Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сүтқоректілер балықтар қосмекенділер жорғалаушылар бунақденелер құстар

Раушан Алпыспаева
Алматы қаласындағы № 40 мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
<<Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілік>>

Мақсаты:
Оқушыларға балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігін түсіндіру.
1. Білімділік: Оқушылардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар туралы алған білімдерін кеңейту.
2. Дамыту: Оқушылардың дүниетанымын дамытуға жағдай жасау, оқу-танымдық кабілетін, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, жан-жануарға қамқор болуға баулу, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Бағалау: Ауызша, жазбаша ,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, кітаппен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, ұжымдық жұмыс, тест жұмысы, сұрақ - жауап әдісі.
Көрнекті құралдар: кестелер, сөзжұмбақ, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
А) Сабаққа кіріспе:
Бүгінгі сабағымды мына өлең шумағынан бастағым келеді
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады?
Көктемде
Қазір жылдың қай мезгілі
Бүгін ауа райы қандай?
Көктемде табиғат қалай өзгереді?
Көктемде жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Білімді шыңдау
Өткен тақырыпты қайталау:
* Табиғат дегеніміз не?
- айналаны қоршаған орта
* Табиғат неден тұрады?
- Өлі және тірі табиғаттан тұрады.
* Тірі табиғатқа не жатады?
- Адам, жануар және өсімдіктер
* Жануарлар қандай топқа бөлінеді?

Жануарлар

Сүтқоректілер балықтар қосмекенділер жорғалаушылар бунақденелер құстар

Құстар

Жабайы үй отырықшы жыл

Б) Үй тапсырмасын тексеру:
- Үй құстарын атау: тауық, үйрек, қаз, әтеш, балапандар
- көктемде үй құстарын адамдар қалай күтеді?
- Жабайы құстар үй құстарының айырмашылығы неде?

Жаңа сабақты түсіндіру
Қазір мына сөзжұмбақты шешіп жіберейік.
1. Отырмайды, тұра аламайды.
Түзу жолда бұраңдайды. (жылан)
2. Қанаты жоқ ұпайды,
Су астында қыстайды? (балық)
3. Су оның мекені,
Құрлықта да жүреді (бақа)
4. Ішінде тамақ салынған
Есігі тастай жабылған (жұмыртқа)

Б

А

Б

Л

А

Ж
Ұ
М
Ы
Р
Т
Қ
А
Ы

Қ

А

Л

А

Н

Сөзжұмбақты шешкенде қандай сөздер шықты: жылан, бақа, балық.
Бұлар жануарлардың қандай тобына жатады?
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Олай болса, бүгін біз қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың көктемдегі тіршілігімен танысамыз.
Есімізге түсіріп жіберейік, қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардыңың қыста қайда қыстайды?
Бақалар су түбіндегі лайға тығылып, ұйқыға кетеді.
Жылан мен кесіртке жапырақтар мен шөптердің арасына тығылып ұйықтайды.
Неліктен олар ұйқыға кетеді?
Күзде азық қорының азаюынан, ауа райының салқындауынан суыққа шыдай алмайды.
Көктемде қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың тіршілігінде де қандай өзгерістер болады?
Олар ұйқыдан оянады.
Жорғалаушылардың жер бетінде 8000-ға жуық түрі, соның 19 түрі Қазақстанда, қосмекенділердің 4000-ге жуық түрі, соның 12 түрі Қазақстанда, балықтардың 20000-ға жуық түрлері соның 180 түрі Қазақстанда, тасбақаның Қазақстанда 2 түрі кездеседі.
Осыларға (Балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелердің) ортақ не?
Көктемде балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелер жұмыртқалайды. Олар көктемде жұмыртқалау арқылы көбейеді. Балықтар мен бақалардың жұмыртқасын уылдырықтар деп атайды. Уылдырықтардан дернәсіл дамып, итшабақтар өсіп шығады. Жыландар мен кесірткелер жұмыртқасын құмға салады.
Балықтар, бақалар, жыландар, кесірткелер бунақденелермен, балдырлармен,шабақтармен қоректенеді. Жылан сонымен бірге тышқанды, құстарды және кесірткені ұстап жейді.
Бақа зиянды бунақденелермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын келтіреді. Жыланның уынан дәрі алынады, балықтардың бауырынан май алынып, онда <<Д>> витамині мол. Сондықтан оларды қорғауымыз керек.

Білімді жүйелендіру мен пысықтау.

Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға мәтінді іштей, тізбектей дауыстап оқыту
Көктемде қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Дәптермен жұмыс:
Қосмекенділер, балықтар, жорғалаушылардың атын жазғызу.

V. Рефлексия. Бүгінгі сабақта біз нені үйрендік?
VI. Үйге тапсырма: 96-97 бет
VII. Қортындылау: тест жұмысы

1. Бақа қай топқа жатады?
а) балық ә) қосмекенді б) жорғалаушы

2. Бақа мен балықтың жұмыртқасын не деп атайды?
а) уылдырық ә) шабақ б) дернәсіл

3. Жорғалаушыны көрсет:
а) бақа ә) балық б) жылан

4. Балық немен қоректенеді?
а) балдырлармен ә) бунақденелермен б) шөппен

VIII. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Бауырмен жорғалаушылар
Өсімдік топтары нешеу
Өсімдік түрлерін ата
Құстар Жануарлар Жорғалаушылар топтары
Абиотикалық факторлар
Сабақтың өтілу барысы
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі
Жануарлардың балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар топтарымен таныстыру
Хайуанаттар бағына саяхат
Жануарлар құрылысының күрделенуі
Пәндер