Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған психопрофилактикалық тренинг: көңіл-күйді көтеру және қимыл-қозғалыс икемдігін дамыту

Тақырыбы: Үміт кемесі / мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс/

Күні: 26/03/2012

Сабақтың мақсаты: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, қызығушылығын артыру

Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ

Өту әдісі: тренинг

І. Ұйымдастыру

Балалар дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге күлімдеп, жақсы тілектер айтамыз.

ІІ. Жаттығу. Мен кіммін.

Оқушылар алдымыздағы қағазды алып, ортасынан бүктеп, бүктелген жағынан ұстап қолымызбен қиып адам бейнесін жайсаймыз.

Басына өз есімдеріңізді жазыңыздар, оң қолына жақсы мінезіңіз, сол қолыңызға керісінше жағымсыз мінезіңіз, сол аяғыңызға ұнататын түсіңіз, оң аяғына жақсы көретін адамыңыз, ортасына арманыңызды жазыңыздар. / оқып таныстыру/

ІІІ. Тренинг.

Қар жауып тұр. Бетіміз су болды. Бетіміздегі суды сүртеміз. Бетімізге массаж жасаймыз.

Енді үстіміздегі қарды түсіреміз, қағамыз. Аяғымыздағы қарды қағамыз. Топ-Топ.

Жерден қарды аламыз, домалатамыз. Енді алысқа оң қолмен лақтырамыз. Қайта жерден қарды аламыз, қолмен домалатамыз. Енді алысқа лақтырамыз.

/мұндағы мақсат: беттегі нүктелерге әсер ету, оң қол, сол қолды ажыратуға үйрету, саусақтың, буынның қимылдарын қатайту/

  • Рахмет балалар, партамызға отырамыз.

ІҮ. Тапсырма «Өзіңнің бойыңдағы бағалы қасиеттерді сөйлемді аяқтау арқылы жаз»

Мен алаңдаймын . . .

Мен көмектесемін . . . \

Мен мойындаймын . . .

Мен қабілеттімін . . .

Мен жақсы істей аламын . . .

Мен өкпелеймін . . .

Мен ренжимін . . .

Мен ашуланамын . . .

Маған ұнайды . . .

Мен өзіме ризамын . . .

Рефлексия: Сөйлемді аяқтау қиын болды ма?

Ү. Жаттығу.

Оқушылар орнымыздан тұраып, жаттығу орындайық. Еңкейіп тұрыңыз, бастарыңызды солға бұрып дем алып, оңға бұрып шағарасыздар. Жаттығу 6 рет жасалады.

ҮІ. Тапсырма. «Ағаш» қағаз бетіне өздеріңіз ұнататын ағаштың суретін салыңыздар.

ҮІІ. «Өз жұлдызыңды тап» қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
Менің қолымнан бәрі де келеді: мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған тренинг бағдарламасы
Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг: көңіл-күйді көтеру және ұжымды біріктіру
Мұғалілерге арналған тренинг: психологиялық көңіл-күйді көтеру және сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру
Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг: көңіл-күйді көтеру, жүйке жүйесін тынықтыру және интерактивті формаларға дайындық
Оқушыларға арналған психологиялық-тәрбиелік тренинг: көңіл-күйді жақсарту, өзін-өзі тану және топтық қарым-қатынас
Релаксациялық тренинг: Ақсу-Жабағылыға елестету арқылы көңіл-күйді көтеру және баланың тілдік-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру әдістері
Күлкі мен көңіл-күйдің рөлі: оқушыларға арналған тренинг-сабақ
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен мектеп психологінің негізгі жұмыс бағыттары
Әлеуметтік педагогтың мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысы: инклюзивті білім беру тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде ата-ананың рөлі және отбасының психоәлеуметтік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz