Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Прогресшіл әлем әйелдері

Сабақтың тақырыбы: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды...
Аналар мерекесіне арналған тәрбие сағатымыздың мақсаты: оқушыларға 8-
наурыз туралы түсінік беріп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана
еңбегін, үмітін ақтап, есімін ардақтап, қүрметтеуге тәрбиелеу.
Наурыз күні-Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, балаларым сендер мұны.
Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз «ана». Бала дүниеге
келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы,
мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік махаббатын
бере білген аналар үшін жер дүниені мекенднген адамзат қауымы бір күнді
мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.
Бүгін біз де аналарымызды мерекемен құттықтау үшін «Бәрі де, ана, бір
өзіңнен басталды...» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Сахна ортасында ақ киімді қария –ана. Сахнаның екі жағында – оқушылар.
Шәмшінің «Ана туралы жыр» әні баяу естіліп тұрады . Ортаға жүргізушілер
шығады.
І- жүргізуші: 8-наурыз-Халықаралық әйілдер күні. Жер бетіндегі тірші-
Ержан ліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақта-

ғы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі
– бұл.
2- жүргізуші: Адамзаттың ертеңгі тағдырына мазасызданып, соғысқұмар
Әлібек жендеттерге ашық үн көтерген, осы қоғам орнату жолында
аянбай тер төккен күрескерлер мерекесі- бұл. Олар
өнер
жұлдыздары –Күлаш, Роза, Бибігүл, еңбек озаттары,
қайраткер
әйелдер.
1-оқушы: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Мархаба Сен деп жаздым алғаш өлең- дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба.
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Омаровтың «Анашым» әні орындалады.
Оқушылар аналарына , ұстаздарына ,кештің құрметті қонақтарына әзірлеген
сыйлық, гүлдерін ұсынады.
2-оқушы: Мақтасақ, әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел-ана
Тілеубек барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес
пе?!
3-оқушы: Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те Әйел-ана,
Жеңісгүл дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы
арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иді.
4-оқушы: Құрметтейік те, көтерейік те әйелді. Ана- әйелді құрметтейік.
Мархаба Оның сүюі таусыла ма? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі
мен ананың ақ сүтінен жаралған.
5-оқушы: Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз
Тілеубек ақын да болмайды, батыр да болмайды.
6- оқушы; Бас иейік те, құрметтейік те ұлы адамдарды дүниеге әкелген
Мархаба ананы. Аристотельді де, Фирдоусиді де ана әкелді. Ұлы Гомер
де, Ескендір де ананың баласы. Бәрін де дүниеге
әкелген- ана.
Шәмшінің «Ана туралы жыр» әні орындалады.
7-оқушы: Мен қазақ әйеліне қайран қалам.
Жеңісгүл Жайнаған, жалындаған.
Жайраңдаған.
Сол менің жүрегімнің ханшасы,
Жыр шоғын ұсынамын Айдан да оған.
Сарадай ақын болған, би де болған,
Динадай дана, дархан күй де болған.
Найза алып қол бастаған, жауға шапқан,
Сайраған бақта бұлбұл, түзде балуан.
Залда саяси әннің қуатты үні естіледі.
1-жүргізуші: 1908 жыл. 8-наурыз.
Ержан Көктемнің жаңбырлы күні еді. Нью-Йорк жұмысшы әйелдері
жұмыс уақытын қысқартуды, жалақыны көбейтуді талап
етіп
демонстрацияға шықты.
2-жүргізуші: Осы оқиғадан кейін 1910 жылы Копенгагенде жиналған Әлібек
социалист әйелдердің 2- халықаралық конференциясы 8-
наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде
мерекелеуге
шешім қабылдады.Биыл 100 жыл толады.
Сахнаға қолында алауы бар оқушы шығады.
8- оқушы: 1913 жылы 8-наурызда Петербургте тұңғыш рет халықаралық Мархаба
әйелдер күні атап өтілді. Полиция митингіге тыйым салды.
Кеуделеріне қыса ұстаған қызыл қалампыр гүлдері бар
әйелдер
шоғыры полиция қысымын елеместен митингіні
жалғастыра
берді.
9-оқушы: 1917 жылы наурыз айында әйелдер «Балаларға нан берілсін!»,
Жеңісгүл «Соғыс жойылсын!», « Патша жойылсын!» деп талап етті.
«Интернационалдың» үні естіліп, бірте-бірте үзіліп кетеді.
10-оқушы: 1945 жылы 26-қараша. Париж. Тұңғыш рет халықаралық әйелдер
Тілеубек конгресі болды.
Конгресте әйелдердің халықаралық федерациясы құрылды.

Әйелдер әлемдегі бейбітшілік үшін айбынды үн
көтереді.Ана,
бейбітшілік. Екеуі-егіз ұғым.
Нұрғиса Тілендиевтің «Әже туралы ән»орындалады.
Сахнада тұрған баланың бірі «Анаға» жақындап, сұрақ қоя сөйлейді.

Ержан: Айтшы, ана , сезіп пе едің сонда сен,
Жақындаған қара бұлтты,
Қара нөсер дауылды?
Естіп пе едің сонда сен,
Өз өзіңе жақындаған
Үрейді алған сарынды?
Ана: (Көрермендерге жақындап)
Дильдара Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Елге дауыл тиетінін біліп ем.
Тыныш жатқан берекелі еліме
Қанышердің келетінін сезіп ем.
Бірақ,бірақ бейбіт шақтын келеріне
Мен тәңірдей сеніп ем.
Ел қорғайтын ерлерімнің ,
Мәншүк пен Әлиядай
Қыздарымның ерлігіне сеніп ем.
Сахнаға әскери киімді «Мәншүк пен Әлия шығады.

Мәншүк:(Анаға қарап сөйлейді)
Таңшолпан Шеше, маған «күнім» деген сенсің ғой,
Әрең жетті-ау әлсіреген дауысың .
Жыламашы, шыдап бақшы ерсің ғой,
Бар емес пе бір еркектей намысың .
Сағындың ба, мен де сені сағындым,
Қандай адам сағынбайды анасын,
Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың.
Батқан күнмен, басқан түнмен бірге күт,
Мен де саған оралғанша ынтықпын,
Оралмасам, қош бол, ана көрерсің
Қалған менен соңғы белгі мылтықты.

Ана: (Тебірене)
Дильдара Тап- таза, мөп- мөлдір көгілдір
Жан еді – ау жапырақтай көктегі.
Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді,
Әнсің бір жарылып кетердей от кеуде.
Жан берді жалғызым өрт- топан майданда,
Соғыс қой ақмарал аруды сындырған.
О, бүгінге жауапты адамдар,
Сақтаңдар ұрпақты
Апаттан, қырғыннан!
(Әлия мен Мәншүк кезектесіп залға қарап сөйлейді.)
Әлия; Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Гүлден Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан-ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк: Отан-ана жылағанда шерленіп,
Таңшолпан Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедек те
Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия: «Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Гүлден Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін тақпадық.

Мәншүк: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,
Таңшолпан Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз.
Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,
Бізді қайта туды Отан ел егіз.
Екеуі қосылып: Жетсек деген арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.
Біздің туған күнімізді құттықтап,
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз.
Қолымыздан осы болды келгені
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
(Ескерткіш тәрізді қимылсыз тұрып қалады)

Ана: Қош бол, қыран қыздарым.менің ! От болып жанып кеткен, ер болып
Дильдара елге танылып кеткен, қос қарлығашым, өздерің ерте солғанмен

соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жердің
өзде-
ріңді ұмытпақ емес, қош болыңдар!
Әлия мен Мәншүк сахнадан кетеді.
«Аналар» әні ұлдардың орындауында.
1-жүргізуші: Қазір әйелдер шын мәнінде ерлермен тең құқылы.
Ержан
2-жүргізуші: Аналар өз жанұяларының қайғыға ұшырамауына, балаларының
Әлібек білім алуына, ауырған сәбиге көмек берілетініне қашанда
сенімді болғысы келеді.
1-жүргізуші: Әлем әйелдері Палестина, Ауғаныстан балаларының
Ержан планетаның бар бүлдіршіндеріндей қайғы – мұңсыз өмір
сүруін тілейді.
2-жүргізуші: Прогресшіл әлем әйелдерінің бүгінгі ұраны.
Әлібек
Оқушылар:
Мархаба: Жұлдызды соғысқа жол жоқ!
Тілеубек: Ядролық бомба жойылсын!
Ержан: Әлем балаларына бостандық !
Әлібек: Ана мен бала бақыты, құқығы қорғалсын!
Таңшолпан: Жер бетінде бейбітшілік орнасын !
Жеңісгүл: Адамдарды ақ түс пен қара түске бөлу, нәсілшілдік
жойылсын!
1- жүргізуші: Бар ананың тілегі – бейбіт күн. Прогресшіл әлем әйелдері
Ержан термоядролық соғысқа қарсы.
2- жүргізуші: Баласын сүйген аналар тірлігін прогресшіл адамзат Әлібек
қолдауда. Әйел-ана, жер-ана, екеуінің тілегі бір.
Би қыздардың орындауында
11-оқушы:Жеңісгүл: О.Бальзак: «Ана көрегіндегінің теңдесі жоқ».
12-оқушы: Мархаба:
М.Горький: « Адамдар- әр қашанда өз аналарының перзенттері.
Ана болмаса ақын да,батыр да болмайды».
13-оқушы:Тілеубек:
Б.Г.Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
14-оқушы: Ержан:
Н.И.Пирогов: «Әйелдер адамды бесігінен баулиды... Өмірдің ірге тасы
солардың қолдарымен қаланады».
15-оқушы:Әлібек:
Дулат Бабатайұлы: « Ата- ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең.».

16-оқушы: Бәрі де, ана, бір өзіңнен бесталды,
Жеңісгүл: Сен деп жаздым алғаш өлең –дастанды .
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым .
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.

Оқушылар: (хормен) Баласын сүйген ананың көзінің жасы тамбасын.
Біз аналар жүрегінің қалауы, әлемде бейбіт күн болуын қалаймыз .
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін! «
Алдымызда 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні. Бұл мереке жылдың басқа
мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, өйткені көктем секілді әйелдер де
адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
Ерлік еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді.
Еркендеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс.
Аналарға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан-теңіз. Анамыздың көңілі
шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.
Ата-аналар мен ұстаздар, келген қонақтарға сөз беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Ана махаббатымен әлем тербелген..
Астана-менің көзіммен
Ән сабағы. сөйлем
«махамбет өлеңдеріндегі өршіл, прогресшіл романтизм» 8 -сынып
Ананың баласына махаббаты
Сақтар.олардың орналасуы
Грек жазбаларында
Аналардың мейрамы
Біріншісі - шынайы суицид
Сәбит Дөнентаев Уақ - Түйек өлеңдер жинағы
Пәндер