Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шеңберге тұрғызып балаларды мадақтап, алтын жүректер сыйлау

№ 2 Майқайың
жалпы орта білім беру мектебі

<<Мейірімділік шуағы>>

Өзін-өзі тану сабағы

Құрастырған:
мектепалды даярлық сыныбының
тәрбиешісі Р.Д.Галимжанова

2011-2012 оқу жылы
Баянауыл ауданы
Павлодар облысы

Өзін-өзі тану сабағы.
Даярлық тобы.

Тақырыбы: <<Мейірімділік шуағы>>.
Мақсаты: <<мейірімділік>> ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттер: - өзара сыйластық, достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
- өзін және айналасын сүюге,жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
-қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: балапан, аю, екі қонжық,қоян,қыз бала,шар,ағаш-бейнеленген суреттер, <<Алтын жүректер>> қаланың картасы, үнтаспа, ақ парақ,түрлі-түсті қарындаштар,әр балаға қағаздан қиылған жүректер, әдемі бейнеленген конверт.
Сөздік жұмысы: мейірімділік, достық,сыйластық, <<Жақсылық жасауда-бақыт>>

Сабақтың барысы:
I. Шаттық шеңбері.
Балаларды шеңберге жинап:
-қане,балалар,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,шеңбер құрып тұра қалайық!
- балалар,шеңбер неге ұқсайды?
-дұрыс айтасыңдар, шеңбер допқа,күнге,айға,жүзікке т.б. дөңгелек заттарға ұқсайды екен. Күн бізге жылу береді, бізде шеңберде дөңгелене тұрып бір-біріміздің бет-жүзімізді аңық көріп,жылы тілектерімізді,сөздерімізді айтамыз. Бәріміз қосылып өлең жолдарын қайталайық:
Біздің топта балалар
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
-Балалар,бүгін біз <<Алтын жүректер>> қаласына мейірімділік жолымен барамыз. Осы қалаға менің сұрағыма жауап бергендер ғана кіре алады. Ал менің сұрағым осындай:
- қандай жүректі біз <<алтын>> деп айтамыз?
Балалардың жауаптарын тыңдау (таза, ашық, мейірімді,қамқор,сүюші)
- Ал,енді көздерінді жұмып отырындар,мен әдемі әуен қоямын,ал сендер оны тыңдап қандай жақсы амал жасағандарынды естеріне түсіріндер.
Балалар әуенді тыңдап, өз ойларын айтып береді.
oo Сендердің араларында қай баланы <<алтын жүректі>> бала деп айтуға болады? Неліктен олай ойлайсындар?
-мінеки,біз <<Алтын жүректер>> қаласына кірдік, өйткені сендерде барлықтарында ашық,мейірімді, жылы,аялы жүректерін бар.
-Сендердің жауаптарын тыңдап, сендерде шынында алтын жүректерін бар екенін көзім жетті.
-қараңдар, конверт ілулі тұр, кімнен екенін оқып жіберейін. Бұл хат Махаббат перизатынан екен.
(конверттін ішінде сақина және хат ойын шартымен)

oo Махабатт перизаты бізге ойын ойнап жіберуге ұсынайды, конверттін ішінде Мейірімділік сақинасы бар, кімнін қолына сақина түседі сол Махабат перизатындай мейірімді,ілтипатты болып қалады екен.
Шеңбер жасап тұрайық,ортаға санамақ арқылы бір баланы шығарамыз,ол Махабатт перизаты болады. Сендер көздерінді жұмып,қолдарынды алға созып тұрасыңдар. Махаббат перизаты шеңбермен жұрып сендерге білдіртпей біреулерінің қолына сақинаны салады. Содан соң перизат ортаға тұрып осылай айтады: <<кім бәрінең мейірімді тезірек ортаға шық>>. Кімнің қолында сақина болады сол ортаға шығып Махаббат перизатына жылы сөз айтады да өзі Махаббат перизатқа
айналады.

2. Көңілді әуенмен ойын өткізу.
Мінеки, біздің топта перизаттар көп екен,маған сендердің жылы,мейірімді сөздерін өте ұнады, сол үшін мен сендерге ертегі сыйлағым келеді,орларына отырып мұқият тыңдандар.
3. Фланелеграф көмегімен ертегі айтып беру:

Бір кішкентай балапан болыпты. Ол, күнің көзі шуағын сыйлап, оның жүрегін жарықтандырсын деп және айналада барлығы осы балапанда <<жүрегі жарық>> айтсын деп өте қалапты. Бірақ күнің көзіне қалай жететің білмепті. Бір күні балапан жолға шығыпты,мүмкін күнге жол көрсететін біреу кездеседі. Келе жатыр кішкентай балапан,келе жатыр, аюды кездестірді. <<Ол үлкен,мүмкін ол күнге қалай жететін біледі>>-деп балапан ойлады. Аю оғануайымды көзімен қарады да : менің қоңжықтарымды тауп алуға көмектесші,-деді. <<менің уақытым болмаса да ,мен саған көмек көрсетуге қуаныштымын>> балапан айтып іздестіруге асықты. Көп ұзамай ол қоңжықтарды шуақты орман алаңқайда тауып алды. Қуанған қоңжықтар аналарын құшағына жүгірді, ал кішкентай балапан жүрегінде нәзікті қытық сезді. Өте қуанышты және маңыздана әрі қарай жолын жалғастырды.Аздаған жол жүріп ол, табанына тікене кіргізіп алған, көжекті кездестірді. <<Сен білмейсін бе,күннін көзіне қалай жетуге болады?>>-деп одан сұрады.>>Жоқ,кшір білмеймін- деді көжек,-ал сен менің табанымнан тікенені алып шығараласын ба?>>. <<Мен асығып тұрмын өйткені күн көрінбей кетеді,бірақ мен қанағатпен саған көмектесемін>>. Балапан көжектін табанынан тікенені алып шыққанда қайтадан жүрегінде нәзікті қытық сезді,содан соң жолын әрі қарай жалғастырды.
Келе жатып, ағаштын төбесіндегі іліңіп қалған шарға қарап тұрған, кішкентай қызды кездестірді. <<Айналайын балапан, ағаш басына ұшып, маған шарымды алып берші,өтінемін>>- деп,қыз сұрады. <<Жарайды,жарайды>>- деді балапан. Ағаштан шармен түскенде, қыздың көздері қуанышпен жайнап тұрды. Балапан тағы да жүрегінде нәзікті қытық сезді.Оған қарамастан, балапан көңілсіз күннің батуына қарады. <<Неге сен көңілсізсің?>>- балапанға қарап қыз сұрады. <<Маған, жүрегіме жарық беретін, күннің көзіне жол көрсететін ешкімді кездестірген жоқпын>> - деп,балапан жауап берді. Ақылды қыз балапанның қасына барып, оны құшақтап <<ренжіме, айналайын балапан,сенін жүрегін өте жарық,өйткені сен бәріне көмек көрсеттін>>. <<Сен оны қайдан білесін>>- деп балапан сұрады.
<<Мен өзін-өзі тану сабағына барамын. Онда біз өзіні және айналдағы адамдарды түсіну, көмек көрсету үйренеміз>>. Балапан қызға ризалық білдіріп,үйге қайтты. Ол енді біледі, оның жүрегі жарық. Жүрегі балапанды және айналадағы барлықтарын жылытқанын сезді.
Сұрақ-жауап:- неге балапан жолға аттанды? Балапан кімді кездестірді? Неге әр сайын,ол жақсы іс істегеннен соң жүрегінде нәзік қытық сезді? Қандай жақсы істер жасады? Неге қыз балапанның <<жарық жүрегін>> көрді? Сендер осындай балапан болғыларын келе ме?
4. Сергіту сәті. Көңілді әуенмен ырғақты қимыл жасау.
5. Шығармашылық сәті.
oo <<Жарық жүректі>> қалай түсінесіңдер, солай түрлі түсті қарындаштармен салып беріндер.

Балалар ақ параққа суреттерін салып тақтайға іледі.
oo Қараңдаршы,қандай әдемі,жылы жүректер суретте.Ал, осындай жүрек адамда болу үшін ол қандай болу керек?
6. Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналады. Балаларға көздерін жұмып,жарық жүректі елестетіп отыруды ұсынау.
7. Қорытындылау. Бүгін біз <<жарық жүрек>> деген сөздің мағынасын аштық, мейірімділік, қамқорлық, достық не екенін түсіндік, бір-бірімізге жақсылық жасай білуді үйрендік.
8. Жүректен жүрекке. Шеңберге тұрғызып балаларды мадақтап, <<алтын жүректер>> сыйлау.

Ұқсас жұмыстар
Көрікті көктем туралы ақпарат
Жыл мезгілі - күз
Менің отбасым Таным
Әдептілік ар ұят - адамдықтың белгісі
Мейрімді жүрек
Қонақтарды күтеміз
Ұлдар мен қыздар
Самат не үрлей алады
Автобус
Құстардың суреттері
Пәндер