Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Балаларды ойын тыңдау

Тақырыбы : << Бала зорлығы - қоғам қасіреті >>
Мақсаты :
> балалар мен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау.
> Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру. Заң сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.
Қатысушылар : № 51 гимназия жоғарғы класс оқушылары
Қонақтар :
1.Қалалық әкімшіліктен ---------------------------------------------------------
2.Бала құқығын қорғау департаментінен
3.Облыстық оқу - әдістемелік орталығынан
4.Гимназия оқушысы
5.Гимназия мұғалімі
6.Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
6.Гимназия ата - анасы ( таныстырылады )
Жүргізуші :
Қымбатты оқушылар және ток-шоу қонақтары !
Биылғы жылдың 1 мен 19 қарашасы аралығында республикалық <<Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ>> ақпараттық науқаны өткізіліп жатыр.
Науқан ұраны: <<Сен және Мен. Біз әлемді бірге өзгертеміз>>.
Науқан мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Міне осы науқанға гимназия оқушылары өз үндерін << Сіз не дейсіз>> атты ток-шоуда білдірмекші. Олай болса, жұмысымызға сәттілік тілейік !

Жүгізушінің кіріспе сөзі :
Жалпы жер жүзінде балалардың құқықтарын қорғау тарихы аз-ақ уақытты құрайды деп айта алмайсыз. Бұл жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болыпты. 1924 жылы - Ұлттар лигасының Женева Бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданса, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды. Яғни 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау жөніндегі маңызды конвенцияларға қосылды. Бұл конвенция бала құқықтарын айқын белгілеген басты құжат болды. Бүгінгі күні аталған Конвенция әлемнің барлық елдері қол қойған халықаралық құжат болып табылады. Бұл халықаралық құжатты Қазақстан Үкіметі 1994 жылы ратификациялады. Осы кезден бастап біздің мемлекетіміз миллиондаған қазақстандық балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Ең бастысы - 2004 жылы тамызда <<Бала құқықтары туралы>> Заң қабылданды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін балалар құқығын қорғау мәселесі бойынша шетелдіктермен бірлесе жұмыс істеу үрдісі дәстүрге айналып келеді. Мысалы, жақында Астанада Қазақ - стан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров, ЮНИСЕФ-тің Қа - зақстандағы өкілі Джун Кукита мен Норвегия Король - ді - гінің елшісі Даг Малмер Халворсен Қазақстанда балалар құқығын қорғау жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жөнінде келісімге келді. Аталған Жоба бойынша қала балаларының тыныс-тіршілігі мен соңғы кезде жиілеп бара жатқан мектептердегі зорлық-зомбылық мәселе - леріне зерттеу жүргізілетін бо - лады. Ал, құқығы бұзылған балаларға қажетті көмек көрсету тетіктері әзірленуде.
1 слайд Отбасындағы қатыгездік туралы (қоса жалғанады )
Балалар құқықтары туралы халықаралық конвенциядан ( слайд арқылы көрсетіледі )
:: Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
:: Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
:: Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
:: Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
:: Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
:: Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.
:: Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
2 слайд Жасөспірімдердің насыбай ату туралы
Сіздің түсінігіңізше <<Зорлық - зомбылық>> түсінігіне не жатады және оның түрлері қандай?
o --------------------------------------------------------------------------------
Физикалық: итеру, жұлмалау, алақанмен жұдырықпен немесе басқа да заттармен ұру;
Сексуалды: күштеп жыныстық қатынасқа итермелеу, қорқыту, бопсалау, зорлау;
Психологиялық: ауызша тіл тигізу; бопсалау; өзіне қатысты немесе басқалардың тарапынан қоқан лоқы күш көрсету, қорқыту; бақылауға алу;
Эмоционалдық: оның намысына тие отырып, орындауына мәжбүрлеу;
Экономикалық: балаларды тәрбиелеуден бас тарту;
Балалар еңбегін қанау: еңбек етуге мәжбүрлеу, құлдық, бопсалаушылық.
Конецжүргізуші :
Жүргізуші :
- Біздің Қазақстанда балалар құқығы қалай қорғалады? << Бар жақсы-балаларға >> дегендей Бөбек өмірге келген күннен бастап ол азамат қатарына қосылып кеткенше ерекше бір қамқорлық құшағында болады. << Бала-бауыр етің >>, << Балалы үй - базар >>, << Атамды алсаң ал, бірақ ботамды алма >> деген қағидамен өмір сүретін қазақ жерінде балаларға деген қамқорлық қандай деңгейде? Балалар күнінде ұйымдастырылған шараларға қарап кейде жалпы біздің елде балалардың барлығы шат - шадыман өмір сүріп жатыр екен деген әсерде болатыныңыз сөзсіз. Бірақ үсті-бастары алба - жұлба болып, екі кештің арасында көше кезіп жүрген немесе қоқыс жәшіктерін ақтарып жеуге келетін нәрсенің бәрін қыл тамағынан өткізіп жүрген балаларды көріп ол әсерден тез арыласыз. Рас, қазір елімізде балалар құқығын қорғау мәселесіне баса назар аударылып отыр. Бірақ, жеткіліксіз... шен-шекпенділер тек маусым айының бірінші күні ғана улап - шулап жетім балалар үйілеріне барып, азын-аулақ сыйлық тапсырып, оны жарнамалап жатқанымыз. Ал, белдері бүгіліп дала жұмыстарын атқарып жүрген немесе базарда жүк тасып жүрген әлі сүйегі қатып үлгермеген балғын балалар қаншама! Тіптен азғын адамдардың жас балаларға көрсеткен зәбірлерін естігенде төбе шашың тік тұрады. Аузынан ана сүті кеуіп үлгермеген қыз балаларды жезөкшелікке жегіп қойған адамдардың қатыгездігіне не айтуға болады? Ең қорқыныштысы соңғы жылдары қазақи санамызға педофиль деген қорқынышты терминнің сыналап орнығып келе жатқаны.
Балалар құқығын қорғаумен айналысатын мамандар немесе балалар құқығына қол салған қылмыскерлерге жаза белгілейтін заңгерлер негізінен қоғамның балаға деген көзқарасы әр ғасырда әртүрлі өзгерістерге ұшырап отырады дегенді айтады. Олардың дәлелдеуінше балалар құқығын қорғау мәселесі бала өмір сүріп отырған қоғамның мәдениеті мен даму сатысына тікелей тәуелді екен. Соның бір мысалы - қазіргі қоғамдағы ата-аналардың маскүнемдіккке салынуы салдарынан балалардың зардап шегуі. Арақ деген әзәзілдің шырмауына түскен аналар өз іштерінен шыққан балаларын үйден қуады немесе араққа жұмсап әбден ығыр еткен, онымен қоймай ұрып-соққан ата-аналарынан өздері қашып жүріп балалар адам айтқысыз қылмыстарға ұрынады, тамақ үшін арзан жұмыс күші ретінде жалданып денсаулығын құртады, тіптен мүгедек те болады. Қат - қабат шаруаның қызар кезінде тағы да балалардың еңбегін қанау басталады деген сөз. Оған көбінесе күн көрісі төмен отбасының балалары мен қараусыз қалған балалар тап болады. Байқасаңыз қалалық жерде қайшыалысқан қоғамдық көліктерде билет сатушы балалар көбейеді. Әрине, бұл жағдай негізінен жекеменшік көлік иелеріне тән. Бір жағынан қарасаңыз қаңғып бос жүргенше, еңбек етіп ақша тапқаны жақсы ғой дейміз, бірақ олардың қауіпсіздігі кімнің бақылауына?
Қазақтың кемеңгер ұлы Мұхтар Әуезовтің << Ел боламын десең, бесігіңді түзе>> деген сөзінің салмағы мына заманда тіптен құнды десек қателеспейміз. Болашақта еліміздің тізгінін ұстар өркендердің тәрбиесін бүгіннен бастап қатаң назарда ұстамасақ ертең оңбай өкінетініміз даусыз.

* Сіз не дейсіз ? ( Алғашқы сөзді қалалық әкімшілік өкілі беріледі )
<<Зорлық - денсаулығына зиян келтіретін, қиыншылық, тіпті өлімге де апаратын күш көрсету немесе күшті пайдалану қатері>>.
Сондықтан, қандай түрі болмасын, зорлық - адам құқықтарының бұзылуы. Баланың құқықтары туралы конвенцияда, басқа да халықаралық және аймақтық шарттарда баланың дене қол сұқпаушылығы, оның қауіпсіздігі мен абыройына кепілдік беріледі, бірақ, өкінішке орай, бала зорлығы - кең өріс алған құбылыс болып қала беруде.
* Бала құқығын қорғау департаментінен келген өкіл сөз алады

Ток-шоу барысында қойылатын сұрақтар мазмұны :
- Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау, әлбетте, бір күндік шаруа емес, ол жыл он екі ай тоқта - мауы тиіс. Алайда дәл осы күні балаларға қатысты барлық іс-әрекет таразыға салы - нып, есеп беріліп жатады. Оларды тәрбиелеу, оқыту, қоғамға бейімдеу мәселесі - өзекті тақырып. Осы жағын да айта кетсеңіз. Аталған санаттағы балалардың құқы бұзыл - ған деректерге де тоқталсаңыз...
- Өткен жылдары өз-өзіне қол көтерген жасөспірімдер саны көбейіп кетті. Соның салдарын зерттедіңіздер ме? Нәтижесі қандай?
- Қазір мектептерде оқу бағдарламасы тым ауыр деген пікір көп айтылады. Оны ғалымдар да растап отыр. Сіз қалай ойлай - сыз, білім сапасын жақсартамыз деп бала - ларымыздың жүйке жүйесін әлсіретіп ал - май - мыз ба?
* Сіз не дейсіз ? ( Балаларды ойын тыңдау.)
анкета қорытындысын шығару
- Балаларға тегін білім беру және тегін медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отырмыз ба? Оған қатысты қандай мысал келтірер едіңіз?
Слайд видеоролик ресми жаңалықтан
- Шетелдіктер асырап алған балалардың тағдыры жұртты алаңдатпай қоймайды. Өкілетті орган ретінде сіздің департамент бұл тұрғыда қандай іс-шараларды жүзеге асырады?
- Мінез-құлқы девиантты балаларды тәрбиелеуде қандай инновациялық әдістерді қолданасыздар?
- Бүгінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесі қаншалықты өзекті деп ойлайсыз?
- Бізде балалармен жұмыс істейтін мамандар, айталық, психологтер, жасөспі - рім - дер істері жөніндегі инспекторлар жеткі - лікті ме?
- Мемлекет пен қоғам балаларымыздың балалық шағын бақытты ету үшін не істеп жатыр? Жетістігіміз бен кемшілігіміз қандай?
- Қазақстанның отбасылық заңнамасы бақытты отбасы, махаббат және өзара түсіністік пен сыйластық, бір-бірін қолдау, отбасы мүшелерінің өзара жауапкершілігі, отбасы ісіне бөтеннің ара - лас - пауы, отбасы мүшелері құқығын қамтамасыз ету және осы құқықтарды сотпен қорғау мүмкіндігі секілді қағидаларға сүйенеді. Дей тұрғанмен көпшілік ата-ананың өз баласының пікірімен санаспауы, тәрбиесіне жұмыс басты болып көңіл бөлмеуі, жан - жақты дамуына мән бермеуі жиі кездеседі. Бұл жағдайға сіз не дейсіз ?
Біздің еліміздің балалар құқығының сақталуы мен болашағына айтар тілек-ұсыныстарыңыз.

Міне, Құрметті оқушылар! Бала құқығы сіздердің жан - жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтқан екен, ал баланың білім алуы туралы - олардың жеке басының дамуы, ақыл - ойы, таланты өсуі қажет деп көрсетеді.
Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,
Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.
Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,
Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ
№ 51 гимназия

<<БАЛА ЗОРЛЫҒЫ - ҚОҒАМ ҚАСІРЕТІ>>
Ток-шоу

Өткізетін ЖАКИЕВА БИБІГҮЛ
АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Ақтөбе- 2012

Ұқсас жұмыстар
Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Қолшатырмен билеуге үйрету
Тұлпар тобының балалары
Музыкалық көңіл - күй
Әйгерім қуыршаққа балалардың атынан сыйлық
Талантты және дарынды балаларды оқыту: диалогтық оқыту
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Баланы толыққанды дамыту
Хал - ахуал өлеңі
Пәндер