Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып - тыныш
Менің қаламдағы күз
Измуханова М.М
№ 54 мектеп- лицей
Астана қаласы
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз де келді. Күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау - бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.
Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр.
<<Бр-р...>> Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. <<Ух, қандай суық еді!..>>
Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып- тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр- судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай.Інім сары жапыраққа алақанын тосты. <<Қап, тесіліп қапты!>> деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің <<үстеріңді лас қылмаңдар!>> дегенін ұмытып, жұп- жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық.
Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте- бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі- ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті.
Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қақылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар күзді <<жаңбырлы күз>>, <<суық күз>>, <<қара күз>> деп, айыптап жатады. Ал біз <<алтын күз>> дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz