Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жуан дауысты дыбыстар

Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар. Ж.Смақов <<Қой>>, <<Қозы>> өлеңі.
Сабақтың мақсаттары: 1. Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; әдемі, таза, сауатты жазуға үйрете түсу;
2. Сөйлеу әрекеттерін, ой-өрісін дамыту; Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту; танымдық қабілеттерін дамыту;
3. Үй жануарларының пайдасын түсіндіре отырып, жануарларды аялауға баулу, тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын қолдану;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
-Қазір бізде ана тілі сабағы
-Біздің ана тіліміз қай тіл? (қазақ тілі)
-Біз ана тілі пәнінен не жайында , қандай тарау өтіп жатырмыз? (үй жануарлары)
-Бұрын біздің ата-бабаларымыз немен айналысқан, қалай өмір сүрген?(мал бағып өмір сүрген)
-Қандай малдарды көбірек ұстаған?(жылқы, сиыр, қой т.б)
-Жылқы бағатын адамды кім дейді? (жылқышы)
-Қой бағатын адамды ше? (шопан)
-Ал осы үй жануарларын жалпы қалай атаған? (Төрт түлік мал)
-Бүгінгі сабағымызда біз бір ауылға қонаққа барамыз.Қонаққа құр қол баруға болмайды. Біздің қонаққа апаратын сыйлығымыз-ол біздің біліміміз.
Баратын ауылымыз алыс таудың етегінде. Сондықтан жолда талай кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден өту үшін сендер тапсырмаларды дұрыс әрі тез орындауларың керек.
І кедергі: -Балалар, алдымызда биік төбе тұр.Одан өту үшін үй тапсырмасын еске түсірейік.
Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
<<Сиыр>> <<Ақ бұзау>> өлеңін жатқа сұрау
-Өткен сабақта жуан дауысты дыбыстарды өткен болатынбыз. Жуан дауысты дыбыстарды кім айтады?
-а,о,ы,ұ
ІІІ Өткен сабақты пысықтау
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз ше?
-Дыбыстың неше түрі бар?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады, түрлері.
-Жарайсыңдар балалар! Біз бірінші кедергі биік төбеден өттік. Бірақта алдымызда әліде кедергілер бар екен.
ІҮ Жаңа сабақ
<<Адасқан әріптер>>
-Егер мына әріптерден сөз құрасақ қай ауылға қонаққа баратынымызды және де бүгінгі тақырыбымызды білетін боламыз.
1. О,й,қ-Қой
2. Қ,з,ы,о-Қозы
-Балалар біз қай ауылға қонаққа барады екенбіз?
-Қойлы ауыл Шопаната ауылына барады екенбіз
-Балалар алыста көптеген адамдар жүр екен. Солардың ішінен бір адам бізге жақындап келе жатқан секілді. Танысып көрсек қалай қарайсыңдар?
Жақан Смақов 1932 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы Ынталы ауылында дүниеге келген. Ж.Смақовтың 1953 ж. "Пионер" журналында балаларға арналған "Арамшөп пен бидай" деген алғашқы өлеңі жарық көрген. Бөбектерге арнап "Сыйлық", "Қаз-қаз бас", "Жастық сыры", "Ойындар мен жұмбақтар", "Күлдірген", "Сылдырмақ", "Жүз бір жұмбақ" деген өлеңдер жинағы жарыққа шыққан.
Ж.Смақов - бірнеше ертегі, поэманың авторы. "Опай-сопай", "Тамшы", "Бұршақ туралы ертегі", "Кім күшті, кім мықты", "Ұзын аяқ", "Аю қалай адасты" секілді шығармаларының жұлдызы жоғары.
-Бүгін біз Жақан Смақовтың <<Қой>> мәтінімен және <<Қозы>> өлеңімен танысамыз.
1. Мәтінді мәнерлеп оқимын
2. Сөздік жұмыс
-уақ - ұсақ, кішкентай мал
-ашатұяқ - Тұяғының арасы ашық, екіге бөлініп тұратын тұяқты айтады.
Туырлық - киіз үйдің түндігі мен үзігінің арасын қосатын, уықтың орта тұсынан керегенің басына дейін жабылатын қалың киіз.
Түндік - киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
Үзік - киіз үйдің жоғарғы жағына, уықтың үстіне, туырлықпен астастырыла жабылатын қалың киіз.
3. Оқушыларға тізбектей оқыту
4. Мәтінде не туралы оқыдыңдар? (Қой туралы)
-Қой қандай мал екен?
-Қандай шөп жейді?
-Несі пайдалы екен?
Қойдың төлін қалай атайды? (Қозы)
1. Өлеңді оқимын
2. 1-2 оқушыға оқыту
Сергіту сәті
ІІ кедергі:
-Алдымызда өзен жатыр, өту үшін келесі тапсырманы орындаймыз.
Дәптермен жұмыс:
1-тапсырма.
Өзің жалғастыр... дәптерге жазу
Түйе боздайды,
Сиыр .................... (мөңірейді)
Қой ......................... (маңырайды)
Жылқы ....................(кісінейді)
Жуан дауысты дыбыстардың астын сызып шығыңдар.
ІІІ кедергі
Өзеннен аман-есен өттік. Алдымыздан қойшының иті шықты. Қойшы ауылына жақын қалыппыз.Келесі тапсырманы орындамасақ ол иттер ары қарай бізді жібермейді.
Суретпен жұмыс: (ауызша)
Сурет бойынша әңгіме құра
Ү Сабақты пысықтау
-Балалар қараңдар біздің алдымыздан тағы 2 ит шықты. Қойшының иттері көп болады.
-Неліктен көп ит асырайды деп ойлайсыңдар?
Келесі тапсырмамыз шешуші тапсырма . Тез, дұрыс орындасақ Біз ауылға да жететін боламыз.
5 жол өлең құрастыру (дәптерге жазу)
1. Қой
2. Қандай?
3. Не істейді?
4. Сезіміңді білдір
5. Мағыналас сөз
-Ауылға келдік. Бізді шопан ата күтіп тұр. Әкеле жатқан сыйлығымызды әдемілеп жинақтап шопанатаға берейік.
-Сендер бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
-Қой туралы, оның адамға пайдасы туралы.
-Балалар , келесі сабағымызда біз ары қарай төрт-түлік туралы көптеген мағлұматтар білетін боламыз. Ал бүгінгі сабағымызда біраз мағлұмат алдыңжар деп ойлаймын.
ҮІ Үйге тапсырма: <<Қой>> оқу, мазмұндау. <<Қозы>> жаттау. 33-жаттығу
ҮІІ Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу
2-сыныпта өткенді қайталау
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны
жуан дауысты дыбыстар. Қадыр Мырза Әли Қыс
Дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар
Жуан дауысты дыбыстар. Ақ бұзау өлеңі
Езулік дауыстыны тап
1-класс сауат ашу "мал төлін сүюі"
Малдың төлін сүюі
Пәндер