2-сынып оқушыларына арналған Зерек бала танымдық сайысының өткізу жоспары

Муханова Айжан Айжарыковна

Ақтөбе облысы

Алға қаласы

№1 Алға мектеп-бақша психологі.

2 - сынып оқушыларына арналған «Зерек бала» танымдық сайысы

Мақсаты: Оқушылардың білімге, білуге деген құштарлығын арттыру
дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, шешендікке, шапшаңдыққа баулу.

Сайыс басқыштары:

1. Қас қағым сәт

2. Дұрыс па, бұрыс па?

3. Кім жылдам?

4. Шешендік өнер

5. Тапқыр бала

1-басқыш. Ойын шартында оқушылар шапшаңдықпен қойылған сұрақтарға жауап береді.

Тапсырмалар:

1. Қыс айларын ата

2. Бұрыш сөзінде неше буын бар?

3. Шаршының қандай қасиеті бар?

4. Мереке сөзіне сұрақ қой

5. Судың қасиетін айт

6. Жер бетінің өсім дік өсетін қабаты

7. «Сабын» сөзін орыс тілінде айт

8. Бөле деген кім?

9. Қазақстан астаналарын ата

10. Өзіңізден үлкен туыстарды ата

11. Түсі қызыл жемістер мен көкөністер

12. Құрлықтағы ең алып жануар

13. Ең ыстық жыл мезгілі

14. Төрт түлік төлдерін ата

15. Аптаның үшінші күні

16. Ең тәтті, ең ащы не?

17. 1+2+3+4+5+6+7+8+9 жауабын айт

18. Ас атасы . . .

19. Судың түбінде қандай тас болмайды?

20. Сағанағаңның жары кімболады?

2-басқыш. «Дұрыс па, бұрыс па?». Төмендегі сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс деп жауап алынады.

1. Қымыз түйенің сүті

2. Бұзау сиырдың төлі

3. Алма жерде өседі

4. 8-наурыз Жеңіс күні

5. Біз оқушымыз

6. Қайық аспанда ұшады

7. Қыста боран болады

8. Екі жақсы баға

9. Тас жұмсақ болады

10. Ұзын-қысқа мағынасы бірдей сөз

11. Гүлдер әр түрлі болады

12. Қоян батыр болады

13. Оныншы ай желтоқсан

3-басқыш. Оқушылар бір-бірден әріптер таңдап, қойылған сұрақтарға осы әріптен басталған сөзбен жауап береді.

«Кім жылдам?»

А Б Е О С Т Қ Ш Ж М

1. Түсі көк болатын заттарды ата

2. Жалқы есімдерді ата?

3. Сен үлкейгенде кім боласың?

4. Сенің досың қандай?

5. Сабақты қалай оқисың?

6. Анаңа қандай тілек айтасың?

7. Мұғалім апайың қандай?

8. Өсімдік немесе құсты, жануарды ата

9. Ермексаздан не жасауғаболады?

10. Үйіңе қонақ келсе не бересің?

4-басқыш. Шешендік өнер. Берілген сөздерге мақал тауып айту.

Бала, ата, аға, білім, өнер, қыздар, бидай, тіл, тәрбие туралы, қар.

5-басқыш. Тапқыр бала. Төмендегі жұмбақтарды жалғастырып, шешуін табады.

  1. . . .

Маса, шыбын аулайды

  1. . . .

Жүрген жері айқай да шу

  1. . . . ,

Күн оны түзетеді

  1. . . . ,

Айналдырып киген тоны бар

  1. . . . ,

Жанғанда бет қаратпас

  1. . . . ,

Желмен бірге көшеді.

Қатысушылардың ұпайын есептеп бағалау.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып оқушыларына арналған Елім менің білім сайысының жоспары
Информатика білімгерлері танымдық сайысының өткізу жоспары мен әдістемесі
7-сынып оқушыларына арналған Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысының өткізу жоспары мен сценарийі
Жетінші сынып оқушыларына арналған Тапқыр топтар интеллектуалдық сайысының сценарийі және өткізу жоспары
10-11 сыныптар аралығындағы Зерек танымдық сайысы және 9-11 сынып оқушыларына арналған адам құқықтары мен Конституция негіздері кеші
2 А сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық-танымдық сайыс Тапқыр достар
Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы: 8-9 сыныптарға арналған Атажұрт танымдық сайысының өткізу бағдарламасы
Бастауыш сынып оқушыларына арналған Сынып дарабозы интеллектуалдық сайысының жоспары
2-4 сынып оқушыларына арналған Шынықсаң шымыр боласың эстафеталық спорттық сайысының сабақ жоспары
Талапты бала 2013 интеллектуалдық білім сайысының мақсаты, құрылымы және өткізу ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz