Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

АКТ сабағымда пайдалану арқылы оқушы субъектісін қалыптастыру

АКТ сабағымда пайдалану арқылы оқушы субъектісін қалыптастыру.

Елбасымыздың 2011жылғы <<Болашақтың іргесін бірге қалаймыз>> халыққа жолдауында 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқулықты пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға артады, - деген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген <<Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы>> мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады.
Міне қазіргі күні қай мектепті алсақ та интерактивті тақта, компьютерлендірілген кабинет жасап, заман талабына сай қылып жатыр. Сол сияқты біздің мектепте осы АКТ-ны сабақта пайдалану алдыңғы орында. Мен өзімнің сабағыма үш жылдай болды АКТ-ны пайдаланып келе жатырмын. Бұрын технология пәніне АКТ-ны көп пайдаланбайтынбыз. Бесінші сыныптағы <<Ұлттық ою-өрнек түрлерімен танысу, қағаздан қиылған киім үлгілеріне ою-өрнектерді>> атты өткізілген екі сағат берілген теориялық сабағымның 1- тапсырмасы <<Көшбасшысы>> ойыны арқылы үй тапсырмасын тексердім. Гиперссылка арқылы оқушыларға балдық жүйемен сұрақтар дайындадым, Осы жерде әр оқушы өзінің деңгейіне қарай сұрақтар таңдады, яғни, жақсы оқитын оқушыларым жоғары 30 ұпайлық таңдаса, орта деңгейлі балаларым 20 ұпайлық сұрақтарды таңдады, ал 10 ұпайлық сұрақтарды екі оқушы ғана таңдады. Мұндай ойын түрлерін бұрыннан үнемі сабақтарда пайдаланамын, себебі оқушылар жоғары ұпай алу үшін үй тапсырмасын, басқа да тапсырманы дайындалып келіп, осы ойынды қызыға ойнайды.Бұл ойын оқушының өз мүмкіндігіне сай тапсырма таңдауына және дұрыс жауапты бірден алуға, басқа балаларға көмектесуге, бірін-бірі толықтыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың белсенділіктері артып, білім алуға деген құлшыныстары дамиды.
2-тапсырмада оқушыларға алдын ала жазылған Ф.Оңғарсынованың <<Оюлар>> атты өлеңін аудио арқылы тыңдаттым. Оқушылар жұмыла беріліп тыңдап шықты.Тыңдаған соң өлеңді оқыған адам кім? деп бір оқушым сұрады, олар өлеңді сондай мәнермен оқығандығы, өздерінің жасқы әсер алғандарын айтты. Өлең не жайында? Оюдың қандай түрлерін білесіңдер? Ою қандай бұйымдарға салынады? деген сұрақтарға жауап алып, талқыланды. Аудиожазбаларды қолдану оқушының есту арқылы еске сақтау қабілетінің артуына, тыңдағанын сөйлеу арқылы толық дәлелдеп жеткізуіне, тыңдаған ақпаратты саралап,өз ойын білдіруге, сыни ойлауға үйренеді. Қолданылатын аудиожазбалар кезінде оқушылардың жас және сыныптың жеке ерекшеліктері де ескерілгені дұрыс.
Интерактивті тақтадан оқушыларға интернеттен алынған мультфильм көрсетілу сабағымызға жаңа көп мәліметтер берді. Балалар осы мультфильм арқылы танысқан ою өрнектерінің атауын еш уақытта ұмытпайтындығын айтты. Егер ою түрлерін мен жай ғана атап көрсетіп қана шықсам, оқушылар ойында ұзақ қалмас еді. Көру арқылы есте сақтады. Сабақтың мақсатына сай пайдаланылатын видеоматериалдар оқушылардың көру арқылы еске сақтауына, ондағы оқиғалар мен фактілерді жаңа білімді меңгеру барысында қолдануға, оны талдап, қайталап көруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге оқушы зейінін аударуға тұрарлық тұстарын қайталап көрсетуге мүмкіндік туады. Оқушылардың өздері мұндай материалдарды тауып әкеліп, өз ойларын білдіріп, зерттеуге үйреніп, оқушылардың белгілі бір салаға деген таланты мен дарындылығы да арта түседі.
Келесі тапсырма <<Галереяға саяхат>> деп аталады, алдын ала дайындалған слайдтарды көріп шықты. Осыдан кейін оқушылар ою-өрнектің қолданылатын орындары туралы бейнефильмді, слайдта көргендерін топта талқылап, одан кейін бір біріне сұрақтар қойып жұмыс жасады. <<Галереяға саяхат>> деп аталатын слайд-шоуларда сабағымда жиі пайдаланамын және олардң түрлері көптеп жинақталған. Мұндай слайдтар оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын туғызып, топта, жұппен талдауға, диалогке түсуге, зерттеушіліr әңгіме жүргізуге, сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
5-тапсырмада <<Кім жылдам?>> атты ойын өткіздім. Бұл жерде оқушылар <<Активстудио>> бағдарламасында жасалған флипчарт тапсырмасын (кесте толтыру) орындады. Мұндай тапсырмалар орындау оқушылардың өз мүмкіндіктерін сезінуіне, өздеріне деген сенімділікке үйретеді. Оқушы қателесуден қорықпайды. Білімді бірлесе алуға үйренеді.
6-тапсырмада <<Активстудио>> бағдарламасында жасалған тесті шешті. Сұрақтың жанында жауаптары тұрды, оқушылар жазып болған соң мен жауаптың беттерін ашып шықтым. Бұл да өте ыңғайлы, себебі тест жауабын қыздар бірден тексеріп шығып, қай жерде қандай қателік кетіргендерін бірден көрді. Оқушылардың әрбіреуі тест орындауда жеке компьтер арқылы орындауы оларда мақтаныш сезімдерін оятады. Олар тест тапсырмасын қазаға орындап, өз білідерінің нәтижесін көруге,білуге асығады. Басқа балаларман бәсекелестік қабілет те оянып намысқа тырысады. Әр тарау бойынша білімдерінің деңгейін өздері білуге,қатемен жұмыс істеп, өздерінің білімдерін өздері дамытуға да мүмкіндік туғызады.
Басқа сабақтарым да тәжірибе кезінде де АКТ ны пайдаландым , мысалы бесінші сыныпта <<Көбелекті>> бисерден тоқу сабағы практикалық жұмыста АКТ-ның көп тиімділігі зор болды. Мұнда алдын ала жасалған слайд арқылы оқушылар көбелектің бисермен қалай тоқитындығымыз туралы ретін көріп шықты, бұрын мысалы ауызша ғана түсіндіріп алдарына технологиялық карта ғана берсек, қазіргі күні слайд, бейнефильм арқылы қалай жасау керек екені туралы көзбен көріп есте сақтайды және бұны үйінде компьтері бар оқушылар флешкаға салып, үйде тағы бір қарап сол арқылы жасауға мүмкіндік бар.
Сабақтарымда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, келесі нәтижелерге қол жеткіздім
-Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
-Ақпараттық мәдениет дамыды;
-Сабақта уақыт үнемді пайдаланылды
Оқушылар АКТ арқылы жаңа сабақтарда көп, қызықты мәлімет алатын болды.
-Оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамыды.
Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
:: Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады Оқуға деген қызығушылығын арттырады
:: Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады
:: Уақытты үнемдейді
:: Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді
:: Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.
Әлі де болса АКТ-ны оқытуда қиындықтар да кездесіп жатады. Кабинеттердің жетіспеушілігі, үнемі кабинетке кіре алмаймыз. Интерактивті тақтасы бар кабинетте оқығанды аңсап , балалар сабақты асыға күтіп, барлық сабақтар осындай кабинеттерде өтсе деген ұсыныстарын айтып жатады.
Александер (2004 ) білім берудегі әңгімелесуді - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдаса, бұл орайда АКТ-нің алатын орнының зор екеніне тәжірибе барысында көзім әбден жетті.

Ұқсас жұмыстар
Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар
Қажетті ақпарат көлемін нығайту
Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру
Сабақтарымда оқушылардың өздеріне бағалаттым
Ақпараттық- коммуникациялық технология элементтерін қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
Кітапхана сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Топтарда өзара бағалау
Пәндер