Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шыққан сөз ДОСТАР

Сабақты дайындаған: Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы.
№44 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Мусагалиева Венера Ермековна
Сабақтың тақырыбы: Атадан қалған тұяқ.
Сабақтың мақсаты:
а/ Автордың өмірбаянымен таныстырып,мәтін арқылы балаларға айтар ойын дәлелдеп меңгертіп жеткізу.
ә/Мәтін арқылы әрбір оқушыны адамдыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке және мәтіндегі кейіпкер сияқты шыдамдылық пен қамқорлыққа тәрбиелеу.
б/ Әкесіне деген сезімін, көзқарасын құрметтеу мен қорғауға қастерлеуге оқушылардың ойын еркін жеткізе білуге дамыту
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен материалдар бойынша қайталап өту.
Осы бөлімдегі шығармаларды айта отырып, неге үйренгендеріңді айта аласыңдар ма? Еріншектік, салақтық, ашу сияқты жағымсыз қасиеттер сөз етілген шығарма қандай? Монолог дегеніміз не? Диалог дегеніміз не?
Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ арқылы біз жыл бойы өткен тақырыптарымызға баланысты жаңа бөлімнің негізгі ойын табамыз
1. Ата әлемге әйгілі қуақы кісі / Алдар/
2. Жетім әңгімесінің авторы кім? / Әуезов/
3. Менің атым Қожаның авторы кім? / Соқпақбаев/
4. І. Жансүгіровтің табиғат туралы жазған өлеңі /көктем/
5. Б. Бұлқышевтің өмірдегі ең қымбат адамы? /ана/
6. Сәулелі жұлдыз іздеген адам? / Ыбырай/
Шыққан сөз ДОСТАР
Мағынаны тану
Сонда біздің бөлімнің тақырыбы: << Менің алыстағы достарым>>, деп аталатынын таптық. Енді достар қандай болу керек деген сұраққа топтастыру арқылы жауап іздеп көрейік. Қорыта келгенде достар өмірде әртүрлі болып келетін өздерің де көріп те кездесіп жүрсіңдер.
1 топ. Адал достар.
2топ. Қамқор достар.
3топ. Мейірімді достар.
Топ басшыларын сайлау.
Автор жөнінде мәлімет.
Шыңғыс сөзін топтастыру.

Мәтінді тізбектеп оқу.
Әр бөлімге қысқаша түсінік беру.
Сұрақ-жауап.
1. Атадан қалған тұяқ тіркесі қай кейіпкерге қатысты айтылған? Неге?
2. Әуелбектің анасы Жиһангүл неге жылады деп ойлайсыздар?
3. Әуелбек қандай бала?
4. Әуелбек неге қуанды деп ойласыңдар?
5. Негізгі кейіпкер кім?
6. Әңгімедегі бақытсыз жан кім?
7. Бақытсыз болуына кім кінәлі? /соғыс, сұм ажал/
Сөздік жұмыс / түсіндіріп өту/
Топтық тапсырма.
1- топ . Әңгімеге дейінгі көңіл -күйің қандай болды?
2- топ. Әуелбектің анасы туралы айту. Әуелбекке мінездеме беру.
3- топ. <<Соғыс>> деген сөзді қалай түсінесің?
<< Соғыс>> деген сөзге шағын эссе жазу.
1941,1945,1986 бұл сандар нені білдіреді?
Қандай Ұлы Отан соғысының батырларын білесіңдер?
Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларды ата.
БАТЫР сөзін топтастыру.

Қорытынды . Бағалау .
Гүл күлтешісін үлестіру арқылы жазылған сөздерге түйіндеме жасау.
Соғыс. Отан. Достық. Отбасы. Бейбітшілік. Ана.

Ұқсас жұмыстар
Ғабит Мүсірепов Жаңа достар
Ұялы телефон
Достық сезім, 2-сынып
Тапқыр достар сайысы жайлы ақпарат
Қанатты достар
"тарих қадамдары" интеллектуалды сайысы
Дос болайық бәріміз
Мәңгілік ел-мұратым Б Ә Й Т Е Р Е К зияткерлік сайысы
Қош бол, әйбат әліппе ( Тәрбие сағаты )
Ортада Интернет тобы
Пәндер