Paint графиктік редакторы

7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты өңдеу. Paint графиктік редакторы.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету;
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
- Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете баяндау, пікірлесе- түсіндіру, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, тест.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест жұмысы
- Технология сөзі қандай мағынаны білдіреді?
А) өнер, шеберлік, біліктілік
Б) баяндау, түсіндіру, мәлімет
В) өмір тәжірибесі, білім
2. Ақпарат сөзі қандай мағынаны білдіреді ?
А) өнер, шеберлік, біліктілік
Б) баяндау, түсіндіру, мәлімет
В) өмір тәжірибесі, білім
3. Технология дегеніміз. .
А) белгілі бір нәрсені талдау үшін орындалатын әрекет
Б) белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекет.
В) есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге сыратын әрекет.
4. Ақпараттық технология. . .
А) белгілі бір нәрсені жинақтау үшін орындалатын әрекет
Б) белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекет.
В) есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге сыратын әрекет.
5. Ақпараттық технологияның өңдеу әдісі мен тәсілдеріне байланысты түрлері?
А) Мәтіндік, сандық, графикалық және мультемедиялық
Б) ауқымды, базалық, нақты
В) пәндік және қолданбалы
6. Ақпараттық технологияның өңделетін мәліметтер типіне байлансты түрлері?
А) Мәтіндік, сандық, графикалық және мультемедиялық
Б) ауқымды, базалық, нақты
В) пәндік және қолданбалы
7. Ақпараттық технологияның қызметтің белгілі бір саласында қолдануына байлансты түрлері?
А) Мәтіндік, сандық, графикалық және мультемедиялық
Б) ауқымды, базалық, нақты
В) пәндік және қолданбалы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.
Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға
арналған.
Редактор:
- Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
- Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
- Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
- Бар графикалық объектілерді түзетуге;
- Схемаларды сызуға жәнс т. б. мүмкіндік береді.
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows -тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Редакторды іске қосу үшін:
- Іске қосу (пуск) батырмасын шертеміз.
- Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаймыз.
- Ашылған бағынқы менюден Стандартты командасын таңдаймыз.
- Келесі бағыныңқы менюден Рaint графикалық редакторын таңдаймыз.
Енді бұл тізбекті мына түрде жазамыз: Іске қосу-Барлық программалар-Стандартты- Рaint ( Пуск-Программы-Стандартные-Рaint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранда Рaint бағдарламасының терезесі пайда болады.
Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік-сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы-құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасы
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі-біз онымен сурет салатын түс және қосымша-бұл фон беретін түс. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі-қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Сурет салу кезендері
- Құралды таңдап алу керек.
Рaint бағдарламасында 16 құрал сайман бар.
- Қажет аймақты белгілеуқұралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
- белгілеуқұралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
- Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
- Құюқұралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
- Түс таңдауқұралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;
- Масштабқұралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
- Қарандаш, бұл кез келген сыщықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;
- Қылқалам,қалаған сызықтарды салуға арналған.
- Бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;
- Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.
- Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;
- Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;
- Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;
- Көпбұрыш, кез келген пішінді тұйық көпбұрыштар салады;
- Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;
- Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
- Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.
Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
- Кескіннің түсін таңдау.
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батрмасын шертеміз.
- Фонның түсін таңдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz