Тіл және сөйлеу

Қазақ тілі
М. М. Измуханова
№ 54 мектеп-лицей
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу
Сабақтың мақсаты: а) Тіл -адамзат баласының аса маңызды қатынас құралы. Тіл-әр халықтың қымбат қазынасы. Тіл-елдің мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін анықтайтын құрал. Адамның іс-әрекетіне, сезіміне сөйлеудің жасайтын ықпалы
ә) Баланың зердесін ашу үшін рухани асыл қазыналарды, ұлттық таным- тәлімді бойға сіңірту. Баланың тілін ашу, сөйлеу мәнерін дамыту.
б) Парасатты түйсік пен мінез-құлық. ынта, ықылас, өнерге, өмірге эмоционалды қатынас қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа (Абай өлеңі), сөз құдіреті туралы халық даналығы, топшамалар, қазақ тілі туралы ғалымдардың ой-пікірлері.
Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру
2. өткен тақырыпты пысықтау
А) Жансызды-жанды етеді
- Жұлым-жұлым етікті,
Жамап тікті . . .
-Бүркітімен . . . ,
Бір топ қазды үркітті
Кім де болса:
Найзаны,
Жансыз затқа балайды-
Ал жалғанса «кер» мен «гер»,
Найза болар- . . . ,
Айла болар- . . .
Оқушылармен сөз мағынасын өзгертетін жұрнақ түрлерін атау( паз, бегі, кес, көс, гөй) жұрнақтың сөз тудырушы, әрі сөз түрлендіруші қызмет атқаратынын пайымдау.
Айтылуы бір,
Жазылуы бөлек сөздер
Оқушылардың мәлеметтері:
Қайыпбайдың ерке баласы,
Жейтіні тек қант пен бал - асы
Тұр уылжып жемістер,
Тер сіңіріп,
Жеміс тер
Ұқсас сөздер
Үй салайық сәнді, кең,
Топырақ үй алдымен.
«Мая-мая, маяны,
Күтімдемей бола ма?»
Інген мен маяны
Қамадым тас қораға
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Жұмбақ оқу :
Шіңгір, шіңгір етеді,
Шіңгірлеп кіріп кетеді
Апан-апан,
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз
Оқушылардың жауабы тыңдалып, жұмбақ шешуін қалай тапқандығы туралы сұрау:
- Жануарлардың түр-сипаты сөзбен бейнеленіп, сипатталған . Демек, біз бір-бірімізді сөз арқылы, сөйлеу арқылы ұғыстық.
- Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
- Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады.
- Адамзат тілінің шығуы өте ерте заманнан басталады. Алғашқы кезде топтасқан ұжымдар бірлесіп еңбек етудің артықшылығын сезіне бастаған. Еңбектене отырып, тағы бір қажеттілікті сезіне бастаған. Ол бір-біріне бірдеңе айту, бірін-бірі ұғысуға талпыну. Осы қажеттіліктен келіп тіл шыққан.
58-жаттығу Мәтінді түсініп оқу. Мәтінге ат қою.
Мәтінде бір дана қария баласына қымбат қазына қалдырды. Бұл қымбат қазына -тіл.
-«Саған мұра етіп қалдырған қымбат қазынасы- тіл» деп, қария аталы сөздің шешуін айтыпты.
- Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?
- Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тіл. Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы- тіл арқылы жететін өнер-білім, мәдениет, ғылым, өткен-кеткен тарих, ата-баба дәстүрі.
Тіл туралы халық мақал-мәтелдер:
- Өнер алды- қызыл тіл
- Сөзден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан жүйрік жоқ
- Сөз қадірін айтқан білер,
Жол қадірін жортқан білер.
- Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
Қазақ тілі
Әр халықтың тілі- өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де - алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
Өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымы А. Жорри де Манси . «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деген. Татар ғалымы А. Саади қазақ тілі жөнінде : «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да қазақ тілі және қазақ әдебиеті» - деп атап көрсеткен.
Мәтіннен тілге қатысты теңеу сөздерді табу. Ғалымдардың қазақ тіліне берген бағаларын еске сақтау.
Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі және қолдану аясы туралы ой-пікірлерін сұрау
. . . Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас . . . -деп, ұлы ақын Абай сөз құдіретін аса жоғары бағалаған. Сөздің тәрбиелік мәні өте зор . Бір ауыз сөз адамды асқақтатса, бір сөз адамды жасытады, немесе адамды ұялтып жатады, ал бір сөзбен өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауға мәжбүрлейді.
Сыныпты үш топқа бөліп, әр топқа мәтіндерді тарату. Әңгімелердегі негізгі ойды табу, көшіріп жазу, кейіпкерлердің сезіміне, іс-әрекетіне сөйлеудің ықпалын түсіндіру.
- «Екі дос»
- «Төзім
- «Алғашқы жауын жауғанша»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz