Үстеудің түрлерін ажырату

А. С. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Көктем табиғаты. Үстеуді пысықтау.
Пән мұғалімі:
Жүнісбекова Гүлнар
Мәнсүрқызы.
(Қазақ тілі)
Шымкент
Сабақтың тақырыбы: Үстеуді пысқтау. Көктем табиғаты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың үстеуден алған білімдерін кеңейте отырып, үстеу туралы нақтырақ мағлұмат беру. Сөйлемдердің ішінен ажырата білуге үйрету. Жыл мезгіліне қатысты білім дағдыларын тереңдете тиянақтау.
Дамытушылық: Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын тез, шапшаң, нақты сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру. Көктем мезгілінің пайдасын айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс: пысықтау, ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Көктем» суреті, сызба, әртүрлі кеспе қағаздары.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Ә) Әнұран
Б) Түгендеу. Құрал-жабдықтарын тексеру. Сабаққа назарын аударту.
Мұғалім:
Әрбір адам досым, сыныптасым
Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық
Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену
- Олай болса өткен сабақта не үйреніп білдік? Үстеу дегеніміз не?
- Үстеудің қандай түрлері бар?
- Үстеу түрлеріне өздеріңіз жазған мысалдарыңызды оқыңыздар.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар үй тапсырмасын оқып, талдайды.
- Жаңа сабақ.
Мынандай сөйлемдерге назар аударайық.
- Құстар жоғары (қайда?) ұшты.
- Сыртта (қайда?) жапалақ-жапалақ қар жауып тұр.
- Биыл (қашан?) көктем ерте (қашан?) келді.
- Күн енді (қашан?) жылынады.
- Қар тез (қалай?) еріді.
- Шөп қаулап (қалай?) өсті.
Осы сөйлемдерді талдай отырып, үстеудің түрлерін ажыратамыз. Оқушылар сөйлемдерден ереже шығарып, тұжырым жасайды.
- Мезгіл үстеуі іс-әрекет қимылдың мезгілін білдіреді. Қашан? Қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді.
- Мекен үстеуі іс-әрекет, қимылдың болу орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді.
- Сын-қимыл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді.
Лексикалық тақырып: Көктемде.
Кіріспе сөз:
- Балалар, біз бүгін көктем туралы қазақша сөйлесуге үйренеміз. Көктем айларын қазақша айтып үйренеміз.
Жыл мезгілі төртке бөлінеді. Олар: көктем, жаз, күз, қыс. Бір жылда 12 ай бар.
- Қане, балалар, көктем айларын еске түсіреміз.
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктем туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?
1 оқушы:
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Көктем келді шуақты.
2 оқушы:
Таңмен бірге оянып,
Қызғалдақтар құлпырды.
Жасыл түске боялып,
Қызықтырып қыр тұрды.
3 оқушы:
Наурыз келді шуақты,
Шаттанбаған бар ма алап?
Жылғалармен су ақты,
Бүрін жарды тал-дарақ.
4 оқушы:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.
5 оқушы:
Көтеріп жасыл туын көктем келді,
Деміне маужыратып көк пен жерді.
Қарлы тау қаһарлана қараса да,
Етегін гүлге бөлеп өрнектеді.
- Иә, балалар, көктемнің алғашқы айы - наурыз. Ең тамаша ай. Наурызда күн жылына бастайды. Қар ериді. Жыл құстары келе бастайды. Гүлдер гүлдейді. Ағаштар бүршік жарады. Көктем - жылдың ең әдемі мезгілі.
- Балалар, қандай гүлдерді, құстарды білесіңдер?
- Қарлығаш, қараторғай, бұлбұл, тырна.
- Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, інжігүл.
- Көктемде адамдар не істейді?
- Диқандар жер жыртып, егін егеді. Бау-бақшаға жеміс ағаштарын отырғызады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz