Жасыл түс

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское селосы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Рияпова Толқын Алпысбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық : оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;
Тәрбиелік : оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Сабақтың түрі : Дәстүрден тыс бекіту сабағы,
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі : жетондар, үлестермелі қағаздар, топқа бөлінетін белгілер, плакат, кестелер, түрлі-түсті қарындаштар, түрлі суреттер
Пәнаралық байланыс : психология, бейнелеу өнері, философия
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме? Балалар және бүгінгі ашық сабағымыздың қонақтары, қазір қазақ тілі сабағы. Сабағымызды бастамас бұрын сендердің патриоттық көзқарастарыңды білгім келеді.
- 1. Патриоттық көзқарас.
- 1. Мен қазақстан азаматымын.
- 2. Мен өз ана тілімді құрметтеймін.
- 3. Мен Отаным үшін еңбек етемін.
- 4. Мен озат оқушы боламын.
- 5. Мен табиғатты аялаймын.
- Жақсы балалар, онда сендердің күнделіктерің 4 пен 5-ке толсын! Олай болса, күн жады мен көркем жазуды әдемі етіп жазайық.
2. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой шақыру стратегиясы.
«Адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді. » Баубек Бұлқышев
М: - Ал, балалар, Баубек Бұлқышевтың бұл сөзін қалай түсінесіңдер? (оқушыларды сөйлету)
Балалар жауап береді . . .
М: - Ал, еңбек ету үшін, адамның ажарлы өмір сүруі үшін не керек деп ойлайсыңдар? (ой қозғау)
М: - Ендеше, бүгінгі сабағымызда ойлау сатыларына «Адам керуен, өмір жол» дегендей жолға шығамыз.
3. Мағынаны ашу сатысы.
М: -Сонымен, жолға шықтық. Жолдағы ережелерді сақтап, бағыт сілтеуші не? ( бағдаршам ) . Олай болса, бағыт сілтеушілерің мен, ал сиқырлы бағдаршам түстерді сендерді ойлау сатыларына шақырады. Тақтаға түрлі-түсті қағаздан дөңгелек ойып, тақтаға іліп отырамын. Жанында әр тапсырманың атауы жазылып тұрады.
Ақ түс: - Балалар, қандай өзгерісті байқадыңдар? Ақ түсті көрген кезде қандай ой келеді? Жалпы, ақ түс шексіздік ұғымына сай келетін сияқты. Адам баласының алар ұғымы өте шексіз. Соның бірі өздерің танысып шыққан - «Сөзжасам» тарауы.
- Енді, ойлаудың алғашқы сатысы - дерек мағлұматқа тоқтаймыз.
Топтау стратегиясы (сұрақ беріледі, соған қарап білгендерін дәптерлеріне жазып шығады, ең жақсы шыққан стратегияны, тақтаға жазып шығу. )
М: - Жасыл түс . Ал балалар, келесі түс «Жасылда» қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның жасыл түсінде не істетін едік? «Жол ашық» Ендеше келесі ойлау сатысында алған мағлұматтарымызды салыстыра отырып зерттейміз.
5. Венн диаграммасы (зерттеу)
М: -сары түс - ал, балалар, келесі түс «Сары». Сары түсті көргенде қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның сары түсінде не істейміз? «Дайындал» ендеше, келесі ойлау сатысы алған мағлұматтарды іс-әрекетте тиімді пайдалана білу.
6. Өз бетімен жұмыс. (терме диктанты) Сөзжасамның төрт тәсіліне байланысты сөздерді теріп жазу.
Сергіту сәті. (халықтық педогогикамен байланыстыру) . Балаларға мақалдың бастапқы бөлігін айтып, ары қарай жалғастыру ойынын өткіземін.
М: -қара түс - Ал, балалар, келесі түс-қара. «қарада» қандай ой келеді? Олай болса, қара түстен «Сақ болуымыз»керек. Ендеше, келесі ойлау сатысы - алған мағлұмат бойынша өзіміздің әлсіз жағымызды танып білейік.
7. Үлестірмелі қағазбен жұмыс. Әр топқа сөздер, одан туынды сөздер жасау. (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, шағын мәтін)
4. Ой-толғаныс сатысы
391-жаттығу.
Тақтада: Мәтіннен жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздерді табу.
Дәптерге: Қарамен жазылған сөздердің қандай жолдармен жасалғанын түсіндіріңдер.
6. Қорытындылау
Қызыл түс: - Ал, балалар, соңғы түс - . . .
- Ия, жарайсыңдар қызыл түс. Қызыл түсте не істейміз? «Тоқтаймыз. »
- Ендеше, келесі ойлау сатысы-
- Сабақ бойынша алған білімдеріңді жүйелеп, жоба рақылы дәлелдеу.
Коллаж әдісін пайдалану. (әр-түрлі суреттер: ата, әже, ана, әке, достардың, жеміс-жидектің, қаланың, жануарлардың т. б. )
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма.
1) сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмаларды орындау.
2) Туған табиғаттың тамашасы жайында білетін мәліметтеріңді кірістіріп, ертегі жазау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz