Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өшірмейік балалар

1.Вальс биі
2.муғалімнің сөзі
1жург-Армысыздар,мұғалімдер!Білім іздеп инемен құдық қазғандар.Сан
Ұрпақты тәрбиелеп оқытқан .Өмір деген үлкен жолда торландар.Бүгін міне,қоштасады бастауышпен балбұлақ әнімен жырына ,торландарым сол құлақ.Кеше сәби ,бүгін міне жас Ұлан лаулап жансын болашағын шамшырақ
2жүрг-Қош келіпсіз,ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне,бастауышпен қоштасады,
Азамат болып,сәби-еркелер.
Екеуі:Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!
1жүрг-Қазақстан-туған өлкем Бағыстан
Бақытымды іздемеймін алыстан
Сенің байтақ далана нұрын төгіп
Алаулап көтерілер күн шығыстан
Таусылмаса журекте асқақ әнім
Тек биікте самғатам жыр қыранын
Азатпыз,Тәуелсізбіз,Еркінбіз деп
Шырқайық ұлы <<Отаным -Қазақстан>>әнін
2ж-Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай жыл бойы білім нәрімен сусындатып,хат танытып,еңбек ете білуге үйретті,білімге жетеледі,әдептілік-
ке үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстасымызға мың алғыс айтып басымызды
иеміз.Алғашқы ұстазымыз Назира апайымызға сөз береміз.
Мұғалім:Назира апайға және ата*аналарға арналған <<Бұл кім?>>-слайдын тамашалауға шақырамыз.
1ж-Арманым болып аңсаған
Мәңгілік - қалдың мекендеп
Өзіңе арнап ән салам
Ардақтап сізді өтем деп.хор <<Мұғалімім>>әнін қабыл алыңыздар.
2ж-Өз аузына қаратқан
Ұстаз ойын ұғамыз
Сөйтіп,әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамыз-<<Мен қазақпын>>биін қарсы алыңыздар.
1ж-Қазір сіздерге Нұрдәулет,Ислам,Арман,Мейрам,Әлібек,Айбол,Жандос-
Өлең жолдарын арнайды.
2ж-Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік балалар
Бәрін-бәрін білесің
Оқи берсен кітапты-дей келе ана тілі,орыс тілі,ағылшын тілінен оқыған
<<Теремок>>атты көрінісін тамашалаңыздар.
1ж-Бастауышым-балбұлағым
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып,білім алып
Рахметімді жаудырамын дей отыра-Маржанның <<Ертегілер>>әнін қабыл алыңыздар.
2ж-Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым - балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.хор <<Мектебім>>әнін тыңдайық.
Мұғалім:Білімге саяхат-логикалық есеп т.б.
1ж-Сыныбымыздың қыздары <<өзбек>>биін билеп береміз дейді карсы алайық.
2ж-Ән қандай,әнші тұңған таңдай.
Барады жүректерде тағат қалмай
Осы күй басылмайды-ау емін тауып
Тамылжытып ұлдарымыз әнін салмай
Алдарыңызда <<Үкілім-ай>>әнін шырқайды қарсы алыңыздар!
1ж-Айгерим мен Айсулудың <<Жылайды жапырақ>>әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:Ата-аналармен ойын
1. <<Өзің кімсің?>>тап
2. Мақал-мәтелдерді аяқта
3. Жұмбақ жасыру
2ж-Ақылменен толтырып,саналарын
Таудай боп өсті міне балаларың
Шуағын бар әлемнің сыйлай тұғын
Тойларың құтты болсын аналарым
<<Бастауыш мектеп>>әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалімнің сөзі:Қанаттарын қатайды
Биікке енді самғаңдар
Білім жолы сара жолы
Іздеңіңдер,талмаңдар
Әр оқушыға арналған өлең жолдарын оқу.
Ата-ананың үмітің ақтаңдар .Жоғары сыныптада жақсы оқып,үлгілі ,тәртіпті
Үлкенді сыйлау,талмай ізденіп талаптаныңдар.Ұлы Абай атамыз айтқандай
<<Сен де бір кірпіш,дүниеге кетігін тап та бар <<қалаң>>деп елімізді өркендетуге өз үлесімізді қосайық.>>

2ж-Енді балаларымыздың мектепке,ұстазға ,досыңа , елімізге деген жылы
лебіздерің,тілектерін тыңдап кетейік. Биыл келген қоян жылы әр үйге тек бақыт,жақсылық әкелсің дей отырып,олай болса:<<Қоян>>биін қарсы алып,тамашалайық!
Бәрі балалар:Қош бол,балғын балалық
Қош бол,сүйікті ,бастауышым!
1ж-Қандай ғажап қарашы айналаңа
Бақыттан басың сірә айналама
Ұл-қызы азамат боп есейді деп
Құрметпен сөз берейін ата-анаға дей отырып ,ата-аналар атынан
құттықтау сөз кезегі.
2-3 ата-ана
Роза Бигалиевнаға сөз береміз.
Айжарқын апайымызғада сөз береміз
1жүрг-Осымен <<Қош бол бастауышым,балбұлағым>>атты ертеңгілігіміз
аяқталды.
2жүрг-Келіп көргендеріңізге көп рахмет,сау болыңыздар!



Ш.Батталова атындағы орта мектеп.

Өткізген:Жумадилова Ж.М.

2010-2011оқу жылы.

Ұқсас жұмыстар
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
Шашу еткен ұстазым
Маша сәлеметсіңбе
Қош келдің, көңілді қыс
Т.Ерғабылов Бөбек тілегі
Бәйтерек мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі
Жыл мезгілдері жайлы ақпарат
Қыс ғажайыптары
Орманға саяхат
Машина өлеңі Н.Әлімқұлов
Пәндер