Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Санды өрнектің мәнін табу

Математика
М. М. Измуханова
№54 мектеп-лицей
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты: а) санды және әріпті өрнектер құру, оқу, салыстыру, мәнін табу мәселелерін пысықтау .
б) Басқа жазулардан өрнектерді ажырата білу;өрнектерді мәнді белгісіне қарай топтарға бөлу , санды өрнекті құру, оқу. Санды өрнектің мәнін табу. Тік төртбұрыштың периметрін , жарты периметрін табуға, есептер шығаруға өрнектер қатысы. Бірнеше амалдар араласып келетін санды өрнектерді амалдар орындалу тәртібі заңдылығына сүйеніп орындау.
білік-дағдыларын дамыту
в) Оуқшылардың есте сақтау, зейін, қисынды ойлау қабілетін тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар. кестелер,
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру
2. өткенді иысықтау

1. <<Кім жүйрік?>> сайысы. Мақсаты: Шамаларды өрнектеуде оқушылардың есептеу шапшаңдығын дамыту

2 апта 2күн= 3апта5күн = 4апта 2күн=
2тәул.4сағ= 4тәул.6сағ = 3тәул.4сағ=
4м4см= 5м6см = 8м4см=
5км28м= 6км33м = 7км14м=
6т56кг= 7т24кг = 6т23кг=
4ц 6кг= 6ц4к=- 5ц3кг=

2. Есеп шығарып, өрнек құру. Өрнек түрлерін ажырату;
а) Дәптердің бағасы 6тг, ал қаламның бағасы одан 4 есе артық Екеуінің бағасы қанша тұрады?
в) Тәрелкенің бағасы k теңге тұрады. Шәйнек одан 3 есе артық тұрады. Екеуінің бағасы қанша тұрады?
Тапсырма: Екі есептің мәндерін салыстыру. Қай есептің мәнін табу мүмкіндігі бар?
Санды және әріпті өрнектердің айырмашылығы мен ұқсастығын оқушылармен талдау.

Сергіту сәті: Ненің бойы отырғанда ұзарады?
Екі қарға қарама-қарсы бағытқа қарап отыр. Бірақ бір-бірін көріп отыр.
Бұл қалай?
Теректе 26 алма өсіп тұр Жел тұрып, үшеуі жерге түсті. Қанша алма қалды?

3. Оқулықпен жұмыс: №1 жаттығу
Тапсырма: Санды, әріпті және санды теңсіздік пен теңдеуді бөліп жазу:
А+5 45-а=13-9 27> 12:4
72:а=24:3 52-а 75-а=18:9
19<20+9х2 42-15 56+14
Оқуышлармен тапсырманы талдау: Теңдеу дегеніміз не?
Санды өрнектің мәнін табуға бола ма?
Әріпті өрнектің мәнін ше?
Оқушылардың жауабын бағалау.

4. Математикалық диктант.
60 пен 2-нің қосындысын 30-ға кеміт
900-ден 45 пен 33-тің қосындысын азайт
69- дың 3-ке бөліндісін 30-ға арттыр
1. Өрнектердің оқылуы мен амалдар орындалуына назар аудару керек.

5. Деңгейлік тапсырма:Өрнектер бойынша есеп құру, шығару
1-топ : 62-14
2-топ: 70-12х3
3-ші топ: 30х6+16х5

6. Тік төртбұрыштың Р-ін, жарты Р-ін табуға арналған санды өрнектің мәнін табуға арналған жаттығулар
Тік төртбұрыштың периметрі неге тең? - Барлық қабырғалардың ұзындықтарының қосындысына тең.
Жарты пеример неге тең? - Іргелес қабырғалардың қосындысына тең
а) 3дм-7дм; 5дм+х дм
в) 8дм+8дм; а дм+а дм
2х8дм; 2ха дм
Оқушылармен қорытындылау: Тік төртбұрыштың Р-ін. жарты Р-ін өрнек түрінде жаздық.

7. Сергіту сәті: Фигураларды Тор сызықтары арқылы 3 бірдей бөліктерге бөл



Шешуі: Алдымен фигура неше шаршыдан тұратындығын санап ал.Үш бөлігінде бірдей шаршылар шығатын болсын.
8. Есеп шарты арқылы есеп құрастыру, шығару.
4 кг. картоп- 64 тг
40 кг. картоп-?тг
Есепті талдау: Заттың саны, құны белгілі, заттың бағасы белгісіз.
Ш. 64:4=16тг ( 1кг. картоптың бағасы) 40х16= 40х10+40х6=640
Ж: 40 кг. картоп тг 640 тұрады.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта санды және әріпті өрнекті мәніне қарай топқа бөлу, оқу, құру,салыстыру сияқты жұмыстар жасадық. Бірнеше амал бар амалдарды орындау тәртібі негізделген санды өрнек шығару жолын пысыөтадық. Тік төртбұрыштың Р-н, жарты р-н өрнек түрінде жаздық.

Ұқсас жұмыстар
Санды және әріпті өрнектер
Санның натурал сандар
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Әріпті өрнектің мәнін табу
Сәтті сауда
Әріпті өрнектермен жұмыс жасау
Санды өрнектер. әріпті өрнектер
Рационал сандарды сөбейту
Қайталау – білім анасы Оқушылардың алған білімдерін , іскерліктері мен дағдылары
Сызықтық алгоритмді программалау. қысқа мерзімді жоспар. 7- сынып
Пәндер