Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ойын - балалар өмірінің нәрі
Білім берудің басты құралы - ойын
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру, жақсы мінез-құлыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету - ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың кез келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Қазақ халқында <<Баланы ойын өсіреді>> деген даналық сөз бар. Ойын - балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға,
баланың арман-тілегін білуге, зейінін, жадын қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Мәселен кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко: <<Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады>> десе, В.А. Сухомлинский: <<Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес>>, - деп айтқан. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.
Ал ойын деген не? Ойын - дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын баланың күш - қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсінігі де қалыптасады.
Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан ұрпақ тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар. Ұлттық ойынды ата-бабамыздан бізге жеткен, өткеніміз бен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп қараған жөн. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген-білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды.
Демек, ойын баланың жан - жақты жарасымды тәрбиелеудегі психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын - баланы жасытпай оқытуға, балалардың бойында сенімсіздік комплекстерін жоюға, баланың өзін-өзі тануына, жеке тұлғалыққа, дарындылыққа, жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеудің негізгі құралы.
Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ
Бастауыш класс мұғалімі
Маулетова Нұргүл Шарменқызы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz