтың халық музыкасымен сусындаған Абай шығармаларында қазақтың музыка тілін жаңа көркемдік бейнелеу құралдарымен байытты.

Оның «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң»т. б. әндері және «Торжорға», «Май түні» атты күйлері бар.

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.

Ән үйрену: Көзімнің қарасы.

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы.

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзіде білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.

Қорытындылау : Ақын

Күйші Абай Композитор

Әнші

Үйге тапсырма: Абай өлеңдері.

«Көзімнің қарасы» әні.

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Абайдың әндері мен музыкалық мұрасы
Абайдың музыкалық мұрасы: ашық сабақ жоспары
4-сынып: Өзбек пен ұйғыр халықтарының музыкалық мұрасы мен дәстүрлі аспаптары
Ұлылардың үндестігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығы контекстінде
Ілияс Жансүгіровтің Әнші өлеңі: өмірбаян, поэтикалық талдау және Әсет Найманбаевтың әндік мұрасы (7-сынып)
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы: әдеби-музыкалық кеш
3-сынып: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы мен рухани мұрасы туралы ашық сабақ
Ғазиза Жұбанова: өмірі, шығармашылығы және педагогикалық мұрасы
Құрманғазы Сағырбайұлы: өмірі, шығармашылығы және күй мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz