Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Мәтін түрлері
№2 мектеп – гимназия
Тақырыбы:
Мәтін түрлері
(ашық сабақ)
Өткізген: Махатова Ж
Шалқар қаласы
2010жыл
Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері
Мақсаты:
Біліміділік: Оқушылардың мәтін туралы ұғымдарын кеңейтіп, мәтін, жұмбақтар
құрастыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін, есте сақтауын,сөйлеу тілін
дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұйымшылдыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап,интерактивті оқыту.
Көрнекілігі: Тірек-сызба, сюжетті суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
109-жаттығу. Жұмбақ құрастыру
Арқасында екі тау,
өзі үлкен, бір отау.
(түйе)
Таңда, түсте де,
Күнге басын бұрады
Кеш түссе, жерге басын бұғады.
(күнбағыс)
ІІІ. Өткен сабақтар бойынша сұрақтар беру.
1. Сөз таптары дегеніміз не?
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
3. Буын, дыбыс үндестігі дегеніміз не?
ІV. Жаңа сабақ
[pic]
Балалар, мен қазір оқимын, бері қараңыздар.
- Не оқыдым (мәтін)
Мараттың анасы-мұғалима. Ол да
Марат тәрізді оқиды, жазады. Әрине,
Марат үй тапсырмасын күндіз орындап
қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін
отырады.
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер? (сөйлемдер мағына жағынан байланысып
тұрады)
- Мәтін деген не?
- Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма? (жоқ)
- Мәтіннің қандай түрлері бар?
Лашын
Лашын-жыртқыш құс. Оның арқасы
көк сұр. Ал алқымы ақ сұрлау болып
келеді. Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара.
Қанаты ұзын және сүйір.
Жұмбақ
Ине бел, қылқа мойын қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр
- Мәтін неше бөліктен тұрады?
- Тақырып дегеніміз не?
- Мәтіндегі негізгі ой деген не?
Тақтамен жұмыс
112-жаттығу
Кірпіштен үй салу адамдарға неліктен ұнағанын дәлелде.
Өзбетімен жұмыс
114-жаттығу
Бақа құрлықта да, суда да тіршілік етеді сондықтан оны ғалымдар
қосмекенді деп атайды. Жасыл құрбақа Қазақстанда кең тараған. Ал улы Ага
деген бақа Америкада кең тараған. Қызыл аяқ бақа, сүйіртұмсық көлбақа,
қызыл бауыр шұбар бақа, аната құрбақа түрлері.
[pic]
Шығармашылық жұмыс
Бақаның суретіне қарап жұмбақ құрастыру.
Тарпаң-тарпаң тарбиған
Түрі жаман жарбиған. (бақа)
[pic]
Ой сергіту сәті.
Жұмбақтар
Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай. (құмырсқа)
[pic]
Шидиген ұзын сирағы
Тастай керең құлағы
Сөйтіп, жүріп көп жерге
Аспалы торлар құрад ы. (Өрмекші)
[pic]
116-жаттығу
Өзің қалаған аңды немесе төрт түліктің бірін сипаттап жаз.
Ойлап тап:
Таңдайымнан дәмі оның жыл бойына қалмаған.
Білсең, қане, айта ғой
Не жасайды...?(алмадан)
Кіп-кішкене болса да
Ағаштың басын иеді
Жемістерден айырып
Танисың ба....? (шиені)
Бекіту:
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін түрлері дегеніміз не?
Үйге: 113-жаттығу
Бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz