Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту


Мақсаты:
1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке,
әдептлікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман
әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Әдеп тәсілдері: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: адамгершілікке байланысты суреттер, өсиет сөздер, мақалдар.
Шараның өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды тәрбие сағатына даярлау.
2. Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

ІІ.Кіріспе бөлім.
1. Сұрақтар беру.
- Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір
үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.
- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
- Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.
- Автобуста не троллейбуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
- Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен сіз деп сөйлесу керек.
- Сонда әдептілік деген не?
- Ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың
ережелері.Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік
жатады.Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата –
анаңның өз Отанынның мақтанышы боласың.
ІІІ.Негізгі бөлім.
1.Ақыл әліппесі.

1-оқушы:
Ата – ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адалдықтың белгісі,
Адал болып өскенің.
2-оқушы:
Әдептілік дегенің,
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре, сараң әлегің.
3-оқушы:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
4-оқушы:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
5-оқушы:
Әдептілік әлемі,
Атам маған әманда.
Кішіпейіл бол деген,
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
6-оқушы:
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
3-оқушы:
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлем деп қол берем.
8-оқушы:
Көршілерді көргенде,
Сыйлап сәлем беремін.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

2.Сәлемдесу түрлерін атау:
- Сәлеметсіз бе?
- Армысыз, әже?
- Ассалаумағалеукум, ата?
- Амансыз ба?
Сәлемдесу түрлеріне көрініс көрсету.

«Сәлем бере білейік.»

Сәлеметсіз бе? Есенсіз бе? Амансыз ба?

Сәлемдесу

Асаалаумағалейкум Сәлем бердік

3.Әдепті бала қандай болу керек? /Оқушылар арасында пікірталас жүргізу/

4. «Жалғастыр» ойыны
Не істеуге болмайды?
Үлкендердің алдынан ......
Құстарды ......... болмайды
Кішкене баланы ........
Қыз баланы ............
Оқулықты ..............
Сыныпта .................

5.Мақал – мәтелдер жарысы

Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.

Сәлем –сөздің анасы,
Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені.

«Сіз» деген - әдеп
«Біз» деген көмек.

Әдепті бала
Ата – анасын мақтатар.
Әдепсіз бала
Ата – анасын қақсатар.

6.Көрініс «Дүниеде не қымбат?»

7. Әдептілік белгілері

Шыншыл, инабатты
тәртіпті
әділ

Әдептілік белгілері

Кішіпейіл ұқыпты әдепті

8. Тәрбие сағатын қорыту
Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі,
адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар.Әр адам өзінің
ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті,
инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ.Егер сендер бала күніңнен әдепті
тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы
боласыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Аулақ бол, жаман әдеттен
Әдептілік – әдемілік
Адамның ақылы қайда
Әдептілік-әдемілік 2 сынып
Кішкене баланы
Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік- өміріңнің қас жауы
Әдепті бала кім
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту
Әдептіліктен озбайық
"Әдептілік"
Пәндер