Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Сергей васильевич рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы

Шалқар ауданы

Қазанғап атындағы саз мектебінің музыка

әдебиеті пәні мұғалімі:‭ ‬Өтебас Е.‭ ‬С

‎ ‏Музыка әдебиетінің‭ ‬алғашқы сабақтарының мақсаты оқушыларға‭ ‬сөз бен‭ ‬музыканың байланысын таныту,алғаш музыкалық көзқарас қалыптастыру.Әдебиет пен музыканың байланыстылығын түсіндіре отырып,мұғалім оқушының өмір танымын‭ ‬кеңейте түседі.‭ ‬ Орыс‭ ‬композиторларының өмірлерін‭ ‬,шығармаларын оқытуда көркем әдебиеттер,пайдаланылып шығармалары күйтабақтан тыңдалады.‭ ‬Оқушылардың есте сақтау,ой-өрісін дамытуда күйтабақтан тыңдалған шығармаларға‭ ‬/Бұл музыка не туралы?Ол нені білдіреді‭? ‬Неліктен ұнады‭? ‬және т.б‭ ‬/‭ ‬Үнемі назарда болады.Тақырыптан соң тест тапсырмалары орындалады.Музыка әдебиетін оқыту мақсаты музыка мәдениетімен таныстыру,классикалық музыкамен таныстыру,музыка өнеріне баулу,музыкалық сауаттылығын арттыру.,таным қабілеттерін арттыру,‭ ‬кең ой-өрісті дамыту.‭
‬.‭ ‬Музыканы тыңдауға ерекше мән беріледі-ол музыкалық мәдениет спецификасын меңгеруге жеткілікті болуы тиіс.‭ ‬Музыканы әдебиет пен бейнелеу өнерімен байланыстырып қабылдау балалардың өнер жайындағы түсінігі мен‭ ‬өмірлік тәжірибелерін‭ ‬кеңейте түседі.‭ ‬Орыс музыкасының‭ ‬барлық орыс өнері сияқты күшті гүлдену кезі‭ ‬19-‭ ‬ғасырдың екінші жартысы болып табылады.Орыс композиторы С.В.Рахманиновтің‭ ‬өмірін‭ ‬,шығармашылығын оқып үйрену арқылы оқушылар‭ ‬ композитордың жан-жақты талантын‭ ‬ біле отырып,‭ ‬ой-өрісін,таным қабілетін арттырады.

‎ ‏Сабақтың тақырыбы:‭ ‬Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы.‭

Білімдік мақсаты:Оқушыларды С.В.‭ ‬Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру‭

Cабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту‭

Сабақтың көрнекілігі:Портрет,күйтабақ,плакат

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау:

1.П.И.Чайковскийдің шығармаларын ата

2.‎ ‏П.И.Ча‭ ‬йковскийдің‭ «‬Евгений Онегин»операсының негізгі кейіпкерлері

.‎ ‏П.И.Чайковскийдің‭ «‬Евгений Онегин»операсының либреттосын жазған кім‭?

Жаңа сабақ барысы:

Сергей Васильевич Рахманинов‭ ‬1873‭ ‬ж‭ ‬20‭ ‬наурызда Новгород губерниясында дворяндар семьясында дүниеге келді.‭ ‬Рахманинов‭ ‬семьясы музыканы сүйетін өте жақсы семья еді.Болашақ композитор алғашқы музыкалық білімді‭ ‬5‭ ‬жасынан бастап анасынан алады.‭ ‬1880‭ ‬жылдың басында Рахманинов‭ ‬семьясы Петербургке көшіп келеді.1885‭ ‬ж‭ ‬Рахманинов‭ ‬Москва‭ ‬консерваториясының төменгі класына оқуға түседі.‭ ‬Рахманинов‭ ‬Зверевтен‭ ‬фортепиано класында оқиды.‭ ‬Зверев жас музыкантты тек фортеп ианода ғана емес,сонымен бірге‭ ‬жалпы музыка өнер мәдениетін көтеруге тырысты.‭ ‬Осы кезден бастап жас музыканттың композиторлық қабілеті көріне бастайды,ал фортепиано класымен қатар‭ ‬Рахманинов Танеевтен контрапункт және фуга,Аренскийден музыкалық шығарма жазу жөнінде білім алады.Бұл кезде Рахманиновтың музыкалық білімі‭ ‬,орындаушылық қабілеті шыңдалған кез еді.‭ ‬1891‭ ‬ж Рахманинов консерваторияның фортепиано класын бітіреді.‭ ‬Рахманинов консерваторияды оқып жүрген кезінде әр түрлі жанрға пьесалар,фортепианолық шығармалар жазады.Күрделі шығармасы‭ ‬1891‭ ‬ж Фа-диез-moII-бірінші фортепианолық концерті ерекше орын алды.‭ ‬1892‭ ‬ж Рахманинов консерваторияның композиция‭ ‬бөлімін бітіреді.Мұнда Рахманинов дипломдық жұмысына бір актілі‭ «‬Алеко»операсын жазады,бұл шығармасы Пушкиннің‭ «‬Цыгандар»деген поэмасының сюжеті бойынша жазылған.1893‭ ‬ж Москвадағы үлкен театр сахнасында орындалады.Бұл опера қойылғанда П.И.Чайковский композитордың талантты екеніне баға береді.‭ ‬Бұл опера лирико-психологиялық характерде жазылған‭ ‬және драмалық оқиғаға толы шығарма,негізгі батырлары табиғаттың көрінісімен цыган халқының тұрмыс бейнесін бір-бірімен астасып жатады.1893‭ ‬ж‭ «‬Утес‭» ‬деген симфониялық фантазия жазады.‭ ‬Рахманинов есімі Москва,Петербург жұртшылығына кең тарай бастайды.Бұл жылдары орындаушылық шеберлігімен көзге түседі.Ол өзінің фортепианолық шығармаларын Москвада,Россияның басқа қалаларында орындайды.1895‭ ‬ж алғашқы концерттік гастролін бастады.,ол Киевте‭ «‬Алеко‭»‬ операсымен‭ ‬дирижер болып шығады.1897ж‭ ‬дирижерлік қызметі басталады.1899‭ ‬ж Рахманинов Лондонға гастрольдік сапармен пианист,дирижер және өз шығармаларын орындаушы ретінде барып қайтады.Оның1895ж1-симфониясы,1907ж2-симфониясы,2-,3-фортепианолық‭ ‬концерті және фортепианолық прелюдия мен картиналары,этюдтері композитордың таланттылығының айғағы болады.1904‭ ‬ж Пушкиннің сюжеті бойынша жазылған‭ «‬Франческо де приминий»деген операсын жазады.1907‭ ‬ж композитор концерттік сапармен шет елдерде болып,‭ ‬Америкада қалып қояды.Отаннан тыс жерде‭ ‬1926‭ ‬ж‭ ‬4‭ ‬концертін қояды.1934‭ ‬ж Погодиннің темасы бойынша фортепиано мен оркестр үшін концерттік рапсодия жазады.1936‭ ‬ж ІІІ‭ –‬симфониясын,1940‭ ‬ж симфониялық биін жазады.‭ ‬Рахманинов искуство тарихында фортепианолық шығармаларының негізін салушы.Оның‭ ‬фортепианолық шығармаларының стиль ерекшеліктері,ұлттық колориті өмірге деген философиясы және фортепиано үндерін жазған көптеген жанрлардың түрлері оның ұлы пианист,жан-жақты дарын екенін білдіреді.‭ ‬Шетелде дирижер,‭ ‬пианист ретінде шетел және совет композиторларының шығармаларын насихаттаушы ретінде танылады.1943‭ ‬ж Лос Анжелесте қайтыс болады.‭ ‬ Романстары:‭ «‬Весенние воды‭»‬,‭ «‬Как сине волна‭»‬,‭ «‬Здесь хорошо у моего окна‭»‬.

Қортындылау:

С.‭ ‬Рахманинов искуство тарихында фортепианолық шығармаларының негізін салушы.Оның фортепианолық шығармаларының стиль ерекшеліктері,ұлттық колориті өмірге деген философиясы және фортепиано үндерін жазған көптеген жанрлардың түрлері оның ұлы пианист,жан-жақты дарын екенін білдіреді.‭

Бекіту:‭

1.С.Рахманинов‎ «‏Алеко‭»‬операсын кімнің сюжеті бойынша жазды‭?

2.‎ ‏С.‭ ‬Рахманиновтің туған жері‭?

.‎ ‏С.‭ ‬Рахманинов қандай шығармалардың негізін салушы‭?

4.С.‎ ‏Рахманинов консерваторияның қай бөлімін бітірген‭?

Білім бағалау.

Үйге тапсырма беру:С.Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы


Ұқсас жұмыстар
Аққу күйі
Есіңе мені алғайсың
Алкадиендер. жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. табиғи каучук және синтетикалық каучук. резеңке
"мұқағалитану" арнаулы курс. 7 класс
Аққайнар ауылы
Қасым аманжолов. өзім туралы
Мағжан жұмабаев “түркістан” өлеңі
Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы. Үш қиян толғауы
Сабақтың ортасы. Сабақтың тақырыбы
Абай- ұлы тұлға, кемеңгер ақын
Пәндер