Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушының шығармашылық әрекеті және соған сәйкес қалыптасатын қабілеті
Зайнаудинова Шахибам
Зайнуддинқызы
Үлкеншыған орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Панфилов ауданы
Алматы облысы
Шетел тілі сабақтарында инновациялық әдістерді
оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының жобасында: <<жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметі мен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады>>, - деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласында маңызды мәселенің бірі - оқытудың жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыру болып табылады. Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздері аса қажеттілік деп танылуда. Ал оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологиясын меңгермейінше, сауатты жан-жақты азамат тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңа технологияларды меңгеру әрбір ұстаздың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік қасиеттерін дамытуына, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ұлттық тәрбие мен мәдениетті бойына сіңірген ХХІ ғасырдың жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі жетекші орын алады. <<Инновация>> сөзінің өзі қойылған мақсатқа жетудің нәтижесі болғандықтан, бұл оқу әдістемесінде қойылған талаптардың орындалуы болып табылады, яғни оқушылардың білім сапасының жоғарылауына ықпал жасайды. Бүгінгі таңда шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қарағанда, оның оқыту әдістемесінде де жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы зор және де бүгінгі күннің қажеттілігі деп білеміз, себебі шетел тілін оның ішінде ағылшын тілін үйренуге деген сұраныс пен талпыныстың артуы оқытудың әдістемесіне қойылатын талаптардың жоғарылауына түрткі болуда.
Қазіргі кезде шетел тілі оқу-тәрбие үрдісінің сапалы нәтижесінде оқушының шығармашылық, ізденушілік, қатысымдық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық түрлері анықталған. Соның ішінде жекелей оқыту, ұжымдық оқыту, компьютерлік оқыту, сыни тұрғыдан оқыту, ойын түріндегі сабақ, дамыта отырып оқыту, жобалап оқыту, саралап оқыту, деңгейлеп оқыту сияқты әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде оңтайлы нәтиже беріп жүрген жаңа технологиялар деп атауға болады. (1 қосымша)
Қазіргі мектептің құрылымы және оның білім мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқыту сипатын ерекшелеу, жаңашаландыру талаптарын қояды. Бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігінде бейімдеп оқытуда қазіргі қоғамдық сұраным - шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын еркін жеткізе алатын, жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасқан шәкіртті тәрбиелеу. Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық дамуының жоғарғы сатысына оқытуға көшіру үшін оқу үрдісінде оқыту үрдісінің сапасын арттыратын және жеделдететін, оқытудың жетілдірілген әдістерін, сабақ түрлерін оңтайлы таңдап алып, оны жүзеге асырудың қажеттілігі туындап отыр.
Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, <<Шығармашылық>>
сөзінің төркіні - <<шығару>>, <<іздену>>, <<ойлап табу>> дегенге келіп саяды. Ол - оқушының мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен құралып, ақыл-ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бітімінен көрінеді. (2 қосымша)
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: <<Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер>> деген. Әр ұстаз оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды негізгі ұстаным ретінде қолдануы тиіс. Ондағы басты мәселе: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беру.
Бүгінгі күнде қоғам қойып отырған талаптардың бірі - шығармашылық адамын тәрбиелеу. Ендеше, осындай шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады.
Шығармашылық сипаттағы сабақ түрлерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығы, танымдық белсенділігі артып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі. Сондай-ақ оқушылар оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, материалдық негізгі ұғымдар мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру, оларды белгілі жүйеге келтіріп топтастыру және қорытындылау сияқты амалдарды қолдануға үйретеді.
Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерін мына түрде қарастыруға болады:
1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы, жыл соңындағы шығармашылық емтихан, т.б.
2. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал, кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі-бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
(3 қосымша)
Оқушының шығармашылық әрекеті және соған сәйкес қалыптасатын қабілеті
Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің
талап етілуі: ғылыми-практикалық
конференция, емтихан, т.б.
Оқушының жаңа
бір нәрсені ашуы
Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: білім, икемділігін қолдану, шешім таба білу, т.б.
Сыныптағы шығармашылық атмосфера,
оқушының қызығушылығы
Шығармашылық әрекет-мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оның логикалық дамуы, оны шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу және нәтиженің нақты көрінуі - оқушының ең жоғары өздік шығармашылығының нақты көрінісі. Демек, шығармашылық ойдың нәтижесі - тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғырту ғана емес, сонымен қатар, жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу.
Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатына тән. Біздің міндетіміз, оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау. Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуде бала қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдерімен қатар алуан түрлі тарихи және осы заманғы деректерді жүйелеудің, тұжырымдардың жеке құжаттарды жан-жақты сын тұрғысынан талдай білудің өзіндік зерттеу әдіс-тәсілдерін үйрету, бала бойына дарыту ұстаздың соңғы технологиялық үрдістерді пайдалануына байланысты. Оқушы қазіргі уақыттағы қоғамның даму мәселелеріне қорытынды жасайды және шығармашылықпен дәйектей отырып, өзіндік тұжырым жасайды. Ал баланың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.
Шығармашылық сабақтың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілет, біліктері ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдері:
1. Сабақтың жоспарын жасау үшін мұғалім тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық әрі байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алады. Жалпы, бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.
2. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім сабақтың мақсаты етіп қояды. Мұғалім қажет болған жағдайда, жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
3. Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік құралдар және басқа да материалдармен танысады. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыратын, қызығушылығын тудыратын мәселелерді іздестіреді.
4. Сабақтың түрлерін таңдауда одан шығатын идея мен алынатын шығармашылық нәтижелер талданады. Әрбір оқушының жеке өзіндік қабілетін анықтауда таңдалынып алынған тапсырмалардың бірнеше нұсқалары алынады.
5. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда материалдар мен әрекет түрлері, әдіс-тәсілдер сұрыпталынып, алынады.
6. Сабақтың мақсаты мен құрылымын дайындау. Сабақта оқушылардың әрекет түрлері алмасып отырғаны дұрыс.
Шығармашылық сабақтың жоспарының құрылымын төмендегідей етіп құруға болады:
:: сабақтың тақырыбы, сыныбы, өткізілетін күні белгіленеді;
:: сабақтың түрі таңдалынып алынып, сабақтың мақсаттары айқындалады;
:: сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды даярлау;
:: білім беру нысандары бағытындағы оқушының әрекетін жоспарлау;
:: сабақтың негізгі міндеттерін анықтау;
:: оқушы әрекетінің түрлерін, әр кезеңдегі уақытын бөліп көрсету;
:: сабақтың әр кезеңінде танымдық тапсырмаларды беруді ұйымдастыру;
:: оқушылардың тапсырманы орындаудағы нәтижелерін болжау;
:: қарап отырған мәселенің мәдени-тарихи нұсқалары;
:: суреттер, тапсырмалар, кесте, үлгілер, мектеп тақтасының түрін таңдап алу;
:: сабақтың нәтижесін бағалау және бақылау түрлері және үйге тапсырма;
:: оқушыларға ұсынылатын материалдар - оқулықтар, Интернет желісіндегі мекен-жайлар, көмекші құралдар;
:: мұғалімнің сабақ дайындығына пайдаланған әдебиеттер тізімі мен басқа да деректемелер;
:: сабақтың таңдау үлгісі, сабаққа қатысқан оқушылардың талқылау қорытындылары; (4 қосымша)
Шығармашылық сипаттағы сабақтар үлгілерін жүйелі ұйымдастыру
арқылы оқушылардың ойлау қабілеті артады, жеке қасиеттері дамып, қызығушылығы, танымдық белсенділігі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Шығармашылық сипаттағы сабақ түрлері: іскерлік ойын, саяхат-сабақ, сұхбат-сабақ, өнертапқыш сабағы, болжау сабағы, олимпиада сабағы, қиял-сабақ, шығармашылық қорыту сабағы, жаңалық ашу сабағы, баспасөз маслихаты сабағы, жоба сабағы, болашақ мектеп сабағы, өздігінен іздену сабағы, т.б. Мұндай сабақтар оқушылардың әр түрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады және мектеп оқушылары ішінен дарынды балалардың шығуына ықпал етеді. (5 қосымша)
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
:: сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйретеді;
:: оқушының танымдық белсенділігі, шығармашылық ой-өрісі артады;
:: кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктері қалыптасады;
:: ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
:: мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынасы қалыптасады;
:: оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
:: білімін жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетін сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
:: өз тұжырымын жасауға, қорытындылауға үйренеді;
:: оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады;
тақырыбы, сыныбы, өткізілетін күні
сабақтың түрі, мақсаты
құрал-жабдықтар мен материалдар
оқушының әрекетін
жоспарлау
сабақтың негізгі міндеттерін анықтау
оқушы әрекетінің түрі, әр кезеңдегі уақыты
Шығармашылық сабақтың жоспары
танымдық тапсырмаларды беру
оқушының нәтижесін болжау
мәселенің мәдени-тарихи нұсқалары
суреттер, сызбалар, кесте, үлгілер, тақта
оқулықтар, Интернет, көмекші құралдар
сабақтың нәтижесін бағалау, үйге тапсырма
әдебиеттер тізімі, басқа деректер
сабақты таңдау, оқушы қорытындысы
4 қосымша
5 қосымша
Мұғалім жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалып қоймай, оқушының білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастырады, оқу мәселелерін шешу шеберліктерін арттырып, оқу тапсырмасын орындау үрдісінде әркеттерді қолдануға (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтау, ой қорыту, т.б.) үйретеді және оқытудың ғылымилығын арттырады, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады.
Сабақта оқушының білімге құштарлығын арттырып, шығармашылық деңгейін жоғарылату мақсатында әр оқушының дара ерекшеліктерін, білім алуға қабілетін, еңбекке көзқарасын, қарым-қатынас қабілетін, мінез-құлық ерекшеліктері мен олардың ішкі мүмкіндіктері негізінде жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнен үлкен жауапкершілік талап етіледі. Сондықтан оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту - маңызды міндет, күрделі ғылыми проблема.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Омарова Р.С. Оқыту үрдісінде танымдық ізденімпаздықты дамыту. Ақтөбе., 2001ж. 37-бет.
2. Аймауытов Ж. Жанжүйесі мен өнер таңдау. 17-бет.
3. Юдина Ю.Г. Система условий для организации творческой деятельности учащихся основной школы. Вестник №116, 2003ж. 42-бет.
4. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы <<Нұрлы Әлем>> 2003ж. 368-бет.
5. <<Мектептегі шет тілі>> журналдары. 2004-2005 жылдар.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz