Ақпаратты компьютерде сақтау

Тақырыбы: Visual Basic 6. 0 визуалды бағдарламалау жүйесі.

Даярламаның жинақталған ортасы.

Мақсаты: Оқушыларды визуальды бағдарламалаудың технологиясы түсінігімен таныстыру (оқиғалы бағдарламалау) .

а) білімділік;

Оқушыларда визуальды бағдарламалау туралы түсінік болу керек, интерфейс жүйесінің құрамын білулері керек, қосымшалардың өңдеуінің негізгі кезеңдерін тексеру, бағдарлама терезесін өңдеу және жобалардың файлдарын сақтай білу керек.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға визуальды бағдарламалау Visual Basic ортасымен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: ДК. MS Word

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Процедуралық тілдердің қандай артықшылықтары бар?
  2. Алгоритмдердің қандай базалық құрылымын білесіңдер?
  3. Программалық модуль дегеніміз не?
  4. Обьект-бағытталған программалаудың негзгі принциптері.

ІІІ Жаңа сабақ

Visual Basic қосымшаларының өңделуі келесі этаптардан тұрады:

  1. Бағдарламаны лйға салу (бағдарлама нені жасауы керек, қандай есептер шығарады, оларды ойлы түрде іске асыру, деректердің, құрылымын ойға салу т. б) .
  2. Интерфейсті жобалау, яғни қажетті басқарушы элементтерді, батырмалар, тізімдер, т. б. пішімге орналастыру.
  3. Бағдарламалық кодты жазу, ол пішінге орналастырылған басқарушы элементтерді біріктіреді.
  4. Бағдарламаны өңдеу. Бұл кезең келесі кезеңдерге қарағанда көп уақыт алады.
  5. Соңғы компиляция және керек болсадистрибутивті құру.

Visual Basic-ті іске қосу:

Пуск-Программы-MS Visual Basic 6. 0- MS Visual Basic 6. 0

Терезе үш қосымша беттен тұрады: New (Жаңа жобалар),

Existing(Қолданыстағыжобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар) .

New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдаймыз.

Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады.

Recent қосымша беті Existing қосымша бетіне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.

IV Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма: MS Word бағдарламасындағы Visual Basic-ті қосып

V Сабақты қорытындылау

1. Visual Basic-ті іске қосу жолы.

2. Терезе неше қосымша беттен тұрады?

VI Үйге тапсырма: оқулықтан 2, 1 тақырып, 1-9 сұрақтар.

Тақырыбы: Пішін. Пішіннің қасиеттері

Мақсаты: Windows қосымшаларын құрастырғанда пішін түсінігі негізгі обьекті екендігін қалыптастыру, пішіннің оқиғалары мен негізгі қасиеттерімен таныстыру.

а) білімділік;

Оқушылар пішіннің мәнін, қасиетін, оқиғалар мен әдістерін білуі, пішінге қатысты: пішіннің қасиетін терезеде және бағдарламалық жолмен өзгерте білуде, әдістер мен оқиғаларды қойылған есептері шешуге пайдалануды, екі және бірнеше пішіндермен жұмыс жасай білуі керек.

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға пішінмен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Visual Basic

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Қасиет дегеніміз не?
  2. Қасиеттердің қандай түрлерін білесің?
  3. Пішін макетінің терезесі.

ІІІ Жаңа сабақ

Visual Basic-тің негізгі обьектісі-пішін. Жобада бір пішінде бірнеше пішінде болуы

мүмкін. Жаңа пішін жобаға Projec-Add Form командасын таңдау арқылы қосылады. Пішіндер frm кеңейтумен файл түрінде дискіде сақталады. Файлды немесе жаңа пішіннің түрін (типін) таңдаған соң, Открыть батырмасын басыңыз.

1-мысал. Экранның мөлшерін салыстыратын және терезені бүкіл экранға жаймалайтын программа құрыңыз.

Private Sub Form_Load () ’Пішінді іске қосқанда

Form1. Width=Screen. Width ‘Пішіннің ені экранның еніне тең болады

Form1. Heidht=Screen. Heidht ‘Пішіннің биіктігі экранның биіктігіне тең болады

End Sub

Private Sub Form_Click()

End

End Sub

ІV Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма:

Пішінде шерткенде сендердің фамилияларыңды, аттарыңды және әкелеріңнің аттарын шығаратын бағдарламаны әр түрлі қаріптерді, мөлшерді, астын сызуды және түстерді пайдаланып құрыңдар.

V Сабақты қорытындылау

Private Sub Form_Сlick ()

Font. Name=”Tahoma”

Font. Size=12

Font. Underline=True

ForeColor=QBColor(12)

Print ‘Исаев’

Font. Name=”Bookman Old Style”

Font. Size=28

Font. Italic=True

ForeColor=QBColor(11)

Print ‘Муса’

Font. Name=”Аrial”

Font. Size=34

Font. Underline=True

ForeColor=QBColor(10)

Print ‘Cмагулович’

End Sub

Үйге тапсырма: 2. 2 тақырып

Тақырыбы: Базалық элементтер: Frame, Label, TextBox, CommandButon, ChekBox, OptionButton

Мақсаты: базалық компоненттердің тағайындалуын анықтау, олардың қасиетін,

оқиғаларын және тәсілдерін меңгерту.

а) білімділік;

Оқушылар базалық компоненттердің тағайындалуын, және олардың қасиетін, оқиғасын және тәсілін білуі керек.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға пішінмен жұмысжасау ды меңгерту

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Пішін дегеніміз не?
  2. Пішін қасиеттерін айтыңыз.

ІІІ Жаңа сабақ

Frame. Жақтау басқарушы элементі пішінде обьектілерді әр түрлі топтарға бөлу үшін қызмет атқарады.

Name Аты

BackColor Фон түсі

Caption Тақырып

Font Қаріп

Height Биіктік

Top Жоғарғы координата

Left Сол жақ координата

Visible Көріну

Enabled Қатынас

Width Ені

Оқиғалар:

Сlick Шурту Dbl

CommandButon элементі (командалық батырма) әдетте кейбір әрекеттерді екпіндетеді

Label (Белгі) -мәтіндік ақпартпен толтырылған өріс.

Picture-басылмаған батырмаға жапсырылған сурет.

DownPicture-батырмаға басылған кезде шығатын сурет.

DisabledPicture-батырмаға қатынас жоқ кезеңдегі сәйкес келетін сурет.

OptionButton-бір немесе бірнеше мүмкін жағдайларды айғақтайды.

ІV Жаңа сабақты бекіту

2. 3, 2. 4 практикалық жұмыстарды орындау

Үйге тапсырма: 2. 3 тақырып, 1-8 сұрақтар

9-сынып

Тақырыбы: ЕТК кауіпсіздік ережесі.

Мақсаты: Оқушыларды есептеуіш техника кабинетінде жұмыс істеу ережелерімен

таныстыру және жұмыстың қауіпті жағдайлары туралы ескерту

а) білімділік;

Компьютерлік кабинеттегі жабдықтарды іске қосу, ажырату және оларды пайдалану ережелерін; есептеуіш техника кабинетінде өзін ұстау және жұмыс істеу ережелерін; көзге арналған жаттығулар жинағын және денешынықтыру (сергіту) сәттерін білу керек. Компьютерді іске қосып және ажырата алу; электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсете алу керек.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға компьютерлік кабинеттегі қауіпсіздік ережелерін меңгерту

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІІ Жаңа сабақ

Орта оқу орындарында (мектептерде) компьютермен жұмыс істеудің үзіліссіз ұзақтығы:

І сынып оқушылары үшін (6 жас) 10 мин-тан;

ІІ-V сынп оқушылары үшін 45 мин-тан;

VI-VII сынып оқушылары үшін 45 мин-тан;

VIII-IX сынып оқушылары үшін 45 мин-тан;

X-XI сынып оқушылары үшін 30 мин-тан

Зақымданаған адамға дәрігерлер келгенше алғашқы көмек көрсету шаралары.

  1. Зақымданаған адамды тегіс жерге шалқасынан жатқызып, киімінің жоғарғы түймелерін ағыту керек, мүсәтір спиртін иіскетіп, бөлмені желдеткен жөн.
  2. Зақымданушының тыныс алуын (кеудесінің көтерілуі бойынша) тексеру керек, егер тыныс алмай жатса, жасанды түрде дем алғызуға тырысу қажет.
  3. Зақымданушының тамырының қалай соғып тұрғанын тексеру керек, егер тамыры соқпай тұрса, кеудесін әлсін-әлсән басып, жүрегіне жанама массаж жасау керек.

ІV Жаңа сабақты бекіту

1. ЕТК қауіпсіздік ережесі

2. Компьютердің алдында қалай отыру кекрек?

3. Көзге жаттығу жасау.

Үйге тапсырма: оқу

Тақырыбы: І бөлім. Алгоритмдеу және программалау.

Алгоритм және оның қасиеттері

Мақсаты: Алгоритмдер мен оларды орындаушылар туралы түсініктерді кеңейту; оқушыларға алгоритм ұғымының фундаментальдығын және алгоритмдерді қолдану ауқымының кеңдңгңн көрсету; оқушыларды алгоритмдердің қасиеттерімен мысалдар арқылы таныстыру; алгоритнің формальды орындалу мүмкіндігін оқушыларға түсіндіру; алгоритмдер типтерінің құрылымдары бойынша кластарға бөлінуін бееру.

а) білімділік;

Оқушылар алгоритмнің не екенін, алгоритмдердің маңыздылығын және олардың қолданылу ауқымының кеңдңгңн түсінуі; алгоритм командасы, алгоритмді орындаушы, орындаушының командалар жүйесі ұғымдарын білуі қарапайым алгоритмдерді, олардың ие болуы тиіс қасиеттерін ескеріп, тұжырымдап, алгоритмдер мысалдарын келтіре алуы керек

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға алгоритдеу және программалау туралы мәлімет қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Кітап

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. ЕТК қауіпсіздік ережесі
  2. Көзге жаттығу жасау

ІІІ Жаңа сабақ

  1. алгоритмдер алуан түрлі мәселелерді шешуде пайдаланылады;
  2. алгоритм ұйғаратын жекелеген әрекеттер салыстырмалы түрде оңай және орындаушыға жеңіл болады;
  3. алоритмдер мәселелерді (есептерді) шешуді елеулі түрде жеңілдетеді, өйткені орындаушыдан алгоритмді құрушыға қарағанда әлдеқайда аз білім талап етіледі;
  4. алгоритм нақтылы орындаушыға есептеліп құрылады;
  5. алгоритмді орындау мәселенің мәнісімен байланысты пайымдауларды талап етпейді және формальды түрде жүзеге асырылады.

ІV Жаңа сабақты бекіту

  1. Ойлаған санды табу алгоритмі.
  2. Жай сандарды «електеу» алгоритмі

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма: 1. 1-тақырып. 1-5, 7 жаттығулар

Тақырыбы: Алгоритмдерді блок-схема түрінде кескіндеу

Мақсаты: Негізгі блоктардың кескіні мен арналу міндетін енгізу; сызықты құрылымды алгоритмдердің блоксхема түрінде кескінделуін және кескіндеудің осы тәсілінің артықшылықтарын мысалдарымен көрсету.

а) білімділік;

Деректерді өңдеу процесінің жекелеген операцияары үшін схемалардың белгіленуі және орындалу ережелерін білу; сызықты құрылымды алгоритмдердің блок-схемаларын құра алу керек.

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға алгоритмдерді блок-схема түрінде кескіндеп үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Ойлаған санды табу алгоритмі.
  2. Жай сандарды «електеу» алгоритмі

ІІІ Жаңа сабақ

Алгоритмнің өрнектелу жолдары:

Табиғи тіл арқылы жазу;

Белгілі бір түйінді сөздер-терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те атайды.

Алгоритм блоктарының арнайы белгілері:

Блок-схема құруда келесі ережелер сақталу қажет:

  1. блок-схеманың басын және соның міндетті түрде көрсететін блок болу керек;
  2. блок-схемада бірімен-бірі қосылмаған блоктар болмауы тиіс;
  3. блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;
  4. арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ену, бір шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет. Ал алты бұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі кіру және екі сызығы болады.
Іс-әрекеттің атауы
Блок пішімі
Атқаратын жұмысы
Іс-әрекеттің атауы:

Процесс

Таңдау

Модификация

Құжат

Енгізу, шығару

Бастау, аяқтау

Қосалқы программа

Түсініктеме

Блок пішімі: жоқ иә
Атқаратын жұмысы:

Математикалық өрнектерді есептеу

Есеп шығару жолын таңдау

Цикл (қайталау) басы

Нәтижені шығару, қағазға басу

Мәліметтерді енгізу, шығару

Алгоритмдердің басталуы, аяқталуы

Қосалқы программаға кіру және шығу

Схеманы, формулаларды түсіндіру

IV Жаңа сабақты бекіту

  1. Алгоритмдерді өрнектеудің, жазудың қандай тәсілдері бар?
  2. алгоритмдерді график арқылы бейнелеу ерекшеліктері қандай?
  3. Блоктар қандай топтарға бөлінеді?

V Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: 1. 2 тақырып. 10-есеп

Тақырыбы: Алгоритмдерді алгоритмдік тілде кескіндеу

Мақсаты: Оқушыларға мәселені (есепті) шешу процесінің неізгі мәнісі алгоритм құру екенін көрсету. Өз кезегінде алгоритмдік тіл алгоритмдерді жазуды формальдауға мүмкіндік береді. Оқушылардың алгоритмдерді сипаттау құралдары туралы түсінігін кеңейту керек; оларға алгоритмдік тілдің құралдары арқылы сызықты құрылымды алгоритмдерді құру тәсілдерін үйрету.

а) білімділік;

Оқушылар алгоритмдік тілдің арналу міндетін, оның сөздігін, синтаксисін, алгоритмнің жалпы түрін кескіндеудің құрылымын білуі, қандай да бір шарттарды талдауды талап етпейтін есепті шешу алгоритмін қызметші сөздер мен командаларды пайдаланып, алгоритмдік тілде жаза алуы тиіс.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға алгоритмдік тілде жазуды меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Алгоритмнің өрнектелу жолдары.
  2. Алгоритм блоктарының арнайы белгілері
  3. Алгоритмді блок-схема түрінде жазуға мысал келтір.

ІІІ Жаңа сабақ

Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді бірыңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен еркжклкр жүйесі. Алгритмдік тілде мағынасы мен қолдану әдісі өзгермейтін сөздерді қызметші сөздер деп атаймыз.

Алгоритмнің жалпы түрде жазылуы:

алг алгоритмнің аты

басы

алгоритм командалары

соңы

Меншіктеу командасының құрылымы мынадай болады:

Айнымалы:=өрнек. Меншіктеу белгісі (:=)

Мысалы: күн:= «сәрсенбі»

ІV Жаңа сабақты бекіту

Оқулықтағы 5а, 6б жаттығуларды орындау

V Сабақты қорытындылау

1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

2. Қызметші сөздер дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 1. 3 тақырып. 4, 5а, 6а есептерді шығару

Тақырыбы: Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу

Мақсаты: Pascal программалау тіліндегі қарапайым программа туралы ұғымды орындаушы-компьютер үшін алгоритмдерді жазу құралы ретінде енгізу; өрнектердің Pascal-да жазылу ережелері жайлы мағлұматтар беру

а) білімділік;

Оқушылар алгоритмдік тіл мен Pascal программалау тілі арасындағы негізгі айырмашылықтарды, программаның жалпы түрін және Pascal-да арифметикалық өрнектердің жазылу ережелерін білуі тиіс.

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программалау тілінде жұмыс жасау жолдарын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

2. Қызметші сөздер дегеніміз не?

3. Меншіктек командасы дегеніміз не? Меншіктеу белгісі қалай жазылады?

ІІІ Жаңа сабақ

  1. Pascal тілінің алфавиті. Латын әріптермен берілген.
  2. Pascal программалау тілінде қолданылатын арифметикалық амалдардың символдары

Pascal программалау тілінде жазылған программа program, сөзінен басталады және осы тілдің ретпен жазылған операторларының тізбегінен тұрады. Операторлар нүктелі үтірмен «; » аяқталады және олар қызметші begin ( басы ), және end ( соңы ) сөзімен аяқталады.

ІV Жаңа сабақты бекіту

Жаттығулар орындау

а) 7*5+2 3 +13/2; Жауабы: 7*5+2*2*2+13/2

б) 3, 27-0, 71 2 /4, 03+2, 3 3 Жауабы: (3, 27-0, 71*0, 71) (4, 03+2, 3*2, 3*2, 3)

в) 2, 15х+2/3а Жауабы: 2, 15*х+2/3*а

г) а 0 1 х+а 2 х 2 Жауабы: а0+а1*х+а2*х*х

д) а/b 2 +1+ab/a 2 +1 Жауабы: а/(b*b+1) +(a*b) /(a*a+1)

e) 2ах 2 -3b/a 2 +5b Жауабы: (2*а*х*х-3*b) /(a*a+5*b)

V Сабақты қорытындылау

Арифметикалық өрнектерді Pascal тіліне аудару ережелерін тұжырымдау және жазу:

-айнымалылардың аттарын латын алфавитінің әріптерімен жазу;

-арифметикалық операциялар белгілерінің бәрін көрсету;

-бөлшек өрнектер бір жолға жазылуы тиіс, ал алымы мен бөлімі дөңгелек жақшаларға алынуы керек

Үйге тапсырма: Оқулықтан 1. 4 тақырып

Тақырыбы: Программаларды компьютерде орындау

Мақсаты: Pascal программасында жұмыс істеуді игеру. Компьютерде өрнектерді жазғанда және есептегенде стандарт функцияларды қалай пайдалану керек екенін көрсету. Pascal тіліндегі программа туралы түсініктерді кеңейту. Сызықты программаларды құру және орындау дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру

а) білімділік;

Оқушылар Pascal программасы терезелерінің құрамы мен арналу міндеттерін, негізгі меню позицияларының арналу міндеттерін, программа мәтіндерін редакциялау үшін негізгі пернелерді Pascal тілінде стандарт функцияларды кескіндеуді білуі тиіс.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программасында жұмыс істеу, программаларды жазу жолдарын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Pascal тілінің алфавиті.
  2. Pascal программалау тілінде қолданылатын арифметикалық амалдардың символдары

ІІІ Жаңа сабақ

Программаны орындау процесі екі бөліктен тұрады:

  1. программаның мәтінін машинаның жадына Turbo Pascal мәтіндік редакторы арқылы енгізу;
  2. программаны орындау үшін іске қосу.

File-New командасын орындау арқылы жаңа бетті ашып аламыз.

Бас менюдің позициялары:

Fileб Edit, Search, Run, Compile, Debug, Tools, Options, Windows, Help

Программаны іске қосу немесе басынан бастап қайта жүргізу үшін F10-Run-Run командасын орындаймыз немесе Ctrl+F9 пернелер комбинациясын орындаймыз.

ІV Жаңа сабақты бекіту

1. Нәтижені пішімдеп шығаруды пайдаланып, компьютерде келесі өрнектердің мәндерін есептеу керек:

а) √15, 2-сos25 o /sin2+tg3

begin

writeln((sqrt(15. 2) -cos(25*pi/180) ) ) /(sin(2) +(sin(3) /cos(3) ) ) :8:5) ;

end.

Жауабы: 3. 90271

V Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма: 1. 5 тақырып. 3, 4, 5 есептер.

Тақырыбы: Шамалар, олардың типтері. Сызықтық құрылымды алгоритмдерді құру

және орындау. Pascal-ғы программаның құрылымы.

Мақсаты: Шамаларды пайдаланып, сызықтық құрылымды алгоритмдер мен программаларды құру және орындау бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту. Pascal-дағы программаның құрылымы жайлы түсініктерді және алгоритмдерді Pascal программалау тіліне аудару дағдыларын қалыптастыру

а) білімділік;

Оқушылардың алгоритмдер мен программаларда қолданылатын шамалар туралы түсініктері болуы тиіс; олар шамалардың типтерін сипаттай алуы, есептерді шешу алгоритмдерінжазу кезінде аргументтерді, нәтижелерді және аралық шамаларды ажыратып көрсете білуі керек

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программасымен есептер шығару

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программасы

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Программаны орындау процесі неше бөліктен тұрады?
  2. Pascal программасын іске қосу

ІІІ Жаңа сабақ

Алгоритмдік тілде шамалар айнымалылар және тұрақты болып бөлінеді. Шаманың аты, типі, мәні болады.

Мысалы:

А) «сенбі» литерлік шама

Б) (-7) бүтін

В) 2, 5 нақты

Г) «45» литерлік

ІV Жаңа сабақты бекіту

Есептер шығару. y=2. 5x 3 /td35 o функциясының мәнін есептеу алгоритмін құру керек

V Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: 1. 6 тақырып. 1-7 сұрақтар.

Тақырыбы: Тармақталатын алгоритмдер

Мақсаты: Алгоритмдік тілдегі және Pascal программалау тіліндегі тармақталу командасы мен таңдау командасы ұғымдарын енгізу; нақтылы есептерді шешу үшін алгоритмдер мен программаларды құру мысалдары арқылы осы командалардың жазылу пішіндерін көрсету.

а) білімділік;

Оқушылар тармақталу және таңдау командаларының қызметін, осы командалардың алгоритмдік тілде және Pascal программалау тілінде жазылу түрлерін білуі, есептерді шешудің алгоритмдері мен программаларын құру кезінде осы командалардың жазылуындағы шарттарды дұрыс тұжырымдай алуы, тармақталу және таңдау командалары бар алгоритмдер мен программаларды орындау хаттамасын пайдаланып орындай алуы керек.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программалау тілінде есептер шығару жолдарын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі

Сабақтың әдісі: Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма


Ұқсас жұмыстар
Дыбыс карталары
Теледидар көру
Компьютердiң жады
Тест. 5-сынып
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Ақпаратты жеткізу
Тест. 7- сынып
Информатика. Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Мәтіні бар файл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz