2012-2013 оқу жылының 1 қыркүйек - Сыңғырла, күміс қоңырау білім күніне арналған салтанатты сценарий

2012-2013 оқу жылы

1-қыркүйек-Білім күнінің сценарийі

1-Жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

2-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметтi ұстаздар мен ата-аналар!

1-Жүргізуші: Армысыңдар, мектеп оқушылары!

Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге қайта қош келіпсіздер!

2-Жүргізуші: Бар мектептің басталар бүгін жыры,

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.

Оқу жылы басталды ұстаз, шәкірт,

Құтты болсын бүгінгі Білім күні!

1-Жүргізуші: Білім әлеміндегі дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға

күтер «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

ҚР Мемлекеттік Гимні

2-Жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір,

Құттықтайды қонақтар баршаңды, дей келе,

Бүгінгі салтанатты жиын қонағымыз . . . сөз береміз.

1-Жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры беріледі .

2-Жүргізуші Алғаш келген бүлдіршін,

Құтты болсын қадамың.

Төбеңде бейбіт күн күлсін,

Төмендемесін талабың, - дей келе, Көк байрақты қазақ елiнің 2012-2013оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдiршiндерге сөз береміз. (ортаға шақырамыз)

1-Жүргізуші 11-сынып оқушыларының атынан 1-сынып оқушыларына тілек айту құрметі 11-сынып оқушысы беріледі.

11-сынып оқушысы: Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп - бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп.

2-Жүргізуші Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

Адам жанын тәрбиелеп аялар,

Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың - деп сөз кезегі 1-сыныпқа

шәкірттерін қабылдап отырған ұстаз - беріледі.

1-Жүргізуші Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі, - деп балаларын мектепке

алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін деген тілекпенен келесі сөз өздеріңізде.

2-Жүргізуші Шаттықтың үніндей мәңгілік

Алғашқы қоңырау соғылсын,

Қуаныш әніндей жаңғырып

Жүректер ақ нұрға тоғыссын.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Бужкенов Сұлтанға беріледі.

1-Жүргізуші Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,

Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.

Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,

Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.

Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,

Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Білім ордасы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндерге кең құшағын ашады.

2-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

2012-2013 оқу жылының білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабуға рұқсат етіңіздер. Биіктен көрінетін білім иелері болып, биылғы оқу жылы білім жолында сәттілік тілейміз!

1-Жүргізуші: “Сыңғырла, күміс қоңырау” мерекесi білім ордасында өткізілетін « » атты алғашқы білім сабақтармен жалғасады.


Ұқсас жұмыстар
1 қыркүйек - Білім күні: Сыңғырла, күміс қоңырау атты салтанатты жиынның бағдарламасы
Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы №6 мектептің 2012 жылғы 1 қыркүйек - Білім күні Сыңғырла күміс қоңырау салтанатты жиынының бағдарламасы
№68 орта мектептің Сыңғырла, күміс қоңырау атты 2013-2014 оқу жылының Алғашқы қоңырау салтанатты бағдарламасы
2011-2012 оқу жылының Сыңғырла соңғы қоңырау салтанатына арналған сценарий (Жаңашаруа қазақ орта мектебі)
1 қыркүйек - Білім күні: колледждегі Алғашқы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
ОШ №32-нің 1 қыркүйек - Алғашқы қоңырау және Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы
1 қыркүйек - балабақшадағы Білім күніне арналған мерекелік сценарий
ОШ №32-нің 1 қыркүйек - Алғашқы қоңырау және Білім күні салтанатты жиынының сценарийі
25 мамыр 2010 жылғы 2009-2010 оқу жылының Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
1 қыркүйек - Білім күні: Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны және мектептің 20 жылдық мерейтойы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz