Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ойын - балалар үшін күрделі әрекет

<<Күллі ғажайыптың ең тамашасы-
жақсы тәрбиеленген адам>>
Эпиктет
<<Ел боламын десең,бесігіңді түзе>> деген ұлы Мұхтардың аталы сөзі ең алдымен ата-ана мен ұстаздар қауымына арнап айтылғанда,сол бесік мектеп екеніне ешкімнің дауы жоқ.Сәбиді аялаған аналық парыз қандай болса,шәкірт тәрбиесін мойнына жүктеп алар ұстаздық та сондай мәнде. Алдындағы оқушыға білім беріп қана қою аз.Л.Толстой <<Тәрбие мен білім ажырағысыз.Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес,ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді>> деген екен.Ұстаз қызметінің салмақтылығы да,жауаптылығы да осында. <<Әлемдегі екінші ұстаз>> атанған Әбунасыр әл Фараби болса <<Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі>> дейді.Білім алған баланың болашағына кепіл беретін де ұстаз болу керек деген сөз емес пе бұл?!
Адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды,білім,білік,дағдыны қабылдайды.Кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндігін дамытады.Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы:ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді,проблеманы өзінше,жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді.Мысалы: оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын,белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысаны болады.Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса,шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін,қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Олар мынадый:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларлы шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс мәтін мазмұнын өңдеу,шығарма,шағын әңгіме мәтінін құру т.б.
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қойғызу.
6.Қиялдау арқылы сурет салғызу,рөлге бөліп оқыту.
7.Ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
Жаңа буын оқулықтары ұстаздардан шығармашылық пәнге ізденушілік,жаңашылықты талап етеді.Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру,әр ұстаздың негізгі міндеті.
Ойын-балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылы да ала алады.Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап,ой-өрісін кеңейте алады.
Ал ойынның өз мақсаты,жоспары тәрбиелік мәні,қажетті заттары,ерекшеліктері болады.Баланың жас ерекшеліктеріне,зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын,дүниетанымын кеңейтеді,мінез-құлқын,ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан.Сондықтан қандай да бір пән болмасын сол пәнге оқушының қызығушылығын,белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары,шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтар көрсетуге болады.Мұғалім оқыту үрдісін тиімді өткізіп оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді.
1.Дидактикалық талап (сабақтың тақырыбы,мақсаты,мазмұнының бағдарламаға сайлығы,игерілетін іскерлік,дағдылардың айқындығы,қабылдауға әзірлеу,түсіну,ой елегінен өткізу).
2.Дамытушылық талап (дамытушылық мақсатының айқындығы,танымдық қызығушылығының,бастамшылдығын,өздігінен іздену,білімін толықтыру,ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік дағдысын қалыптастыру,ақыл-ойын дамыту).
3.Тәрбиелік талап (тәрбиелік мақсатының нақтылығы,білім мазмұны арқылы көзқарасын,эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін,жүйелі еңбегін қалыптастыру).
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын іске асыруға болады. Нәтижесінде оқушыларды толық сабаққа қатыстырып,олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алады.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап тақырыпқа болжам жасап, мақсат сұрақ беріп жауап алуға,мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады.Мысалы бұл бағдарламаны сабақта қолдану барысында:
1.Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2.Ақыл-ойын дамытады;
3.Шығармашылық белсенділігі артады;
4.Тіл байлығын жетілдіреді;
5.Жан-жақты ізденеді;
6.Өз ойын жеткізеді;
7.Ұжымдық іс-әрекет тәрбиеленеді.
Сабаққа берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін әр түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады.
Мен өз іс-тәжірибемде оқушылардың ерекше қызығушылығын тудыратын дебат үрдісін интерактивті әдіс ретінде жиі қолданамын.
Дебат-тілашар құрылы,тіл ұстарту тәсілі.
Дау өнері,шешендік өнер-қазақ халқының қанына сіңген және ұлттық негізіміздің негізі болып табылатын қасиет.
Дебат-интеллектуалды ойын.Оқушылардың жас ерекшелігіне сай ең негізгі әрекет те-ойын екені баршаға мәлім.
Дебат-ғылыми үрдіс,ресми пікірталас.
Дебат-өзінің арнайы құрылымы бар,белгілі бір тақырып аясында нақты факті,дерекке сүйене отырып,сөз таластыруға үйретеді.
Бастауыштан бастау алған дебаттар-болашақ эрудиттар,интеллектуалдар.Сондықтан да бұл тәсіл тұлға дамуының кепілі деп білемін.
<<Қатені тап>>.Бұл әдісті қайталау,қорытынды сабақтарда қолдануға болады.Мұғалім әдейі қате жібереді немесе оқушылар мәтінмен жұмыс істеген кезде,мәтінді оқып тұрғанда оқушылар бір-бірінің қатесін табады.
<<Қайталауды кеңейту>> әдісі.Оқушылар өздері сұрақтар құрастырады,зерттелетін тақырыптарын кеңейтеді.Бұл жерде оқушылар өз білімін өз бетімен жетілдіреді.
<<Сөз жұмбақ тексеріс>> күні бұрын зерттелген таұырып бойынша дайындалған. <<Сөз өнері>> зияткерлік ойыны, <<ең ақылды>> сайысы оқушылардың ақыл-ойын дамытады.

<<Оқыту сапасын арттыру арқылы оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру>>
Жоспар:
І.Кіріспе бөлім
А) Мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілі,ізденімпаздығы, жаңашылдығы,шығармашылығы
ІІ.Негізгі бөлім
А)Білім сапасын арттырудағы түрлі сайыстар мен ойындар,әдістер
ІІІ.Қорытынды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Баяндама
Тақырыбы:
<<Оқыту сапасын арттыру арқылы оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру>>

Дайындыған: Рахымбаева Әсел Аманбекқызы

Шымкент 2012 жыл

Ұқсас жұмыстар
Сөйлемдерді көшіріп жазу
Информатика пәнін оқытудың тиімділігі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы
Ойын технологиясы
Табиғат – сұлулықтың таусылмас қайнар көзі
Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі
Жасырылған сөзді тап
Сыни ойлауды бағалау
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жайлы ақпарат
Баяндама
Пәндер