Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әли Қуан анам
Тақырыбы: <<Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім>>
Мақсаты: Ана сүтімен бойға дарыған ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Елжандылыққа, Отансүйгіштікке баули отырып, оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.
І Мұғалімнің сөзі
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Мектебімізде 22 қыркүйек- ҚР халықтарының тілдері күні мерекесіне орай 17-24 қыркүйек аралығында апталық ұйымдастырылып отыр. Бұл жиынымыз апталықтың бастамасы. Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығымен 22 қыркүйек <<ҚР халықтарының тілдері>> күні болыпбелгіленді. Содан бері бұл мереке көпұлтты Қазақстан халықтарының сүйікті мерекесіне айналйп, жыл сайын атап өтіліп келеді. Әр ұлт өкілдері өз туған тілінің тағдырына жанашырлық танытып, оның одан әрі өркендеуіне өзінше үлес қоса алады. Сондай-ақ Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат мемлекеттік тіл- қазақ тілінің мәртебесін арттыру үшін атсалысуға міндетті. Сол үшін 1989 жылы және 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды. Заң тек қазақ тілінің ғана емес, барлық ұлттың тілдерін дамытуды көздейді.>>Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім>> деп мағжан ақын жырлаған ана тілімізді қадірлеу- перзенттік парыз. Елбасымыз өзінің сөйлеген бір сөзінде осы парыз жөнінде <<Өзіміздің осы елге қонақ емес екенімізді, Қазақстанда қазақ тілі де, ел бірлігі мен татулығы да, тарихымыз бен мәдениетіміз де тек қана қазаққа керектігін түсінгенде ғана бұл міндетті орындауға болады>> деген екен. Ендеше <<Мен қазақпын>> деп ұрандайтын болашақтың патриоттары да сіздер, <<Елім менің>> деп қасиетті көк туымызды биікте желбірететін де сіздер, тас жүректерді тілімен тілімдеп, <<Тілім менің>> деп сөз маржанын теретін де сіздер. Ана тіліміздің мәртебесі биктетуге өз үлесімізді қосайық.
ІІ Оқушылардың әдеби-музыкалық сәлемдемесі
1-жүргізуші: О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...
2-жүргізуші: Тамаша таңдайға татып балдай, Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай!
Эльенора Туған тілім- бабам тілі-өз тілім! Туған тілім- анам тілі-өз тілім! Туған тілім - дала тілі - өз тілім! Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Сырымбет Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Аяулым Сол тіліммен махаббатқа үн қаттым, Сол тіліммен талай гүлді жырлаттым. Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп, Талайлардың көз жастарын құрғаттым. Нариман Сол тілмене аспан көрдім, жер көрдім, Сол тілменен көгершінге жем бердім. Сол тілменен дүниеден кетемін, Сол тілмене дүниеге мен келдім. Диана Елдігім, есендігім, ерендігім, Ақыл-ой, арда сезім тереңдігім. Сенімен аспаным арайланып, Сенімен нұрланар келер күнім. Бекзат Өзге елмен сен арқылы теңесемін, Кемеңгер, даналармен кеңесемін. Өз тілімде ән айтып, сөз сөйлесем, Шабыттың ацдарынан жел еседі. Ажар Қуан далам, қуанатын күн бүгін. Серпіп таста, Мұңды жүрек түндігін. Тіл туралы Заңым енді күшіне Паш еткендей, Кескен жаңа кіндігін. Әли Қуан анам! Ұзағынан сүйініп. Сәтің де көп, кеткен кейде түңіліп. Ақ сүтіңнен бойға біткен тіліңді Пір тұтамын, мен алдыңда иіліп! (бастарын иеді)
1-жүргізуші: Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман, Жиреншедей дария шешен бабам. Қазыбек, Төле, Әйтеке- ердің құнын Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам
Эльенора: <<Жылы киім - тәнді жылытар, Жылы сөз - жанды жылытар>>
Сырымбет: <<Бал тамған тілден у да тамар>> Аяулым: <<Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ>> Нариман: << Піл көтермегенді, тіл көтереді>> Диана: <<Басқа пәле тілден>> Бекзат: <<Жыланның тілі айыр, Жаманның сөзі айыр>> Ажар: <<Мал басынан байланады, Адам тілінен байланады>> Әли: <<Ақынның тілі қылыштан өткір>>
Ән: <<Ананың тілі>> Орындайтын: Бауыржанқызы Ажар
2-жүргізуші: Қазақ тілімізді жете білу арқылы ғана біз өз халқымызды әлемге таныта аламыз. Олай болса ұлттық мінез, ұлттық намыс танытайық! Тіліміздің жұлдызын биіктетейік, достар!
(Соңы)
Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
(салтанатты жиын)
Дайындаған: С. Нигметова
2012-2013

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz