Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мәтінді ауыстыру

Сабақтың тақырыбы: WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторының барлық мүмкіндіктерін айтып түсіндіру, көрсету. WordPad редакторымен жұмыс істеуді үйрету, меңгерту. Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгертіп өткен тақырыппен байланыстыру.
2. Оқушылардың ақпараттық - логикалық ойлау қабілетін дамыту, жетілдіру. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұлылыққа, имандылыққа, бірлікке, елжандылыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке,
өз елін, жолдастарын, отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интерактивті оқыту
Сабақтың әдісі: Ассоцация, сұрақ - жауап, ой - толғаныс, ойын - схема.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, кітаптар.
Сабақ өткізілетін орын: Мультимедиялық лингофон кабинеті.
Сабақтың барысы:
1. Сыныпты ұйымдастыру кезеңі: Оқу процесіне жұмылдыру;
2. Үй тапсырмасын сұрау;
- WordPad редакторын іске қосу үшін:
.
- WordPad мәтіндік редакторының терезелері:

- WordPad мәтіндік редакторының батырмалары:

Мәтінді енгізу және редакциялау

Жаңа сабақ;
Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру
WordPad програмасында мәтіннің үзінділерін тышқанның көмегімен апару (тасымалдау) және көшіру әдістерімен немесе меню командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады.
Апару және орналастыру әдісі - бұл мәтіннің үзіндісін бөліп алып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрыңдар да, бөліп алынған үзіндіні іліп алып, қажетті орынға апарып орналастырыңдар.
Мәтіннің блогын көшіру үшін, алдымен оны тышқанмен белгілеп, одан кейін пернесін басып тұрып, оны іліп алыңдар да, қажетті орынға апарыңдар.
WordPad - та жұмыс істегенде кейбір кездерде мәтіннің белгілі бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орыннан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, немесе WordPad - тың басқа құжаттарының арасында, сондай - ақ, басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағдайларда апару және көшіру әдістері онша қолайлы болмайды.
WordPad программасы немесе басқа қолданба жасаған ақпаратты файлға көшіру үшін, мәтіннің қажет блогын бөліп алып (белгілеп), стандартты тақтадағы Копировать в буфер (буферге көшіру) батырмасында тышқанды бір рет шертіңдер немесе Правка --> Копировать командасын орындаңдар.

Сонан кейін бөліп алған блокты көшіріп алатын орынға меңзерді орналастырып, Вставить из Буфера (буферден алып қою) батырмасында тышқанды бір рет шертіңдер немесе Правка --> Вставить командасын орындаңдар.

Мәтіннің үзіндісін бір орыннан екінші орынға жылжыту (апару) үшін, оны белгілеп, стандартты тақтадағы Удалить в буфер (буферге кесіп алу) батырмасын шертіңдер, немесе Правка --> Вырезать (қиып алу) командасын орындаңдар.

Меңзерді экранда үзінді жазылатын жерге апарып орналастырып, Вставить из буфера батырмасын бір рет шертіңдер немесе Правка --> Вставить командасын орындаңдар.

Мәтінді ауыстыру
WordPad программасы мәтіндегі бір сөзді екінші сөзбен ауыстыруға мүмкіндік береді. Ол үшін Правка --> Заменить (ауыстыру) командасын орындау керек. Замена (ауыстыру) диалогтық терезесінде Образец (үлгі) өрісіне ауыстырғыларың келетін сөзді немесе сөйлемді енгізіңдер, ал Заменить на (... алмастыр) өрісіне оған ауысатын сөзді немесе сөйлемді енгізіңдер де, Заменить батырмасын шертіңдер. Егер бұл сөзді ауыстырғыларың келмесе, онда Найти далее батырмасын шертіңдер. Бүкіл құжатта кездесетін бұл сөзді автоматты түрде ауыстыру үшін Заменить все батырмасын шертіңдер.

Күн мен уақытты кірістіру
WordPad программасының құжатына қалауымыз бойынша ағымдағы күн мен уақытты кірістіруімізге болады, ол үшін құрал - саймандар тақтасындағы Дата/время батырмасында тышқанды бір рет шертіңдер немесе Вставка --> Дата время командасын орындаңдар. Диалогтық терезеде қажетті пішімді таңдап, ОК батырмасын шетіңдер. Бұл кезде меңзер тұрған жерде күн мен уақыт пайда болады.

Мәтінді іздеу
Мәтіннің ішіндегі қажетті сөзді тауып алу үшін, құрал-саймандар тақтасындағы Найти (табу) батырмасында (бинокльдің суреті бар батырма) тышқанды бір рет шертіңдер немесе Правка --> Найти командасын орындаңдар. Поиск (Іздеу) диалогтық терезесінде образец (Үлгі) өрісіне ізделінетін сөзді енгізіңдер.

Егер С учетом регистра опциясының жалаушасын орнатса, тек Образец өрісінде жазылған сөз ғана табылады. Қажетті сөзді тапқан соң WordPad оны бөліп береді де, іздеуді тоқтатады, бірақ терезеде экранда қалады, Найти далее батырмасын басып іздеуді ары қарай жалғастыруға болады.

WordPad құжатына суреттерді кірістіру
WordPad құжатына дайын суреттерді, сондай - ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
1. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
2. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редекторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек).
3. Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
4. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жерде орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка --> Вставить командасын орындаңдар.
6. Суретті тышқанның сол жақ батырмасынан басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.

WordPad программасынан шығу
WordPad программасынан шығу үшін закрыт окно (терезені жап) батырмасын шертіңдер немесе Файл --> Выход командасын орындаңдар. Егер құжат сақталмаса, онда экранда Сохранить изменения в файле? деген сұрату терезесі пайда болады.

Электронды оқулық арқылы тапсырмалар мен тест сұрақтарын орындау.

Тест сұрақтары:

"Ненің түбі - неде?" танымдық ойыны:

"Ойлан, тап" ойыны:

Сөзжұмбақ шешу

И

Н

Ф

О

Р

М

А

Т

И

К

А

1. Баспаға шығару құрылғысы.
2. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы.
3. Аты бар бірқатар байттар тізбегі.
4. Жалпы желігі қосылу үшін қажет құрылғы.
5. Компьютерде болатын зиянкес программа.
6. Адам денсаулығына зиян келтіретін компьютер құрылғысы.
7. ALT, CTRL, DEL пернелері не деп аталады?
8. Ақпаратты енгізу құрылғысы.
9. Компьютерден ақпаратты тасымалдауға арналған құрал.
10. Дыбыс шығару құрылғысы.
11. 8 биттен тұратын код.

Техникалық диктант
........................................................... бұл шағын ............................................редактор.
Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы: мәтінді енгізуге, құжат құруға, мәтін үзінділерін .................................................., ..................................................................,
..........................................................................................................................................,
..........................................................................., .............................................................,
............................................................................................................................. болады.
Қажетті сөздер: WordPad, мәтіндік, жылжытуға, көшіруге, күн мен уақытты кірістіруге, мәтінді іздеуге, ауыстыруға, суреттрді кірістіруге.

Қорытынды: Пысықтау.
Үйге тапсырма беру. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері. "Интернет" сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.
Білімдерін бағалау.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Қожакент ауылы №168 орта мектебінің
Информатика және математика пәні мұғалімі
Айтжанова Анипа Досхожақызы

Ұқсас жұмыстар
Wordpad-тың қосымша мүмкіндіктері
Жаңа сабақ бойынша тапсырма
Түсін өзгерту
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін түсіндіру
Мәтіндік курсор
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
Оқушыларға мәтіндік құжатты редакциялау дағдыларын қалыптастыру
Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу. кесте құру. ұяшықтармен жұмыс
Ms word мәтіндік редакторы. мәтіндік құжаттарды пішімдеу
Пәндер