Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Құрметті жастар
Жастарды қылмысқа баулитын не?
(Пікірталас)
Мақсаты: "Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?" тақырыбында оқушылардың пікірін білу, талқыға салу, қылмыстың алдын алу үшін қандай іс-шаралар жасау керек деген мәселелерді ортаға салу арқылы бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.
Қатысушылар: Жоғары сынып оқушылары және мұғалімдер!
Мұғалім: Еліміздің төл конститутциясында Қазақстан Республиксын құқықтық мемекет деп жариялағаны баршаға мәлім. Құқықтық мемлекет құру жастардан басталады өйткені болашақ солардың қолында.
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деген аталы сөзді халқымыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымызда 13 жастағы баланы отау иесі деп атайды. Ал, қазіргі Қазақстан республикасының Ата заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
8 жаста кәмелеттік кезең басталады. Жастардың сайлау, өз мүлкіне дербес иелік ету, неке қатынасына тұру, қалыпты еңбек қызметімен айналысқан кезде тиісті жауапкершілік құқығы пайда болады.
Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалар мен бала кезінен танысуы қажет.
Құқық қағидалары:
1. Әлеуметтік бостандық;
2. Адамгершілік;
3. Демократизм;
4. Теңдік:
Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай-сана сезімдерін қалыптастыру қажет. Азаматтың міндеті заң талаптарын бұзбау, екінші жағына өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз-өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдылығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі-қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ал енді бүгінгі пікірталасқа 8-9-10-11 сынып оқушылары "Жас өспірімділерді қылмысқа баулитын не?" деген тақырыпта өз пікірлерін ортаға салмақ.
Тәтті өмір қызығушылық, жігерсіздік пен жалаң еліктеушілік көптеген жасөспірімдерді қылмыс жасауға итермелеуде.
Жасөспірімдердің теріс қылық жасаушыларының себебі неде?
Жастар арасында қылмыстың алдын алуда жеткіліксіздік танытып отырған қандай факторлар?
Сөз кезегі оқушыларда:
1-оқушы: -Біздің ойымызша жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін ол, зиянды әдеттер.
Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі түрлі қызмет атқарады. Оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу, бірі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп зиянды әдеттерге ұрындырмай, тұлға ретінде қалыптастыру. Бала отбасынан жақсы, жаман қылықты да сіңіреді. Баланы жақсы тәрбиелеу, зиянды әдеттерден аулақ, ұстау ата-ана парызы. Халық даналығына назар аударсақ ол былай дейді: Егер сен жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле". Егер бала есейгенде зиянды әдеттерге құштар болатын болса, ол оның тәрбиеленбеуі. Осындай дұрыс тәрбиеленбеу, еліктеу нәтижесінде көп балалар зиянды әдеттерге: ішімдікке салыну, есірткі әсерінен естен тану, өміріңді өксітетін шылым шегу тәрізді жат қылықтар жатады. Осындай еліктіретін зиянды әдеттер әсерінен әр түрлі қылмыстарға бару, темір тордың ар жағына түсу сияқты жәйттер болады. Біз 2030 жылдары Азия барысына айналамыз дедік. Ал жастарымыз болса арақ ішіп, есірткі егіп, көшеде шалқып жүргеніне мәз. Естен тандырар есірткі әсерінен әбден уланған жастар саны алдыңғы жылдарға қарағанда көбейіп барады. Жастарымыз қызық көріп еккен есірткі әсерінен есінен танып, не істеп қойғанын білмейді. Ессіздіктің еншісі есірткі екенін әлі түсінбейтіндер де бар. Осындай әрекеттерден оқыс оқиғаларда туындайды.
-Осындай оқиғаларға байланысты мен оқушыларға газет беттерінен оқыған жағдайды оқушыларға айтып берейін.
Нұрлан атты Алматы қаласындағы студент бала былай деп жазыпты: "Бір күні наркодиспансер бөліміне бардық. Қайран Аманжол! Уақында иығына төгілетін аттың жалындай қайратты шаштарына кім көрінген қызығушы еді. Енді ше? Басы тап-тақыр, сүйріктей саусақтары дір-дір етеді. Көзінің алды көгіс тартып, есеңгіреп отыр. Арманшыл баланы танымадым. Түкке тұрғысыз сөздері айтып жанымды шошытты. Болмайтын нәрсеге қарқылдап жарты сағат күлді. Мен сонда нашақордың ақылы азып, сандырақ күйге түсетінін ұқтым. Ол емделіп келді. Бірақ Аманжол анашамен арасын мәңгілікке бөле алмапты. Ақыры не болды? Үйдегі затты жымқырып, сатып жіберу, анасының әмиянын тазарту, әкесінің қалтасына қол салу, қарсыласқанды соққыға жығу, дене жарақатын салу. Қазір Аманжолдың ата-ансы бір бөлмелі лашық үйде, қала шетінде тұрып жатыр. Бұрынырақтағы олардың қала төріндегі төрт бөлмелі үйі қандай еді? Ең қиналатыны, тума дарын иесі Аманжолдың жүрегі енді ән салмайтын секілді. Бір шаңырақтың асылы еді, амал нешік, масыл болды. Көше балаларына көзсіз еріп, олардың айтқанын жасаудың арты қасіретке айналды. Мінеки, мықты пионист болатын бала еліктеу нәтижесінде есірткінің айықпас ауруына кезікті.
Балалар, сендер де бір сәтке ойланып көріңдерші".
2-оқушы: Менің ойымша, жасөспірімді қылмысқа итермелейтін нәрсе әлеуметтік жағдай немесе қиын тұрмыс.
"Ананың көңілі-бала да, баланың көңілі-далада" демекші, бала есейген сайын айналасына тереңірек көз тастайтыны белгілі. Яғни, мен неге қатарымнан қалуым керек деген түсінік пайда болады. Тұрмыстағы мәселелер ең біріншіден ақшаға келіп тіреледі десем артық айтпайтын шығармын. Көп жағдайда әлеуметтік жағдайдың қиындығы бастарын шырмап алған ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Тіпті, кейде қылмысқа баруға өздері итермелейтін жәйттердің болғанын баспа сөз беттерінен оқыпта жүрміз. Бұл деген сұмдық қой. Сондықтанда болашақта әлеуеттілікке жеткізетін бірден-бір сара жол -білім, ақыл, жігерлілік, және еңбекқорлық дегім келеді. Қиындықтың бәрі ауқытша екенін естен шығармаңдар, балалар!
3-оқушы:-Менің айтпағым отбысындағы ата-ана тәрбиесінің жеткіліксіздігі бала болашағына балта шабумен бірдей.
Бала, жас өскін, ол әрбір ата-ананың үмітін артқан ұрпағы. Ол шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ата-анасының қамқорлығында болады. Олай болатын болса, не себепті бала жаман жолға түседі? Оны жаман әдеттерге итермелейтін кім? Оның себептері, әрине көп-ақ. Көп жағдайда ата-анасының баласына уақыты аз бөлуінен, үйдегі болатын кикілжің немесе отбасындағы ақша мәселелерінің туындауы. Бұл әрбір жанұяда болатын заңдылық деп есептеймін. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Баланың әлсіздігі: еліктеушілік, біреудің айтқанына сену, көзбен көре тұра сол жаман қасиетке өзін итермелеуі және т.с.с. Әрбір ата-ана баласына жаман әдеттердің әкелетін зардаптарын жастайынан ұғындырған дұрыс, өйткені бала есейген кезде тым кеш қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да баланы жастайынан спортқа, өнерге, білімге, құштар болуға мүмкіндік жасап, болашақ та үлкен азамат болып, өсуіне зор ықпал жасауға тиіс. Мен өз қатарластарыма айтарым: ата-анаңды құрметте, кісіні өлтірме, жалған куәлік берме, біреуге жала жаппа, өзге кісіні күндеме, күншіл болма, қызғаншақ болма. Егер де сен сол қағидаларды есіңе алып жүрсең ешқандай қылмысқа да, қырсыққа да, ұшырамайтының анық деп нық сеніммен айта аламын.
4-оқушы: Оқушы жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық жасаушыларын батырлыққа, ерлікке бағалап, олардың сондай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауына ықпалы көбірек болып отырғаны Бұқаралық ақпарат көздері екені баршамызға мәлім.
Ақпарат құралдары болғанда да, жеке меншік ақпарат құралдары-тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер мен қылмыстық хроникалар көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған жекеменшік телестудиялар болып отыр. Ал, жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал, естігенін тез қабылдайды. Сондықтан, телеарналардан үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағысыз мәліметтер жастардың нәзік көңілін жаулап алып, олардың санасына қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде.
Ең өкініштісі қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде, сонымен бірге басқа да өңірлерде апиын шегушілер мен қолданушылардың саны өте жоғары. Жасөспірім балалар осы залалға тартылып отыр.
Кеңес заманында кез келген қылмыстық әрекет баспасөзде жарияланып, пікірталас туғызатын.
Қорыта айтқанда, жастардың арасында адамгершілік-құқықтық насихат жұмыстарын барынша пәрменді түрде жүргізе отырып, оларды құқық негіздерімен қаруландыру, құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру қажет-ақ.
Елбасымыз Н. Ә.Назарбаев "Бізді жастарымызға мақсаткерлік, Болашаққа деген шүбасыз сенім, мойымас жігер, кез-келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән" дейді. Шынымен де жастарымызға құлшыныс, көкейлерінде үміт бар ма? Бұл жастар ХХІ ғасыр жастарына не үндеу тастай алады?
Мен ХХІ ғасыр жастарын темекі, алкаголь, есірткіден алшақ жүріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырамын.
Мен ХХІ ғасыр жастарын бірлік пен ынтымаққа, ерінбей еңбек етуге шақырамын.
Мен ХХІ ғасыр жастарын болашаққа бастар жол білімділікке шақырамын.
Мен ХХІ ғасыр жастарын әділетті қоғам құруға атсалысуға шақырамын.
Бәріміз бірге: -Біз, жастар, мемлекетіміздің өркендеуіне ат салысайық!
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біз мектеп оқушыларының аз да болса маңызды үлкен еңбектерінің бір бөлігіне куә болдық.
Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азаматтың тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз деген ой-санасын:
-мен өамшыласам;
-сіз баптасаңыз;
-ол қанат қақтырса, біздің бәрімізге ортақ арман орындалмай ма? ендеше іске сәт.
Құрметті жастар. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. "Тәрбиелі -тәртіптің құлы" -демекші, барлығыңыз тәрбиесі мен білімі ұштасқан азамат болып өсе беріңіздер.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz