8-сынып: магнит өрісі мен күш сызықтары - тұрақты магниттер, тоғы бар өткізгіштер және Жер мен Күннің магнит өрісі

Сабақ жоспары 05. 03. 2011ж. 8а сынып
Сабақ тақырыбы: магнит өрісі, күш сызықтары
Сабақ мақсаты:
- Білімділік - Оқушылардың магнит өрісі, күш сызықтары, тұрақты және тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі туралы теориялық білімдерін қалыптастыру.
- Дамытушылық - Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды, деңгейлік есептер шығару шапшаңдығын жалғастыру және жетілдіру.
- Тәрбиелік - магнит өрісінің географиялық табиғаты және оның қолданылуы, экологиялық проблемалары тұрғысынан білімдерін тереңдету.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту
технологияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, 8 сыныпқа арналған электронды оқулық, карточкалар, плакат. оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ жоспары.
1. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
2. Сабақтың мақсатын қою.
3. Үй тапсырмасын қайталау.
4. Оқылатын материалмен жұмыс:
5. Жаңа материалды тереңдету:
6. Үйге тапсырма.
7. Қорытынды.
1) . Ұйымдастыру, оқушыларды түгендеу.
2) . Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Сұрақ - жауап, деңгейлік есептер және тест негізінде Ом заңы, электр кедергісі, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау токтың жұмысы мен қуаты, әртүрлі ортадағы электр тоғы ұғымдарын қайталау.
3) . Жаңа сабақ
Тұрақты магниттер
Магниттер
Жасанды магниттер
Сабақты бекіту және қорытындылау: Жаңа материалдарды сұрақ - жауап негізінде қайталау.
Үйге тапсырма: VII тарау бойынша қайталай оқу және алған білімдерін тереңдету.